МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТІ: мұғалімдердің тәжірибесін жетілдіру және
кәсіби дамуына ықпал ету мақсатында, дарынды және талантты оқушыларды
оқыту бойынша теориялық және практикалық жағынан кәсіби қолдау көрсету.
КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕСІ: бірінші деңгей мұғалімдерінің коучингті тәжірибеде
тиімді қолдана алуды үйренуі.
МАҚСАТТЫ АУДИТОРИЯ: Назарбаев Зияткерлік мектептерінде қолданысқа
енгізілген коучинг жоспарымен танысып, тәжірибеде қолдануға дайындық жасау.
ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ: Таныстырылым, қызығушылықты ояту, мағынаны тану,
топтық жұмыс.
ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАР: компьютер, интерактивтік тақта, постер, маркерлер.
ДИДАКТИКАЛЫҚ МАТЕРИАЛДАР: «Дарынды және талантты балалардың
ерекшеліктері» теориялық нұсқаулар, «Дарынды және талантты балалар»
видеобейне.