Ата-ананың қолынан келмейтін іс болмайды



Pdf көрінісі
бет1/16
Дата12.03.2017
өлшемі16,81 Mb.
#9117
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

«Ашық мектеп»
Қоғамдық білім беру қоры
Ата-ананың қолынан 
келмейтін іс болмайды
Алматы, 2014

УДК 37.0
ББК 74.90
А 90
А 90  Ата-ананың қолынан келмейтін іс болмайды…=  Как много могут ро-
дители… –  Алматы:  «Ашық мектеп» ҚББ, 2014. – 224 бет.
ISBN  978-601-275-421-6
 
«Ата-ананың  қолынан  келмейтін  іс  болмайды....»  атты  кітап  жинағы  мүм-
кіндігі  шектеулі  балаларына  көмек  көрсету  жолында,  тағдыр  қиыншылығынан 
сескенбей бетпе-бет келіп, емделу барысында айтарлықтай нәтижеге жетіп, ба-
лаларын әлеуметтік қалыптастыру жағдайына бейімдеу жолында ата-аналардың 
қол жеткізген « жетістік тарихы». 
«Жетістік тарихы» не үшін керек? Басқа адамдардың өмір жолында қандай 
маңызды  орын  алуы  мүмкін?  Осы  тәрізді  шешімі  қиын  сұрақтарға  профессор 
Джакомо Ризолатти ашық түрде жауап жолдайды. 1992 жылы ол айна тектес ней-
рондар яғни біз басқа жандардың іс-әрекетіне қарай отырып, әркімнің белсен-
ділігін арттыратын ми жасушаларының бірегей түрі. Бұл жасушалар айна тәрізді, 
автоматты түрде бөтен жанның іс-қимылын біздің басымызда ой елегінен өткізіп, 
санамызға әсер етуі арқылы сондай дәрежеде сол істі жүзеге асырар болсаң, оны 
қалыпты түрде сезінуге душар етеді. 
«Жақсы  тарихи  істер  әркімді  жақсылыққа  жетелейді»  атты  сөз  даналығы 
бар. Бұл кітап; «Өткенге оралып, бастамаңды өзгерту мүмкін емес, жаңа сатыдан 
бастасаң өз мәреңе жеңіспен жетуге болады» атты ойдың жүйесіне жетіп  оқыған 
жанға ерекше көмек болары анық.
Книга «Как много могут родители...» – это сборник «историй успеха» роди-
телей, которые вопреки диагнозам и прогнозам  сумели помочь своим детям с 
ограниченными  возможностями  развития  достичь  зримых  результатов  в  лече-
нии, реабилитации  и социальной адаптации.
Для чего нужны «истории успеха»?  Могут ли они играть серьезную роль в на-
шей жизни? На эти вопросы дает ответ открытие профессора Джакомо Ризолатти. 
В 1992 г. он обнаружил зеркальные нейроны – уникальные клетки мозга, которые 
активизируются, когда мы следим за действиями других людей. Эти клетки, как 
зеркало, автоматически «отражают» чужое поведение у нас в голове и позволяют 
почувствовать происходящее так, как если бы мы совершали действия сами.
Есть такое выражение: «Хорошие истории делают нас лучше». Эта книга по-
может всем, кто ее прочтет, понять важную мысль: «Нельзя вернуться в прошлое 
и изменить свой старт, но можно стартовать сейчас и изменить свой финиш».
УДК 37.0
ББК 74.90
ISBN  978-601-275-421-6  
            ©  ООФ «Открытая школа»,  2014

3
«Жетістік тарихы» кітабы
ҚҰРАСТЫРУШЫЛАРДАН 
Бұл кітап не жайында?
Әр ата-ана баласы ауру болып туады деп күтпейді, ешкім де бала-
лардың жетілуіндегі түрлі текті шектеулерге себеп болатын кездейсоқ 
қасіреттен және өмірдің шым-шытырығынан сақтандырылмаған. Әр 
отбасы  кез келген материалдық, әлеуметтік және білім деңгейіндегі 
сынға  тап болуы мүмкін. Даму мүмкіндіктері шектеулі (ДМШ) сәбидің 
дүниеге келуі – отбасы үшін беріктікке сын. Ол үйреншікті өмір желісін 
бұзып,  болашаққа  деген  жоспарларды  өзгертуге,  құндылықтарды 
қайта бағалауға мәжбүрлейді. 
«Ата-ананың қолынан келмейтін іс болмайды» кітабы – ДМШ на-
уқасы  бар  балалар  ата-аналарының,  мамандардың  диагнозы  мен 
болжамдарына  қарамастан,  емдеуде,  оңалтуда  және  әлеуметтік 
жағдайға бейімделуде өз балаларына көзге көрінетіндей елеулі нәти-
желерге қол жеткізуге көмектесе алған «табыс хикаяларының» жиы-
ны. Сүт құйылған құмыраға түсіп кеткен бақа туралы мысал естеріңіз-
де  болар?  Шығып  кетемін  деп  жанталасқанда,  ол  аяқтарымен  бір 
кесек май шайқап, содан тірек алып сыртқа шығып кетеді. Мұнда да 
тап  сондай  жағдай.  Сәбидің  ауруы  әке-шешесі  үшін  аспаннан  жай 
түскенмен  бірдей  болады,  бірақ,  қысылтаяң  жағдаятқа  тап  болған 
соң, олар тіренетін нүктені іздеп және балаларын келеңсіз жағдайлар-
ды еңсеретін жеңіске қарай жетектейді.
Ата-аналармен алғашқы кездесулерден кейін бір ескі дұғаның сөз-
дері еске түседі: «Жаратқан! Менің қолымнан оны өзгерту келетіндей 
күш бер. Өзім өзгерте алмайтын жағдайға көнуге шыдам бер. Ал бірін-
шісін екіншісінен ажырату үшін, даналық бер». 
Бұл кітап тағдырдың тәлкегіне қарсы тұру мен көну, шыдау, дана-
лық  және  шексіз  сүйіспеншілік  туралы  –  өз  жеребесін  қабыл  алған 
адамдардың  өмірінде  шым-шытырық  түрде  орын  алған  қасиеттер, 
біздің  бәрімізге  күнделікті  өмірде  әдетте  өте  жетіспейтін  қасиеттер 
туралы. 
Оның идеясы қалай дүниеге келді?
Кітаптың  идеясы  Сорос-Қазақстан  Қорының  (СҚҚ)  білім  беру 
мәселелері  жөніндегі  кеңесшісі  Сәуле  Аманжоловна  Каликоваға  ти-
есілі. Инклюзивтік білім беру, даму мүмкіндіктері шектеулі балаларға 
көмек көрсету СҚҚ басым бағыттарының қатарына жатады. Өзінің қы-
зметінің  бағыты  бойынша  Сәуле  Аманжоловна  ерекше  балалардың 

4
Ата-ананың қолынан келмейтін іс болмайды
ата-аналарымен  талай  кездесті.  Олардың  қатарында  көмекке  зәру 
отбасылардың мүдделерінде жұмыс істейтін қоғамдық ұйымдардың 
негізін қалаушылар мен басшылары да бар. Әдетте, олар немқұрай-
дылықтан алыс, белсенді, табанды, ақпаратпен жұмыс істей білетін 
білімді  адамдар,  жаратылысы  жағынан  көшбасшылар  –  олар  есең-
гіреу  сәтті  жылдамырақ  еңсереді,  өз  балаларының  келелі  мәселе-
лерін  шешудің  ұтымды  жолдарын  табады  және  басқа  отбасыларға 
іс жүзінде қолдау көрсетеді. Позитивті аужай оларға мақсатына жету 
үшін рухани және физикалық күштерін шоғырландыруға көмектеседі.
Екінші  шетте  тағдырына  мойынсұнған,  тағдыр  сынына  көнген-
дердің  тобы,  ал  бұл  шартты  «шәкілдің»  ортасында  –  балаларына 
жағдаятты  еңсеруге  көмектескісі  келетін  ата-аналар  тұр,  бірақ  олар 
мұны қалай іске асыру керек, қайда жүгіну, кіммен ақылдасу керекті-
гінен бейхабар. Бәлкім, олар әншейін абыржып қалған, өздерін диа-
гноз бен болжам тап қылған ступор жағдайынан әлі шықпаған болар. 
Осы сәтте жігер беретін мысал және қастарында соған жақын жағдай-
ларда табысқа жете білген адамдар бар екенін білу қажет. 
Сәуле  Аманжоловна  табысты  отбасылардың  тәжірибесін  зерде-
леу, табыстың алгоритмін тауып, оны одан кейін басқа ата-аналарға 
табыстау өте маңызды деген тұжырымға келді. Ол бізге «Ашық мек-
теп» Қоғамдық білім беру қорына осы кітапты құрастыруды қолға алу-
ды ұсынды.  
Біз неліктен осы жобаға қатысуды ұйғардық?
Жобаның идеясы бізге бірден ұнады, ол өте тартымды әрі өзекті! 
Бірақ біздің қолымыздан келер ме екен деген күмән туды. Біздің көп-
тен бері «тақырыпта» болуымызға – өзіміздің «Ашық мектеп» журна-
лымызда «Инклюзивтік білім беру» айдарын жүргізіп келе жатқаны-
мызға,  ДМШ бар балалар ата-аналарының қоғамдық ұйымдарының 
арасында таныстарымыз көп екеніне қарамастан – алда күтіп тұрған 
жоба-адамдармен және баспалық мәтіндермен жұмыстың өзге дең-
гейін қажет етті. Шешім қабылдауға Ник Вуйчивтің «Шекарасыз өмір» 
кітабы көмектесті.
Дүниеге қол-аяқсыз келген Ник Вуйчичтің есімін бүгін көп адамдар 
біледі. Кемтарлығына қарамастан, Ник бақытты адам, сұранысқа ие 
маман, отағасы және әке бола алды. 
Ник – ұлты серб, Австралияда туған, қазір Америка Құрама Штат-
тарында тұрады. Кәсіби шешен, ол бүкіл әлемді аралап, түрлі дәріс-
ханалардың  алдына  шығып  сөз  сөйлейді  және  өзінің  мысалымен 

