Ата-аналар жиналысы: Тақырыбы: Баланың балабақшаға бейімделуі


Ата-ана мен балаға байланысты жағдаяттарды шешу



бет4/4
Дата07.04.2023
өлшемі35,71 Kb.
#80208
1   2   3   4
Байланысты:
баланың балабақшаға бейімделуі

Ата-ана мен балаға байланысты жағдаяттарды шешу.
Үрленген шардың ішінде жағдаяттар жазылған.Сіздер сол шарды жарып,ішіндегі жағдайды оқып, сол жағдайдан шығу жолдарын ұсыныңыздар.
1. Сіз балаңызбен саябақта қыдырып жүріп, өсіп тұрған әдемі гүлдердің біреуін жұлып алдыңыз. Сол кезде балаңыз сізге: «Ана, ол гүлді неге жүлып алдың? олай жасауға болмайды ғой»-деген сөзін естігенде сіз не істейсіз? Балаға қандай жауап қайтарасыз?
2. Сіз балаңызбен аулаға серуендеп, балаңызбен ойнап келуге шықтыңыз. Ойын алаңында сіздің балаңызбен тектес жасар балалар ойнап жүр. Сіздің балаңыз да сол балалардың қастарына ойнауға барды. Бірақ басқа балалар сіздің балаңызды ойынға қоспай тұр. Ал сіздің балаңыз мұңайып, жылап тұр. Сол кезде сіз қандай әрекет етер едіңіз?
Ата-аналардың жауабы.
Барлықтарыңыз білесіздер біз балабақшада бір тәрбие берсек, үйде бала басқа тәрбие алады. Сондықтан да, үйдегі тәрбие мен балабақшадағы тәрбиені ұштастыру үшін біз сіздерден мына сұрақтарға жауап берулеріңізді сұраймыз.
Ол үшін нөмірленген асықтарды сіздер таңдайсыздар, сол нөмірдің сәйкесінше сіздерге сұрақтар қойылады.
1.Егер балаңыз балабақшаға келгісі келмесе, қандай амалдар қолданасыз?
2. Балаңызға жиі-жиі ертегі айтып бересіз бе?
3.Балаңызбен қандай ойындар ойнайсыз?
4.Теледидардан балаларға арналған қандай бағдарламаларды қарайсыздар?
5.Өзіңіздің балалық шағыңыз туралы балаңызға айтасыз ба?
6. Баламен қандай тілде сөйлесесіз?
7.Өзіңіздің бала кезіңіздегі тәрбие мен қазіргі кездің тәрбиесінің айырмашылығы бар ма? Қандай?
8.Бала тәрбиесінде сізге кездескен қиыншылықтар, оны шешудің жолы қандай?
9.Балаңыздың денсаулығына қалай көңіл бөлесіз?
10.Балаға ойыншық алғанда ойланып аласыз ба, әлде кез кеген ойыншықты ала бересіз бе?
Өте жақсы.
Ата –аналар комитетін сайлау.
Сұрақ – жауап алмасу.
Ата-аналар жиналыстан алған әсерін білдіруде.
Өмірдің өтпелі қиын кезеңінде ұл - қыздарымыздың саналы тәрбие мен нақты білім алуларына күш салайық.Балаға жауапкершілікпен қарап,оқыту мен адамгершілікке тәрбиелеуде отбасының басым рөлін мойындап,бірлесе, ынтымақтаса әрекет етуіміз қажет деп бүгінгі жиналысымызды аяқтағалы отырмыз.
Талқыланатын сұрақтар.
-балабақша ережесі
-концелерия
-ата-аналар мәліметін толтыру
-ертеңгіліктер туралы айту
-төлемді уақытында төлеу
-тазалық сақтау
-бала өзімен бірге ойыншықтар әкелмеу.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет