Ата-анамен жұмыстар



бет1/6
Дата22.06.2023
өлшемі25,56 Kb.
#103098
  1   2   3   4   5   6

БЕКІТЕМІН:


«Күншуақ»бөбекжай-бақшасы
меңгерушісі:Д.Н.Ибраева
_______________
Ата-анамен жұмыстар

1

«Баланы 5-ке дейін патшадай көтер,15-ке дейін құлындай жұмса,15-тен кейін досындай сыйла»

13.01.2022

Психологиялық кеңес




Психодиагностикалық бағыт

1

Ата-аналарға арналған сауалнама

15.09.2021

Сауалнама



2

«Сіз қандай ата-анасыз?»

15.11.2021

Сауалнама

3

«Сіздің балаңыздың қызығушылығы?»

04.03.2022

Сауалнама

4

«Сіздің балаңыз мектепке дайын ба?»

13.05.2022

Сауалнама

Ағартушылық-профилактикалық

1

«Менің балам қандай?»

17.05.2022

Тренинг

Ата-аналарға кеңес


«Баланы 5-ке дейін патшадай көтер,
15-ке дейін құлындай жұмса,

15-тен кейін досыңдай сыйла
»

Адам баласы – өмір бойы психологиялық көмекке зәру болмақ. Әсіресе, оның нәрестелік , сәбилік, балалық шақтарында, тіпті ауадай қажеттілік деп айтсада болады. Бірақ,біз өмір сүрген бұрынғы қоғамда, адамның психикасын тәрбиелеуге еш уақытта мән берілген емес. Соның салдарынан балабақшаларда да, мектептерде де ,тіпті жоғарғы оқу орындарымен адамның қызмет істейтін орындарында да, адамның психологиялық тәліміне көңіл аударылмады. Мұндай надандылықтың адамдарға тарттыратын азабыда аз емес. Осындай қалыс тәрбиенің ауыр кемшіліктерін ескере отырып, азды-көпті психологиялық көмектің қасиеттеріне тоқталуды жөн көріп отырмын.
Психологиялық көмектің бағыттары.
Бала атаулының бойында біртіндеп қалыптасатын невроздың негізгі себепкері, жалпы бала тәрбиесінен хабары шамалы, ал бала психологиясы дегенді естіп көрмеген ата-аналардың үкімі де сорақылыққа толы қатыгездіктерінен екенін ашып айтқым келеді. Олардың көпшілігі бала тәрбиесінің қиын да қызық сәттерін іздеп үйренудің орнына , тек жазалау, қорқытып –үркітумен ұстағанды білетіндіктерімен шектелетіндіктері белгілі. Тіршілік тартыстарына енді келген сәбилер үшін, бұл аттап өте алмастай ауыр күйзелістерге апарады. Айта берсе үлкендер тарапынан болатын дөрекі қылықтар толып жатыр.
Ең бірінші психологиялық көмектің бағдары – осындай жағдайларға тап болған балалардың ауруға шалдыға бастаған психикасын сауықтыру болып табылады. 
Екінші бағыт – тез арада ата-аналар мен балалар тәрбиесіне қатысты үлкендердің арасында жүргізілетін психологиялық көмекті айтуға болады. Мұның өзіне тән әдістері де толып жатыр. Үлкендерге бала психикасы жөнінде түсінік беру, оны мұқалтпаудың маңызы жайлы, психологиялық тәрбиелерді үйретудің жолдарын – кітаптардан, кинофильмдерден – тереңдей талдап көрсету арқылы ата-аналар мен үлкендердің бала тәрбиесіндегі қатыгездіктен тыйылуын талап ету.
Осылайша , жас баланың психикасындағы ауыр өзгерістер мен қорқыныштардан туындайтын , оның жан дүниесіндегі жапа шегушіліктің зардабымен қатаң және жедел күресу керек. Әрине , бұл жағдайды ата-аналардың көпшілігі білмегендіктен істейтінін де ескеру керек.
Жалпы бала психологиясына белгілі психикалық ауыр әсерлердің түрлерін атап өтсек; бірінші , баланың жігерін жасытатын үкімді баға беру ( мысалы , «Сен ойнай білмейсің », « сен дұрыс сөйлей алмайсың » деген сияқты кесімді ұғымдардың әсері жаман ). Осыдан кейін , баланың тауы шағылып ,талабы қайтып қалатындығы анық. Тіпті бұдан былай оған сөйлеудің де, ойнаудың да қиындай беретіні рас. Сәбилерді үнемі көтермелей жетелеп тәрбиелеудің психикалық мәні зор.
Екінші сәт, баланың істеген әрекеттеріне терісте зілді баға берумен қоса , оның жеке басының намысына тиетін сөздер айту. Мәселен, «Сен ойнай білмейтініңмен қоса , мақтаншақсың, өтірік мақтанасың» деудің әсерімен, баланың жан дүниесін әбден жаралауға болады. Сондықтан да, баланың іс-әрекетін дұрыс бағаламау, төмендетіп бағалау арқылы ,оның қалыптасу қабілетін тұтылдыру мен қоса, ұстамдылығы мен парасатына да қаяу түсіреді. Мұндай әрекеттер баланың өміршең талпыныстарын бірден тоқтатып, тіпті тіршілігіненде жиреніп кетуі мүмкін. Ол алдындағы армандарын да сенімдерінде жоғалта бастайды. 
Үшінші бір ыңғайсыз сәт, басқа бір баламен салыстыра бағалаудағы жіберілетін әділетсіздік .Мұндай әрекеттер арқылы, баланың бойына қызғанушылық өзімшілдікті қалай сіңіріп алғандарын да байқамай қалады. Міне , тәрбиедегі психологиялық әдістерді білмеудің салдары осындай аса қиын жағдайсыздықтарға әкеп соғады екен. Бұл бала тәрбиесіндегі кезек күттірмейтін мәселе дегім келеді.

