Ата-аналар жиналысының хаттамасы №1
28.10.2022ж.
Қатысқандар:
Сынып жетекші – Батай Ә.С
Ата-аналар – 6
Хатшы – Жұманова М.
Күн тәртібінде қаралған мәселе:
І тоқсан қорытындысы. /Батай А.С./
Сыныптағы оқушылардың үлгерімі, үздік және екпінді оқушыларды атап өту.
Әртүрлі мәселелер.
Тыңдалды:
Күн тәртібінің бірінші мәселесі бойынша сынып жетекшісі Батай Әсия ата-аналарға І-тоқсанның қорытындысын айтып өтті. І-тоқсанды 4 қыз бала және 2 ұл бала барлығы 6 оқушымен аяқтады. Каллиграфиясы төмен, оқу шапшаңдығы төмен оқушылар жоқ.
Күн тәртібінің екінші мәселесі бойынша сынып жетекшісі: Батай Әсия ата-аналарға оқушылардың үлгерімі туралы айтты. Үздік-1 оқушы, екпінді-4 оқушы, 1 оқушы қанағаттанарлық деп атап өтті.
Күн тәртібінің үшінші мәселесі бойынша ата-аналарға оқу бағдарламасы, оқулықтар, кітап, дәптермен жұмыс жүргізілуі туралы айтылды. Оқулықтарды таза ұстау, қаптап, күнделіктерін толытырып жүру тапсырылды.
Қаулы:
І-тоқсан қорытындысы «қанағаттанарлық» деп табылсын.
І-тоқсан қорытындысы бойынша ата-аналарға үйдегі уақытта балаларының сабақтарын қадағалау жүктелсін.
Оқушылардың мектептегі оқу үлгерімін, тәртібін қадағалау сынып жетекшісіне жүктелсін.
Жиналыс төрайымы: Әсия Батай
Хатшы: Мөлдір Жұманова
Ата-аналар жиналысының хаттамасы №2
05.01.2022ж.
Қатысқандар:
Сынып жетекші – Батай Ә.С
Ата-аналар – 6
Хатшы – Қ. Аккулова.
Күн тәртібінде қаралған мәселе:
ІІ тоқсан қорытындысы. /Батай Ә.С/
Дөңгелек үстел: «Мен және менің балам». / Батай Ә.С/
Әртүрлі мәселелер.
Тыңдалды:
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша сынып жетекшісі Батай Әсия ІІ тоқсан қорытындысымен ата-аналарды таныстырып өтті. Сыныпта 6 оқушы бар, олардың 4 қыз бала, 2 ұл бала. ІІ тоқсанның қорытындысын айтып өтті.ІІ тоқсан бойынша оқушылардың білім деңгейі айтылды.
Күн тәртібінің екінші мәселесі бойынша ата –аналармен «Мен және менің балам» атты дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелдің мақсаты: Бала тәрбиесінде ата-ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіре отырып, ата-аналарға өз баласының ерекшелігін білуге, оның жан дүниесін түсінуге, ата-ана бойына өздерін тәрбиеші әрі мұғалім ретінде қарауға жауапкершілігін арттыру. Дөңгелек үстелге ата-аналар белсене қатысты.
Күн тәртібінің үшінші мәселесі бойынша әр түрлі мәселелер қозғалды. Ата-аналарға оқушылардың мектеп формасын, тазалығын, сабағын, мектепке келіп-кетуін қадағалау туралы айтылды.
Достарыңызбен бөлісу: |