5
«Жетістік тарихы» кітабы
мыңдаған адамға әркімнің өмірінде үнемі туындап отыратын келелі 
мәселелер қиыншылықтарын жеңуге жігер береді. 
Бір күні кезекті баяндамасын бастардың алдында ол біреу өзінің атын 
атап шақырғанын естіді. Ник бұрылып  қарағанда кішкентай сәбиді қо-
лына алып жоғары көтерген жас жігітті көрді. Сәби тура оның өзіндей  – 
қолы да, аяғы да жоқ! Ұл баланың аты-жөні Дэниел Мартинес, ал оның 
ата-анасының  есімдері  Крис  және  Патти  еді.  Ник  оларды  сахнаға  кө-
терілуге шақырды. Жиналғандар қатты толқыды. Патти Никті құшақтап, 
бұл кездесу өзі үшін  болашаққа қарай қадамға айналғанын айтты.
«Шекарасыз өмір» кітабында Ник Вуйчич: «Бала кезімде мен өзіме 
бағыт сілтеп, көмектесе алатындай ұқсас күйдегі ешкімді де білмедім. 
Бірақ Дэниелде мен бармын. Мен оған көмектесе аламын»-деп жазды. 
…Крис пен Патти мені Даниел үшін шапағат деп санады, ал менің 
ата-анам  олардың  өздері  үшін  нағыз  шапағатқа  айналды.  Оларға 
қол-аяғы жоқ баланы қалай өсіру және тәрбиелеу керек екені жай-
ында менің әкем мен анамнан артық кім айтып бере алар еді? Біз бұл 
адамдарда тек үміт отын тұтатып қана қоймай, сонымен қатар Дэниел 
қалыпты  өмір сүре алатынының және әлі өз бойындағы дарындарын 
ашып,  адамдармен  бөлісетінінің  нағыз  дәлелдерін  бере  алдық.  Біз 
оларға өз тәжірибемізді жеткізіп, жігер бердік және қолдай алдық».
Адамдар  витраждар  секілді,  олар  күн  шыққанда  көз 
шағылыстырады  және  жарқырайды,  бірақ  қараңғыда  олардың 
шынайы  сұлулығы  тек  оларға  ішкі  дүниесінің  сәулесі  түскен 
сәттерде ғана ашылады.
Элизабет Кюблер-Росс
Ник және оның ата-анасы әрине, қайран қалдырады. Бірақ бізде 
де өздерінің ішкі дүниесінің сәулесімен басқалардың жолына жарық 
шашатын адамдар бар.  Ел өзінің қаһармандарын білуге тиіс деп ой-
ладық та, жобаны қолға алуды, көмекке мұқтаж жандарға сол бірегей 
адамдардың баға жетпес тәжірибесі жайлы айтып беру үшін, оларды 
табуды ұйғардық.
Біз кітаптың қаһармандарын қалай іздедік?
Шынын  айтқанда,  бізге  қаһармандарды  табу  оңайға  соқпайды 
деп ойладық, біріншіден, олар өздері туралы жар салмайды, ал екін-
шіден, жан сырын бейтаныс адамдармен ортаға салғанды әркім де 

6
Ата-ананың қолынан келмейтін іс болмайды
қалай бермейді. Сондықтан, біз іздеуді жақын достардың арасынан 
бастадық, олар бізге керек, өздері жеке басымен таныс адамдардың 
координаттарын берді.  Хабарласқан кезде біз бас тартуды күтіп едік, 
бірақ, керісінше біздің қуанышымызға қарай ешкім де өзінің жолы, 
жеңістері мен қателіктері туралы әңгімелеп беруден бас тартпады! 
Сондықтан, біз іздеу шеңберін кеңейтіп, түрлі ұйымдарға жүгіндік. 
Марина Буханцовамен және Динара Ешпановамен біз бұрыннан  
таныс болатынбыз. Евгения Краснощекованың телефонын Сорос-Қа-
зақстан  Қорындағы  біздің  жобаны  үйлестіруші  Айнұр  Шәкенова 
берді. Екі әке – Марат Нұрпейісов пен Кенжебай Исаевты – біз «Ба-
лаларға өмір сыйла-2» фильмінен көрдік  (фильмді Ерікті Мейірбан-
дық Қоғамы түсірген, бізге олардың координаттарын сонда берді). 
ҚР Тұңғыш Президенті Қорының «Әлеуметтік идеялар мен жобалар» 
жәрмеңкесі Елена Егоровамен және Наталья Талановамен кездесуді 
сыйлады. Ақмола облысының білім басқармасы Рауан Зейнуллинді 
ұсынды. Ирина Камышова мен Любовь Мироненконы «Ашық әлем» 
Қоғамдық қорының президенті Әлия Архарова арқылы таптық. Мә-
дина Кәрімовамен оның ұлдары оқитын арнайы мектептің бұрынғы 
директоры  Кұсайын  Амангельдіұлы  Каткеновтың  көмегімен  кезде-
стік. Маженовтар отбасымен бізді олардың ұлы Ақжан бітірген мек-
тептің бұрынғы директоры Лидия Михайловна Маслова таныстыр-
ды. Роза Беркамаловамен және Алтынай Рахымбаевамен кездесуді 
Қарағанды қаласының № 27 гимназиясының психологиялық-педа-
гогикалық  сүйемелдеу  қызметінің  басшысы  Ольга  Федоровна  Чу-
макова ұйымдастырды. Татьяна Ваничкинамен бізді Павлодардағы 
«Самал»  оңалту  орталығының  директоры  Зинаида  Дмитриевна 
Багненко таныстырды. 
Бұл жай техникалық жайттар емес, кітапты құрастыруға қаншама 
көптеген  жандардың  тура  немесе  жанама  түрде  ат  салысқанының 
көрсеткіші.  Бізге  тек  көмек  көрсетіп  қана  қоймай,  сонымен  қатар 
біздің  осы  тақырыпты  қолға  алғанымыз  үшін  алғыстарын  білдіріп  
жатты.
Ата-аналармен кездесулер 2014 жылдың сәуір-маусым айларын-
да өтті.
Біздің  қаһармандарымыздың  өзгешеліктері  қандай  және 
оларды біріктіретін не?
Біздің қаһармандарымыз Қазақстанның түрлі қалаларында тұра-
ды.  Олардың    білімі,  табыс  деңгейі,  отбасы  құрамы,  жас  шамасы, 

7
«Жетістік тарихы» кітабы
діни ұстанымы, ұлты әр түрлі. Балалардың жас шамалары – мектеп-
ке дейінгі жастан бастап, ересек, дербес, жұмыс істейтін адамдарға 
дейінгі жандар. Балалардың денсаулық проблемалары да әр түрлі. 
Ата-аналардың жетістіктері бірдей деуге келмейді. Және әр отбасы-
ның өзінің бірегей тәжірибесі бар.
Ал нені табыс деп санау керек деген сұрақ туындайды. Біз табыс 
деген – қол қусырмай,тиісті міндеттерді тиімді шешуге әзірлік деп 
санаймыз.
Егер саған көмекке созылатын қол қажет болса, онда біліп қой 
–  ол  сенде  бар  –  өзіңнің  қолың.  Сен  естияр  болған  уақытыңда, 
өзіңде екі қол барын: біреуі өзіңе, екіншісі басқаларға көмектесу 
үшін керек екенін түсінесің.
Одри Хепберн
Кітап  қаһармандарына  бұл  сөздер  таныс  па,  жоқ  па,  білмеймін, 
бірақ күнделікті өмірде олардың қолданулары анық. Тап осы жұмыл-
дырушы позитивті өмірлік позиция, өз балаларына деген шексіз сүй-
іспеншілікпен  қатар,  оларды  өзара  біріктіреді.    Өткерген  жылдары 
емес, жинаған тәжірибесі жағынан «естиярлау» болған олар басқала-
рына көмектесуге дайын. Олардың көбі даму мүмкіндіктері шектеулі 
балалар мен олардың ата-аналарының көпшілігі қоғамдық ұйымда-
рын немесе қолдау топтарын өздері құрған.
Біз олардан не жайында әңгімелеп беруін өтіндік?  
Сауалнамалық деректермен қатар, бізді төмендегі сұрақтар шең-
бері қызықтырды:
Сіз сәбиіңіздің басқа балалардан өзгеше жетілетінін қашан және 
қалай білдіңіз?
Қандай диагноз қойылды? Кім, қайда және қашан?
Мамандардың болжамдары қандай болды?
Сіз қалыптасқан жағдайда өзіңіздің өмір тәжірибеңізді, біліміңізді, 
діни нанымыңызды қалай пайдаландыңыз?
Қандай стратегия қолдандыңыз?
Стратегияны әзірлеуде  кімдердің көмегі тиді? Ақпаратты қайдан 
алдыңыз?
Сізге қосымша білім алу қажеттігін сезіндіңіз бе? Егер «иә» болса, 
онда сіз қандай білім және қайдан алдыңыз?

8
Ата-ананың қолынан келмейтін іс болмайды
Сіз өз сәбиіңізге жетілуге, қиындықтарды жеңуге, белсенді болуға 
қалай көмектестіңіз?
Қалаларыңызда сіздің жағдайыңызда көмек көрсетуге тиіс қандай 
мемлекеттік мекемелер мен қоғамдық ұйымдар бар?
 Олар қалай көмектесті?
 Сіздің жұмсаған күшіңіздің нәтижелері қандай?
 Басқа ата-аналарға қандай кеңес берер едіңіз?
 Қалаларыңызда ұқсас проблемалары бар отбасылар бар ма?
 Сіз олармен араласасыз ба? 
 Ондай араласу нәтижесі не әкелді?
 Қазір кімнің көмегіне мұқтажсыз?
 Оны қалай алуыңызға болады?
Біз сауалнама жүргізген жоқпыз, тек осы сұрақтарға орай өз хика-
яларын ерікті нысанда баяндап беруді өтіндік.
Бұл кітап кімдерге арналған?
Сұраққа ең жақсы жауап, біздің болмысымыздың мағынасын аша-
тын дана мысалдардың бірі болмақ:
Тілші  бір  күні  фермерге  ол  жылдан  жылға  сапа  бойынша  барлық 
байқауларда жеңіп шығып келе жатқан жүгерісінің сырымен бөлісе ала 
ма деген сұрақ қойыпты. Фермер оның бар сыры  ең жақсы собықтар-
ды өз көршілеріне егу үшін таратып беретінінде деп жауап беріпті. 
–  Егер көршілеріңіз  сізбен қатар  үнемі барлық  байқауларға  қа-
тысатын және бәсекелестеріңіз болып табылатын болса, оларға 
ең жақсы тұқымдарды таратудың қажеті не?
–  Білесіз бе, –  деп күледі фермер. –  Жел тозаңды менің танап-
тарымнан  көршілердің  танаптарына  және  кері  қарай  тасиды. 
Егер  көршілерімде  менікінен  сапасы  нашар  сорттар  болса,  онда 
көп ұзмай менің де егісім нашарлай бастайды. Егер мен сапалы жү-
гері егетін болсам, мен көршілерімнің қамын ойлауға және оларға 
тап сондай жүгері егуге көмектесуге тиіспін. Ал біздің әрқайсымыз 
егісін қалай күтеді – ол енді басқа мәселе.
Мұндай  құбылыс  адамдардың  өмірінде  де  болады.  Табысты 
болғысы келетін жан айналасындағы жандар жайлы ойлауға және 
оларға  табысқа жетуге көмектесуге тиіс.  Кім  жақсы өмір  сүргісі 
келсе,  басқаларға  да  жақсы  өмір  сүруге  көмектесуге  тиіс.  Себебі, 
айналаңдағы адамдардың өмірі неғұрлым жақсы болған сайын, сенің 
де өмір сүруің жақсарады.  Біздің бәріміз бұл дүниеде бір бірімізге 
тәуелдіміз және байланыстамыз.

9
«Жетістік тарихы» кітабы
Сондықтан, бұл кітап тек ерекше балалардың ата-аналарына ғана 
арналмаған.  Ол  көпшілікке:  педагогтарға,  дәрігерлерге,  әлеуметтік 
жұмыскерлерге,  білім  беру  және  медицина  саласындағы  шенеунік-
терге, депутаттар мен саясаткерлерге, бастарында келелі мәселелері 
бар  отбасылармен  кездесуге    тура  келетін  барлық  кәсіптердің  өкіл-
деріне, сондай-ақ олардың көршілері мен жай өткіншілерге арналған. 
Бұл кітапты қалай оқу керек?
Бұл «табыстың аспаздық кітабы» емес,  мұнда  бес қасық сүйіспен-
шілікті алып, он қасық шыдамды үстеңіз, үш қасық біліммен арала-
стырыңыз, азаптың баяу отында қыздырып, сағат сайын бір шайқа-
сықтан жылы күйінде қабылдаңыз дейтін дайын рецепттер жоқ … 
Біздің  қаһармандарымыздың  тәжірибесін  сойып  қаптаудың  сәті 
келмейді,  өйткені  бәрінің  жағдайлары  әртүрлі  ғой.  Сондықтан,  біз 
сізге,  қадірменді  оқырман,  осы  кітапты  зерделеген  кезде  келесі  қа-
дамдар жасауды ұсынамыз:
– ата-аналар қолданған стратегиялардың тізімін жасаңыз; 
–  олардың  қайсысы  сіз  үшін  тиімділігін,  сіздің  нақты  жағдайла-
рыңызда жүзеге асыруға болатынын анықтаңыз;
–  өзіңіз  оларды  орындау  үшін  жасайтын  қадамдарды  жоспар-
лаңыз;
– іске кірісіңіз;
– алған ақпаратыңызды басқа ата-аналармен бөлісіңіз.
Соңында біз өзіміздің қаһармандарымыз үшін темірқазық болған 
кітаптардың тізімін бердік. Олар сізге де пайдасын тигізеді деп үміт-
тенеміз.
Ал одан кейін ше?
Өз ойларыңызбен, байқауларыңызбен бөлісіңіз, өзіңіз қалап алған 
ақпаратты  қалай  пайдаланғаныңыз  туралы  әңгімелеңіз.  Хаттарды 
«Ашық мектеп» Қоғамдық білім беру қорына жолдаңыз. 
Біздің координаттарымыз:
Пошталық мекенжай: 050035, Алматы, 8-ші ықшамаудан, 4-ші үй, 
82-ші пәтер.
E-mail: o.shkola@rambler.ru
Тел.: 8(727) 249-84-38, 290-92-10, 87078200605, 87772555531

10
Ата-ананың қолынан келмейтін іс болмайды
БІРІНШІ ЖАҚТЫҢ МОНОЛОГЫ

11
«Жетістік тарихы» кітабы
ДивАНДА ЖАТЫп АЛМАй, БАЛАЛАРМеН 
ШҰғЫЛДАНУ КеРеК
 
Наталья Данилова түсірген фотосурет
Марат Жақайұлы Нұрпейісов пен Индира Байдулақызы Сариева - 
алматылықтар. Олардың ұлы Бейбарыс 2008 жылы туған. 
Қазір ол балабақшаға барып жүр. Марат Жақайұлы ұлының 
жетістіктері туралы және қалай өзінің көзі ашылғаны 
жайында әңгімелейді.
Қазір біздің үш ұлымыз бар. Екі үлкені – тетелес. Тұңғышымызды 
күткенде, оның «Міне, жігіт!» деп айтатындай елгезек, пысық болға-
нын  қаладық.  Тілегіміз  орындалды,  бала  өте  ширақ  болып  өсті.  Біз 
онымен сәл болса да тыным көрмедік, сондықтан екіншімізді күткен 
уақытта, оның тыныштау болғанын тіледік. Біздің тілегіміз Жаратқан-
ның құлағына жеткен болар, біз тағы да қалағанымызды алдық … Ол 
тыныш, мазасыздығы жоқ, тіл алғыш және момын болды. Ешқандай 
қиындық көрмедік. Айтқанды тыңдайды, қой десең қояды - мін жоқ! 

12
Ата-ананың қолынан келмейтін іс болмайды
Тек оның аз сөйлейтіні біртүрлі болып көрінді. Көбінесе, керек затына  
қолымыздан ұстап, жетектеп апарып көрсететін. Біз, шынын айтқан-
да, оған онша мән бермедік, себебі менің өзімнің тілім 4 жасымда 
шыққан, өсе келе оңалады деп ойладық. 
Бірақ, төрттен асқаннан кейін де ұлымыздың сөз қоры толықпай, 
бір  деңгейде  қалып  қойды.  Содан  біз  дәрігердің  көмегіне  жүгіндік. 
Невропатолог  ұлымызда  аутизмнің  нышандары  бар  екенін  хабар-
лағанда қатты абыржыдық. Енді не істейміз? Әрине, ең алдымен бү-
гінгінің «ақпарат қайнары» – Ғаламторға жүгіндік те, нағыз аутизмнің 
не екенін білгенде, төбемізден жай түскендей болды. Тек бір жұба-
ныш, ұлымызда бұл аурудың тек кейбір нышандары ғана бар, демек, 
түңілуге әлі ерте.
Содан  біздің  әуре-сарсаңымыз  басталды.  ӘБЕО  (балалар  мен 
жасөспірімдерді  Әлеуметтік  Бейімдендіру  және  Еңбекпен  Оңалту 
орталығы) кезегіне тұрдық, мамандарды іздей бастадық. Әйелім ба-
лалармен  үйде  отырды,  ал  мен  ақша  табумен    болдым,  өйткені  әр 
қабылдау  10-15  мың  теңгеге  түседі.  Көптеген  дәрігерлердің  қабыл-
дауында болдық, бірақ бізге керек мамандарды табу жолы қиындай 
бастады, қайда барарымызды білмедік. Дәрігерлердің бірі Салтанат-
тың телефонын берді (сіздер оны «Балаларға өмір сыйла» фильмінен 
көрдіңіздер). Салтанаттың қабылдауында болғанда, сәбиімізді қарап, 
мәселенің шешімін табуға болатынын, Владимир Яковлевич  Матви-
евскийдің Мәскеу инновациялық-білім беру орталығында әзірленген, 
көп жандарға көмектескен әдістің барын айтып, көңілімізде үміт отын 
ұялатты. Алғашқы кезеңде дәрістер Алматыда өтеді, сәбиді Мәскеу-
дегі интенсивке дайындайды, ол үшін сәби физикалық жүктемелерге 
дайын болуын ескертті. Біз келістік.  
Осылайша  біз  Аутист  балалардың  ата-аналары  қауымдастығы-
на келдік. Бұл өздерінің балаларына өз күштерімен көмектесуге ты-
рысқан  –  барлық  шығынды  өз  қалтасынан  төлеп,  үй-жайды  жалға 
алған,  мамандарды  іздестірген  ата-аналардың  тобы.  Соңынан  Ару-
жан Саин жетекшілік ететін «Ерікті Мейірбандық Қоғамы» Қоғамдық 
қорының  күш  салуының  арқасында,  бізге  «Самұрық-Қазына»  Қоры 
көмек қолын ұсынып қаржылық ауыртпалықтың айтарлықтай бөлігі-
нен босатты.
Дәрістерге  келетін  болсақ,  шындығын  айтсам,  бастапқыда  мен 
оларға  сенбеушілікпен  қарадым.  Сырттай  қарағанда,  үлкен  тәтелер 
мен  ағалар  аниматорлар  секілді,  балалармен  бірге  секеңдейді,  се-
бебі, басты талап – ата-аналар дәрістерге балалармен қатар қатысуға 

13
«Жетістік тарихы» кітабы
және балалар не істесе, соны істеуге тиіс. Олай болмағанда, Алматыда 
осы дәрістерді жүргізетін мәскеулік психологтар, еш нәтиже шықпай-
тынын түсіндірді. Секіруін секірдім ғой, бірақ оның емдеп жаза ала-
тынына онша сенбедім. Алайда, бізде басқа таңдау болмады. Осылай 
төрт ай айналысқаннан кейін, ұлымыз Мәскеуге сапарға аттану үшін 
«жетілді». Жиналған қаржымен, ұлымды әйеліммен Матвиевскийдің 
Орталығына  аттандырдым. 
Мәскеуде сәбиіміздің ісі бірден оңға басты. Олар жолға шығатын 
кезде,  бала  именшектеніп,  ақырын  ғана  күбірлеп,  әрі  аз  сөйлейтін, 
ал енді бірнеше күннен кейін-ақ, ұлым скайппен сөйлескенде маған 
«Папа, сәлем!» деп ширақ әрі анық айтты. Бұл мені серпілтіп, диван-
ның үстінен «жұлып алғандай» болды да, онымен айналысуға шын-
дап әрі саналы түрде кірісуге мәжбүрледі.  30 жасында ер адамның 
ең жақын достары – диван, теледидар және сыра. Енді көзім ашылды 
– диванда жатып алмай, балалармен айналысу керек екенін түсіндім. 
Мәскеуден оралғаннан кейін біз Қауымдастықтағы дәрістерімізді 
жалғастырдық. Нәтижелер барған сайын жақсара берді. Әр кішкене 
ғана қадам, әр жеңіс одан әрі алға жүруге жігерімізді қайрап, әлдеқай-
да  сенімділілікке,  батылдыққа  айналды.  Бұрын,  неліктен  екені  бел-
гісіз, горшокқа отырудан қорқатын, ол қорқыныш жоғалды. Ұлымыз 
басқа балалармен ықыласпен ойнай бастады, көзінде ұшқын пайда 
болып, сөзі анық түзелді, ол енді қысқа қайырмай, сөйлемдер құра-
стыратын шамаға жетті.  Өзгергені соншалық, әжелері мен аталары  
танымай қалады. Ол жақсы сөйлейді. Бірақ, сонымен қатар, ұлымыз 
мін тақпас бала болудан қалды. Өтірік айтуды үйренді. Мысалы, аға-
сын байқатпай теуіп қалуды шығарды, мен оған ұрса бастасам, бәрін 
үлкен ұлға жаба салатын мінез пайда болды.
Бес ай бұрын ұлымыз  жекеше балабақшаның қатардағы тобына 
барды.  Мен  оны  сырттан  бағу  және  қажет  болған  жағдайда  түзетіп 
отыру үшін, топта видеокамера орнатуды өтіндім. Балабақша да, мек-
теп те ата-ананың орнын толтыра алмайды емес пе. 
Аутистерге  қолдау  үнемі  қажет.  Балалармен  негізінен  аналары 
айналысады, ал әкелері, егер бар болса, ақша табады. Қазір, әйелім 
кенжеміз  үшін  бала  күтімі  (декрет)  демалысына  шыққан  уақытта, 
үлкендерімізбен көбінесе мен айналысамын. Басқа ата-аналарға да 
көмектесемін. Себебі, аутистерде қорқыныш сезімі жоқ, сонымен қа-
тар вестибулярлық аппарат дұрыс жұмыс істемейді, қимыл коорди-
нациясы бұзылған, олар  икемдене алмай, жиі жығылады.  Олардың 
арасында шамадан төмен сылбырлары да еркіндікті тым жоғары пай-

14
Ата-ананың қолынан келмейтін іс болмайды
даланатындары да кездеседі. Мен болсам, грек-рим күресінен спорт 
шеберіне кандидатпын және бұл қиындықты қалай еңсеру керектігін 
білемін. Аутистер үшін арнайы жаттығулар кешенін әзірледім және әр 
сенбі сайын Қауымдастықта «Әке күнін» өткіземін. Топта ата-аналар 
да, балалар да жаттығады, мен мұның басты шарт екенін алдында ай-
тқанмын. Аутизмі бар сәби басқа адамға сенбейді. Ата-аналар балала-
ры не істесе, соның бәрін қайталайды – домалайды, престі шыңдай-
ды және т.б.
Фейсбукте  «Ау,  әкелер!»  деп  үндеу  тастадым.  Бірнеше  адамнан 
жауап  келді.  Бірақ  бұл  мектеп  емес,  балабақша  да  емес:  келуі  де 
мүмкін, келмеуі де мүмкін. Әркімнің өз еркі өзінде. Әзірге әкелердің 
көпшілігі өздерін ыңғайсыз сезінеді,  именшектенеді, мұндай жасқан-
шақтық балаларына да бөгет болады. Олар әлі проблеманы және өз-
дерінің оны шешудегі рөлдерін толық дәрежеде сезінген жоқ. Бірақ, 
олардың келгенінің өзі де өте тамаша!
Толық құраммен келетін отбасылар бар, тіпті отбасылардың ара-
сында  да,  қалалар  арасында  да  сайыстар  өткізіледі  (Ата-аналар  қа-
уымдастығы Қызылорда мен Мәскеуде де бар). Ата-аналар видеоро-
ликтер түсіріп, желіге шығарады, кім ең көп «лайк» алса, сол жеңеді.
 Әрине, егер «Ерікті Мейірбандық Қоғамы» болмаса, тиімді шара-
лар да  болмас еді. Сондықтан ЕМҚ атына шын жүректен рахмет дегім 
келеді!

15
«Жетістік тарихы» кітабы


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет