«Зағип және бағыттаушы» ойыны Бұл ойынды барлық топтармен өткізе беруге болады. Бұл жаттығу топ мүшелерінің бір-біріне деген сенімдерінің деңгейін анықтауға көмектеседі.
Топ мүшелері екі-екіден жұптарға бөлінеді. Біреуінің көзі байланады, екіншісі соны бағыттаушы ролін атқарады. Сөйлеуге болмайды. Жаттығуды орындап болған соң, қатысушылар ролдерімен алмасады. Ойын аяқталған соң рефлексиялық жұмыстар жүргізіледі:
“Зағиптың” ролінде болғанда өзіңді қалай сезіндің?
•Бағыттаушы Сізді қалай алып жүрді?
•Бағыттаушының ролі ұнады ма?
•Жұптасыңыздың сеніміне кіру үшін қандай әрекет жасадың?
5. Жауапкершілік дегеніміз не? Баланың азамат болып қалыптасуына мұғалім мен ата – ана жауапкершілігі. Ата – аналар ойы: Жауапкершілік дегенімі өзінің іс - әрекеті туралы біреуге есеп беру қажеттігі. Жауапкершілікті болу үшін мұғалім мен ата - анада қандай қасиеттеп болуы керек?
Тәрбиеші:
- баланың дүниетанымын өзгерту мүмкіндігі бар
- ата – анаға талап қойылады
- балаға да талап қойылады
Ата – ана
- мәдениетті
- жан – жақты
- уақыт бөле білу керек
- психологиялық көңіл күйі
- дүниетанымы
- ойлау қабілеті
- өзін – өзі тәрбиелеу
- тәрбиешімен қарым – қатынаста болуы қажет.
Бала ата – ана мен тәрбиешіден қандай өнеге ала алады? Әке мен шеше өзін тәрбиешімін дей отырып, өздері де тәрбиеге енуі қажет.Бүлдіршіндер өнерімен қорытындыланады.
Қорытынды. Қазіргі таңда баланы тәрбиелеуде ата - ананыңда, тәрбиеші - ұстаздың да атқаратын ролі зор. Жас күнінде бала қандай тәрбие алса сол ізбен алға қарай өседі. Тәрбие кезінде отбасының, балабақшаның да алатын орны бар. Ата – ана баласына өз отбасын қадір тұтудан бастап, туған - туыс, Отан, Қазақстан деген ұғымдарды терең түсінгені, құрметтеп қарауға тәрбиелеу керек екенін ұғындыру. Ата - ана жауапкершілігі бәрінен биік болмақ. Сондықтан ата - ана басты талапты өздеріне қойғандары жөн. баланың тәрбие алуына қоғамнан өз орнын табуына жағдай жасауына әрбір ата – ана педагогикалық әдіс - тәсілдерге сүйенгені дұрыс.