Аутизмның түрлері. Қазіргі таңда аутизмның келесі типтері белгілі:
Каннердің ерте балалық шақтағы аутизм синдромы (Каннер аутизмі) – балаларда кездесетін аутизмнің классикалық түрі;
Аспергер синдромы – аутистикалық психопатия;
Ретта синдромы;
А типті аутизм шизофрениядан кейін пайда болатын немесе процессуалды аутизм.
Каннер аутизмі. Бұл балаларда жиі кездесетін әрі жетік көңіл бөлуді талап ететін аутизмның ауыр түрі. Ең басты сипаттамасы: баланың тым кеш сөйлеуі. Басқа да белгілері:
жалғыздықты ұнатады, күнделікті өмірдегі тәртіптің өзгеруіне қарсы өте сезімтал,
ешкімге еліктемейді, үнемі бір қимылды қайталайды. Қасындағы адамдардың сезімін түсінбеуі, сөйлегенде бірде айғайлап, бірде сыбырлап сөйлеуі мүмкін. Туған туыстарымен сөйлеспейді тіпті мүлдем байланысқа түспейді. Аутизмнің белгілері үш жасынан бастап (кейде одан да ерте) байқалады.
Аспергер синдромы. Бұл алдынғысымен салыстырғанда, аутизмның жеңілдеу түрі. Белгілері
каннер синдромына ұқсас, алайда, балалардың интеллекті айтарлықтай жоғары. Әдетте белгілі бір салаға жоғары қызығушылық танытып, сол саланы жетік меңгере алады. Логикалық
ойлау қабілеті дамыған, сөйлей алады. Бірақ адамдармен байланысқа түсуі қиын. Болашақта бір саланың шебері болуы әбден мүмкін.
Ретта синдромы. Аутизмның ең сирек әрі тек қыздарда кездесетін түрі. Әдетте қыздар екі жасқа дейін қалыпты дамып келеді де,
бірден барлық қабілеттерінен айрыла бастайды. Мәселен, өздігінен киіне алмайды, бірте-бірте
сөйлей алмай қалады, қолында заттарды ұстай алмайды, бұлшық еттер тонусы жоғалады. Психикалық күйреудің салдарынан жиі ұстамалар болады. Аутизмның бұл түрі
жетік зерттелмеген, сол себепті аурудың соңы өлімге алып келуі мүмкін.
Процессуалды аутизм. Аутизмның бұл түрі ер балаларда жиі кездеседі. Олар 3-5 жасына дейін жақсы дамып, белгісіз себептермен бірден түрлі қабілетін жоғалта бастайды. Әрі қарай Каннер синдромының белгілірі байқалады.
Дайындаған педагог психолог
Искакова А.А.
2023ж.