Ата-аналарға арналған тренинг бағдарламасы Түсініктеме


Тақырыбы: « Бала тәрбиесіндегі ата - ана жауапкершілігі » Мақсаты



бет7/17
Дата06.12.2022
өлшемі103,02 Kb.
#55468
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17
Тақырыбы: « Бала тәрбиесіндегі ата - ана жауапкершілігі »

Мақсаты : ата – аналарды балаларға жауапкершілікпен, ұқыпты қарауға шақыру.
Әдіс тәсілдер: Жиын, әңгімелесу, көрсету
Керекті құралдар: компьютер, қағаздар, қаламдар.
Барысы : « Ұстаз - бағбан, бала - гүл » деген қағида әр тәрбиешінің ұстаздық ұстанымы. Осы қағиданы ата – ана мен ұстаз бірігіп пайдалансақ балабақша бала үшін ең сүйікті мекенге айналар еді. Бағбанға гүлдің әйтеуір өскенінен, әдемі болып өскені қажет екендігі сияқты, ата – ана мен ұстазға да баланың әйтеуір ержеткенінен, әдепті болып есейгені қажеттірек. Бағбан өзінің өсірген гүлінің санымен емес, сапасымен мақтанатыны сияқты, ата – ана да баласының әдептілігімен мақтануы тиіс
- соңғы кездерде балаңызда қандай өзгерістер болды?
- Сіздің балаңыз өз жауапкершілігін сезіне ме?
1 . « Мен күнмін » ойыны
Мені балам не үшін сыйлау керек? Осы сұрақ төңірегінде екі топ мүшелері бірігіп отырып өз пікірлерін жасады. Содан кейін әр топтан бір мүшесі шығып таныстырады. Қорыта келе екі топ мүшелері
- адамгершілік
- имандылық
- тәртіпті
- жақсы қасиет
- өтірік айтпайтын
- еңбексүйгіш
- қайырымды
- қарапайым
- адал, ұқыпты, батыл , сезімтал, намысқой, жәгерлі т.б
2. Сіздердің балаларыңызда сіздерді мақтан тұтады Олар өздерінің жанұясы туралы былай дейді:
- менің жанұям менің бақытым
- мен папммен, мамаммен бақыттымын
- мен мамамды өте жақсы көремін
- мен, ше папамды
- мен үйдегілердің барлығын сыйлаймын
« Менің жанұям » сурет көрмесін тамашалау
3. Біздің балаларымызға кейде онша көңіл бөлінбейді. Балаларымыз шеттеп, көңілі жабырқаулы күйде жүреді. Сол кезеңдердегі балаларымыздын ойы:
- мен олардың ұрысқанын қаламаймын,
- алысқа кеткенін жақсы көремін
- маған папам көп ұрсады
- менің істеген ісімді дұрыс емес дейді
4 . Не себепті көңілі толмайды? Гүлдің сусырап, шөлдейтіні сияқты, бала да ынта ықыласқа шөлдейді. өйткені ата - ананың балаға бар жағдайды жасаудан басқа , мейірімі, жылуы, қамқорлығы қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет