Астана ќаласы №15 лицей м±ѓалімі Єсемова Рауан Сєметќызыныњ


Мәтін арқылы оқушылардың ауызекі сөйлеу тілін дамыту



бет8/11
Дата27.01.2022
өлшемі113 Kb.
#24460
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Мәтін арқылы оқушылардың ауызекі сөйлеу тілін дамыту

Орыс сыныптарында қазақ тілі оқытудың ең негізгі мақсаты – тілді үйрету, яғни оқушы белгілі дәрежеде қазақ тілінде сөйлеу керек, басқаны түсіну керек, оқыған шығарманың мазмүнын түсіну керек, өз ойын басқа адамға жеткізе білу керек. Бұл ушін сабақ барысыдна мәтіндер қолданылады.

Мәтіндерді қолдану мақсаты – балалардың сөздік қорын дамыту, мәтінді талдай білу, сонымен бірге ауыз және жазба тілінің дағдаларын қалыптастыру.

Баланың тілін дамытуда мәтін үлкен орын алады, мәтін балаға білім береді, тілі мен ой-өрісін дамытады және тәрбиелейді.

Мысалы, ауызша да, жазбаша да біз өз ойымызды сөз арқылы емес, негізінде мәтін арқылы жеткіземіз.

Мәтін талдаған кезде келесі талаптарға назар аудару қажет:



  1. Мәтінде тәрбиелік мақсаты болу керек;

  2. Мәтіндерде оқушылардың дүниетанымын кеңейтетін қазақ халқының тарихы, мәдениеті, салт-дәстүрлері, ұлт мейрамдары туралы мағлүмат көбірек болуы тиіс;

  3. Жеңілден қиынға деген дидактиқалық принципіне сәйкес мәтіндер сабақтан сабаққа, сыныптан сыныпқа күрделену тиіс.

Мәтінмен жұмыс 5 түрге бөлінеді:

  1. Мәтінмен танысу (тұсаукесер)

  2. Мәтін негізінде тапсырмалар мен жаттығуларды орындау

  3. Сұхбат құрастыру

  4. Монолог

  5. Бақылау

1.Мәтінмен танысу - мәтінді оқу, жаңа сөздермен танысу, мәтінді аудару, мазмұнымен танысу.

2.Мәтінмен жұмыс істеген кезде мынадай грамматиқалык тапсырмаларды орындауға болады: сөйлемді толықтыру, сөйлемнің мағынасын сақтай отырып сөйлемді жаңадан кұрастыру, сөйлемді кеңейту және қысқарту, антоним мен синонимдерді табу, сөйлемдерге синтаксистіқ талдау жасау.

Мәтінмен жұмыс жасаған кезде инновациялық технологияларын қолданамын, мысалы – интенция. Интенция дегеніміз - сұхбат немесе монолог барысында ситуативтік, эммционалық сөздерді қолдану.

Енді осы бес кезеңге, бес мәселеге нақты тоқталайық,

1) Көркем шығарманы талдаудың алғашқы қадамы-ондғы оқиғаны, оның талдау желісін таныстырудан, ұғымдырудан басталады. Шығармадағы оқиғаны, онық мазмұнын, сюжетін, шығарманың көркемдік ерекшелгін, тілдік шеберлігін, кейіпкерлер бойындағы адамгершілік, сана мен рухани байлығын білмеген, түсінбеген оқушы шығарманы әрі қарай талдауға кірісе алмайды.

Ол үшін мынадай жұмыс істелу қажет:

А)Сөздік жұмысын жүргізу. Мәтінде кездесетін жаңа сөздермен және тірек сөздермен жаттығу жұмыстарын өткізу;

Ә)Мәтіннің мазмұнымен таныстыру (оқушылар өз бетінше оқып, мазмұнымен танысып келеді).





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет