Ата-аналар жиналысы: Тақырыбы: Баланың балабақшаға бейімделуі


Қоршаған ортамен таныстыру



бет3/4
Дата07.04.2023
өлшемі35,71 Kb.
#80208
1   2   3   4
Байланысты:
баланың балабақшаға бейімделуі

Қоршаған ортамен таныстыру:

  • Балаларға қоршаған ортаның алуан түрлі қызметін айқындауға және олардың адам өмірі,табиғат құбылыстары туралы түсініктерін толықтыру.

  • Қоршаған ортадағы құбылыстар мен адамдардың кейбір мамандықтарымен таныстыру.

  • Адам бойындағы қаситеттерді дамыту.

  • Сенсорика:

  • Баланың сенсорлық саласын кеңейту,қабылдауы,назары мен пәндік манипуляциялық іс-әрекетін дамыту.

  • Заттардың ерекше қасиеті ретінде түсті,көлемді,пішінді атап көрсете білуге үйрету.

  • Қатынас саласының базалық мазмұны:

  • Тіл дамыту:

  • Тілің түсіне,баланың бастамашылық және жауап бере білу тілін дамыту.

  • Көркем әдебиет:

  • Көркем шығармаларға қызығушылығын тәрбиелеу.

  • Шығармалардың мазмұнын түсінуге көмектесу.

  • Ертегілер мен әңгіме, тақпақтарды қабылдауға үйрету.

  • Денсаулық саласының базалық мазмұны:

  • Дене шынықтыру:

  • Балалардың денсаулығын нығайту,ағзаны шынықтыру, қимылдың негізгі түрлерін дамыту.

Баланың балабақшаға бейімделуі (баяндама оқу), баланың бейімделуіне байланысты жүргізілетін іс-әрекет
Баланың әлеуметтенуі қашан қайда басталады? Әрине бірінші отбасында және балабақшаға келгенде. Балабақшада таныс емес үлкен адамдармен, балалармен танысады,мінез құлық ережелері мен нормаларын меңгереді. Жаңа жағдайға бала қалай үйренеді? Өкінішке орай балабақшаға бейімделу көбінесе қиын және ауыр өтеді. Бала тамақ ішпейді, ұйықтамайды,балалармен және үлкен адамдармен араласудан бас тартады да, қоршаған ортаға деген қызығушылығы төмендейді, ойыншықтарды ойынға қатыстырмайды. Баланың балабақшаға қиын бейімделу себептері:
-Басқа адамдармен бұрын қалып көрмегендіктен,
- Дәретке өзі отырып үйренбегендіктен.
-Кейбір тағамдарды жеу дағдысы жоқ,мысалы қызылша,орамжапырақ,қатты тамақты шайнап үйренбеген (картоп, нан).
-Балабақшаға келген алғашқы күндері бала 2 сағатқа қалу керек. Көбінесе ата-аналар жұмыс тәртібін айтып,баланы күні бойы балабақшада қалдырады.Осының нәтижесінде күрделі және созылмалы мәселелер пайда болады.
Ата-аналардың балаға эмоцияналдық әсері көбінесе жағдайды қиындатады.
Әр отбасында бейімделудің үш түрі бар.
-жеңіл түрі- баланың мінез- құлығы 10-15 күнде қалпына келеді;
-орташа ауырлық бейімделу- 1 айдың ішінде;
-ауыр бейімделу-2 айдан 6 айға дейін өтеді. Кей жағдайда 11-12 айға дейін.
Қобалжулары қатты ата-аналардың балалары да балабақшаға қиын бейімделеді, өткені ата-анасының қобалжуын көріп,баланың қорқынышы ұлғая бастайды.Осы кезде ата-аналар балаға көмек беруі керек.
Ертеңгілік қоштасуды жеңілдету тәсілдері:
-Баламен тез қоштасып үйреніңіз.Қоштасуды созбаңыз.
Бала сіздің қобалжығаныңызды көріп,тыныштануы ұзаққа созылады.
-Балаңыз сізге сенсін десеңіз,балабақшаға әкеліп,көрінбей қашып кетпеңіз.
-Балаңызға ұнайтын қоштасу рәсімін ойлап табыңыз және соны қатал ұстаныңыз.
-Балабақшаға барғаны үшін жаңа ойыншық сатып алып,балаңызды алдарқатпаңыз.
-Балаға анық түсінік беру керек.
Бір рет болсын баланың дегенін істесеңіз әрі қарай баланы көндіру өте қиынға түседі.
1-3 жастағы балалар үшін балабақшаға бейімделу күрделі құбылыс. Бейімделу уақытында баланың эмоциялық жағдайы көп өзгеріске түседі.
Сондықтан кеңес береміз:
-Үйдегі жағдайды балаңыз келетін топтың күн режимімен бірдей етіп ұйымдастыруға жұмыстаныңыз.
-Балабақшаның тамақтану ас мәзірімен танысып баланың үйдегі тамақтануына балабақшада ішетін тамақтар түрін қосыңыз
-Үйдегі жағдайда баланың өзіне-өзі қызмет етудің алғы шарттарына үйрете беріңіз: жуыну,қолын сүрту,шешіну,өз бетімен тамақтану,тамақ ішкенде қасықты пайдалану,горшокқа сұрану.Киімдері міндетті түрде өзіне ыңғайлы болуы шарт: шалбар не болмаса шорты замоксыз, белдеушесіз.
-Баланың «социалдық көкжиегін» кеңейтіңіз, ауладағы өзімен құрдас балалармен көбірек ойнатыңыз,жолдастарына қонаққа барсын,әжесінде қонуға қалсын т.с.с. Осындай тәжірибе жинақтаған бала өз құрдастары мен үлкендер арасында тез үйренісіп, тіл табысатын болады.
-Баламен жағымды эмоционалдық жағдайлар жасау қажет, ол көбіне ата – ана жағынан болуы қажет,балабақша туралы,оның өзіне керектігін түсіндіріп балаңызды сүйіп,аймалап,жиі оған өз мейіріміңізді көрсетіңіз. Есіңізде болсын Сіз көбірек осындай жылылық білдірсеңіз Сіздің балаңыз балабақшаға тез бейімделеді. Балаңыздың көзінше балабақша туралы өзіңізді толғандыратын мәселені айтудан аулақ болыңыз.
-Жоспарлаңыз, балабақшаға бірінші келген мезгілінде балаңызды бірінші күні – ақ күн ұзағына қалдырмауды. Балабақшаға жаңадан келген балалар алғашқы аптада 3 -4 сағат,одан әрі түске дейін,айдың аяғына таман егер тәрбиеші кеңес берсе күні бойына қалдырылады.
-Кейбір балалар үшін аптаның ортасында жүйкесін тоздырмау үшін «демалыс» алуға болады.
-Бейімделу мерзімінде үйде демалыс кезінде баламен көп шұғылдануды қажет етеді,серуен жасау,күн режимін сақтау,эмоциялық жүктемесін түсіру қажет.
Егер Сіздің балаңыз көпшіл,өз жақындарыңыз бен бірге бөтен адамдарды жатырқамаса,ойын кезінде өздігімен ойнай білсе,мінезі ашық,өз құрдастарымен мейрімді болса балабақшаға келген күннен бастап – ақ үйреніп кететіне сеніңіз.
Баланың балабақшаға барлық бейімделу уақытында психологпен балабақшаның медика – педагогикалық қызметі бақылауға алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет