Сөз сөйлегендер:
Ата-ана Гүлфариза:
Әсия ханымның өткізген дөңгелек үстелі өте қызықты өтті. Дөңгелек үстел жақсы деңгейде өтті. Қызықты тренингтер ұйымдастырылып, баламызды сипап сезу арқылы танып, сурет салып көңіліміз бір көтеріліп қалды. Осындай дөңгелек үстелдер жиі өткізіліп тұрса деген тілек білдіреміз. Сонымен қатар қызым Эльвираның сабағын үйдегі уақытта қадағалап отырамын.
Ата-ана Дархан:
Дөңгелек үстел мағанда ұнады. Енді алдағы уақытта баламмен папасы ретінде емес, досы ретінде қарым-қатынас жасауға тырысамын.Ұлым Мейіржанның математикадан есеп шығаруда көп қателіктер жіберетінін білемін. Қосымшаға беріпте жүрміз.
Шешім:
ІІ тоқсан қорытындысы «қанағаттанарлық» деп табылсын.
Отбасындағы ата-анамен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту ата-анаға жүктелсін.
Оқушылардың сабақ үлгерімі, тәртібі, тазалығын қадағалап отыру сынып жетекшісі мен ата-аналарға жүктелсін.
Жиналыс төрайымы: Батай Ә.С
Хатшы: Жұманова М
Ата-аналар жиналысының хаттамасы №4
02.04.2018ж. Жаңаөзен қаласы
Қатысқандар:
Сынып жетекші – Ж.Құдабаева
Ата-аналар – 15
Хатшы – Қ.Аккулова
Күн тәртібінде қаралған мәселе:
ІІІ тоқсан қорытындысы. /Құдабаева Ж.Б./
Баяндама «Бала тәрбиесі баршаға ортақ». /Құдабаева Ж.Б./
Әртүрлі мәселелер.
Тыңдалды:
Күн тәртібінің бірінші мәселесі бойынша сынып жетекші Ж.Құдабаева ІІІ тоқсан қорытындысымен таныстырды. ІІІ тоқсан қорытындысы бойынша сынып сапасы 48%-ды көрсетті. Сыныпта 3 үздік Қонақбай Арай, Оңдасын Каусар, Амандық Ақмерей болды. 8 екпінді Бегмурад Бекназар, Қыдырбаева Адина, Ембергенов Шыңғыс, Орынтұрлы Жанар, Жұбай Байбелес, Чемчедин Ерасыл, Қыдыркелді Арман, Абишова Аружан. Қалған оқушылар орташа білім көрсеткішін көрсетті.
Күн тәртібінің екінші мәселесі бойынша сынып жетекшіЖ.Құдабаева «Бала тәрбиесі баршаға ортақ» тақырыбында баяндама оқыды. Бүгінгі білім беру жүйесіндегі өзгерістер мен жаңалықтар еңбек тәрбиесіне жаңаша қарауды талап етіп отыр. Балаларға адамгершілік салаларды қалыптастыруда отбасы шешуші рол атқарады. Сол себепті әр ата-ана өз баласымен тығыз байланыс орнату қажет.
Күн тәртібінің үшінші мәселесі бойынша ата-аналар өздерін толғандырып жүрген мәселелер бойынша сұрақтар қойып пікірлесті.
Достарыңызбен бөлісу: |