1. Бала тәрбиелеу - бесіктен басталады. Ендеше оған әрдайым көңіл бөліп,сергек қараңыз. Қателігін зекіп, ұрысып немесе ұру арқылы түзетуге тырыспаңыз.
2. Таңертен сабаққа барарында баланы жайлап қана оятыңыз. Сіздің биязы үніңіз бен күлкіңіз-ақ ұйқысын ашуы тиіс.
3. Егер балаңыз сабақтан кешігетіндей болып жатса, онда «Бол да бол» деп айғайламаңыз. Оны ертерек оятпаған өзіңіз кінәлісіз.
4. «Бұзық болма», «Қисалаңдамай тыныш жүр», «Бүгін 2 алсаң құртамын» деген ескертулерді жиі айта бермеңіз. Керісінше, оған жылу сыйлап, жақсы баға алып келуіне тілектестік жасаңыз.
5. Есіктен кірмей жатып, «Бүгін қандай баға алдың?» деп бас салып балаңызды сұрақтың астына алмаңыз. Мектептен келген балаңызды көңілді қарсы алыңыз, оның сабақтан шаршап келгенін ескеріңіз.
6. Бала бірдеңеге ашуланып жүрсе, үндемеңіз. Сабасына түскен соң, ол болған жайды өзі-ақ айтады.
7. Мектептен келе сала баланы отырғызып қойып, сабаққа дайындалтпаңыз. Олар да 2-3 сағат ойнап, демалған жөн, түсте ұйықтап тынықсын. Бесін мезгілі - сабаққа әзірленудін сәтті кезі.
8. Сабаққа әзірленіп жатқан баланың желкесінен төніп тұрмаңыз. Дөрекі сөйлемеңіз. Одан да көмектесіп, бірлесіп дайындалыңыз.
9. «Егер сен осы сабақты орындамасаң» деп басталатын тәртіпке шақыру баланың жүйкесіне әсер етеді. Одан да өзіңіз кірісіп, жайлап жетектеп отырыңыз.
10.Күнде жарты сағат ештеңеге алаңдамай балаларыңызбен емін-еркін, жақын тартып, әңгімелесіп тұрыңыз.
11.Балаңыздың көңіл-күйі нашар болса, онда бірден назар аударыңыз. Ол сабақтан зорығуы мүмкін.
12.Егер балаңыз айтқаныңызды тыңдамайтын болса, онда ұстазымен, психолог маманымен, дәрігермен кеңесіңіз.
13.Өз балаңызды дос санаңыз: білімін толықтыруға көмектесіп, жақсы ісін бағалай біліңіз. Шамамен тыс қатал, керісінше тым көңілшек болмаңыз. Нақты шешім ғана баланы қателесуден сақтандырады.
14.Отбасыңыздағы ұрыс-керіс балаңыздың жүйкесін жұқартады. Баламен бірге отырған жерде құпиялы әңгімен айтпаңыз.
15.Балаңызға уәде берсеңіз орындаңыз. Кемшілікті байқамауға тырысыңыз. Баланың көзінше өзгені сынамаңыз.
16.Тәрбие ісінде өзіңіздің жауапты екеніңізді ұпытпаңыз, баланың өтінішін үнемі орындай бермеңіз.
17.Баланы өзгелерге де көмектесіп тұруға баулыңыз. Оған шыдамды болуды үйретіңіз.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет