Мақсаты:ата-аналарға өздерін жаңа қырыңан көруге көмектесу, өзін-өзі тану. Жаттығу “Танысу”. Мақсаты : Сәлемдесу, танысу, зейін мен еске сақтауды жаттықтыру.
Жаттығу шеңбер бойында орындалады. Жаттығу бастаған бірінші қатысушы есімін атайды және оған анықтама қосып айтады. Ол анықтама сөйлеушінің есімі қай әріптен басталса, сол әріптен басталуы қажет және сол адамға лайық болу керек.
Жаттығу “Бірақ”. Мақсаты : Тренингке бірқалыпты қарқын енгізу, өз ойынды аяқ астынан айтып салу.
Шенбер бойымен сөйлемдерді жалғастыру:
-Мен шаршадын , бірақ ..
-Мен кішкентай бойлымын, бірақ....
-Мен кейде ұстамсызбын, бірақ ...
-Мен жалқаумын, бірақ .. .
-Мен ашушаңмын, бірақ ...
-Мен сөзге жоқпын, бірақ ...
-Мен тымкөнгішпін, бірақ ...
-Мен оқушымын, бірақ ...
-Менің үйімде телефон жоқ, бірақ ...
-Мен бақылау жұмысын екіге жаздым, бірак ...
-Менің математикадан үлгерімім жақсы емес, бірақ ...
-Мен үнемі тым қиялдап кетемін, бірақ....
-Мен кейде, тым көп ұрсамын, бірақ ...
-Мен қыррсығып қаламын, бірақ ...
Талдау.
Жаттығу “Өзін-өзі тану” Мақсаты: ата-ананың өзін-өзі тануы мен өзін-өзі сұрақтар қоюды үйренуі.
Өзін-өзі тану үрдісін үнемі баяу ойналатын музыкамен психологиялық күйге келуден бастаймыз.
Ыңғайлы отырыңыздар ... Тынышталып денелеріңізді бос ұстаңыздар. Көздеріңіз жұмулы кезде босансу, тынышталу, демалу өте жақсы. Көздеріңізді жұмыңыздар. Сіздер менің үнімді естіп отырсыздар және тағы да сіздердің ағзаларыңыз қаншалықты босандық пен тыныштықты қажет етсе, соншалықты босаңсап, тынышталуға болады ... сіздердің денелеріңіз ... сіздердің миларыңыз ...сіздердің санадан тыс саналарыңыз ...
Сіз қалай дем алып отырсыз, сезініңіз. Ауаны жұтқан сайын тыныштықты сезіну күшейе түседі ...Әр демді шығарған сайын барлык үрейлер, уайымдар артта калады.
Жағымды ішкі өзгеріске жету үшін, өзіңе өзің сұрақтар қоюды үйрену керек. Оған жауап бере отыра, сіз өзіңізді өзіңіз түсінесіз.
Сонымен, өзіңізге өзіңіз жауап беріңіз: ”Мен қазір не істеймін? Мен не сезіп тұрмын? Не туралы ойладым?”
Енді қиялымызды белсендендірейік. Қиялдаңыздар, ұлан-байтақ мұхиттасыз кішкентай қалтқысыз ...
Сізде мақсат, компас, карталар, руль (тұтқа) жоқ. Сізді жел мен мұхит толқындары қайда апарса, сіз солай қарай жүресіз. Үлкен толқындар біраз уақыт сізді бүркемелейді, бірақ сіз қайтадан бетіне шығасыз ...Осы соққыларды,құлауды, судың бетіне шығуды сезінуге тырысыңыз ...Толқынның қозғалысын ... күннің жылуын ...судың шашырауын ... судың түбіне әкетпейтін және сізді қолдайтын осы күшті сезініңіз.
Өмірде де осылай –біресе сіз үрей және проблема толқынымен бүркемеленесіз, біресе аяқ астынан –тағы су бетіне шығасыз ...Өзіңді-өзің ұстай біл ...
Қоршаған дүниеден отбасындық даналықты үйренеміз ...Табиғаттан үйренеміз...
Жақсы! Ал қазір сіз бақытты болған, көңіл-күйініздің көтеріңкі болғанын сезінген, өміріңіздің бір сәтін есіңізге түсіріңіз...Сіз өзіңіздің кімде-кімге өте керек, оның қымбаттысы және сүйіктісі болгғаныңызды еске түсіріңіз ...Есіңізге түсіріңіз немесе аздап қиялдаңыз.
Сіз өзіңіздің дем алғаныңызды,еске түсіргеніңізді, не қалағаныңызды, немесе армандағаныңызды сезінген кезде, сіз көзіңізді ашасыз ...Әркім өзі қалаған кезінде көзін ашады.
Талдау.