Үйірменің мақсаттары: 1.Білімділік: Абай жас ұрпаққа өмір сүруді үйретіп, оның болашақ өсу, даму жолдарын байқатар басты нәрсе – ғылым деп көрсетеді. Әдепті болуға үйрету жақсылыққа тәрбиелеу болып табылады. Үйрету, үлгі көрсету, жақсыға жанастыру, дағдыландыру, жақсы салтты дәстүрге айналдыру, яғни игілікті іс-әрекетті қалыптастыру. Саналы азамат болып өмір сүру үшін, ғылымды үйреніп, тәлімге тәнті болу керек.Азбайтын, тозбайтын басты байлығымыз – білім мен ғылымды жастардың санасына сіңіру. 2. Дамытушылық: Абай тілінің мағынасын, шеберлігін, тереңдігін түсініп, әдеби тілдік қорда қолданып, сөйлеу тілдерін шыңдау. 3. Тәрбиелік: Ақынның өмірінен, шығармаларынан үлгі-өнеге, тәрбие алып, соны өз болашақтарына жарата білу.Қазақ халқының әдебиеті мен мәдениетін құрметтеу сөз құдіретін түсінуге тәрбиелеу.