Атадан пейіл, Анадан мейір, баладан қайыр Шілдехана жаңа туған нәрестенің құметіне арналған той



Pdf көрінісі
Дата31.03.2017
өлшемі194,92 Kb.
#10819

ШІЛДЕХАНА 

Атадан – пейіл, Анадан – мейір, баладан – қайыр 

Шілдехана – жаңа туған нәрестенің құметіне арналған той. 

Шілдехананы кейде «шілдекүзет» деп те атаған.  

Бала – өмірдің жалғасы, отбасының қуанышы. Әр отбасында баланың дүниеге келуіне 

байланысты ежелден келе жатқан салт-дәстүрлері бар. 

Нәрестенің туылғаны жайлы әкесінен, туған-туыстарынан сүйінші сұраған. 

Ыбырайым пайғамбардың кезінде ұл баланы сегізінші күні сүндеттеп, атын қоятын. 

Балаға  атасы  мен  әжесі  немесе  ауыл  ақсақалы  ат  қояды.  Ата-аналар  бала  есімінің 

мағыналы, әрі көркем болғанын қалайды. 

 

Сәби келді дүниеге! (ШС) 



Өзіне тән іңгәләған нәзік үнімен жар салып, 

Тілеуімді тіледі ме, күттіме деп барша жұрт. 

Бейтаныс мына өмірдің кеңінен ашып есігін, 

Әлди әнімен әжеге тербеттіріп зер бесігін 

Сәби келді дүниеге! 

Алпыс екі тамырын идіріп ана буынын босатып, 

Малын сойғызып әкесініе шілдеханасын жасатып. 

Сүйіншілетіп, ат шаптырып хабаршысын жөнелтіп, 

Жақындарды, туыс-туманы, қуанышқа кенелтіп, 

Сәби келді дүниеге! 

Етегіне шалындырып әжесін біраз састырып, 

Немерелі болдым деп қуаныштан тастырып. 

Тәубе, тәубе деп атасына, шүкіршілік еткізіп, 

Ұрпағының жалғаушысы келгендігін жеткізіп. 

Сәби келді дүниеге! 

Бүгін міне ақтарылып ақ түйе қарны жарылды, 

Бауы берік болсын айтып ағайындар сабылды. 

Суландырып жанарды қуаныштан жас алғызып, 

Қолындағы бар жиғандарын өз тойына салғызып, 

Сәби келді дүниеге! 

 

 

Тілегім саған нәресте! (ШС) 



Берер едім барымды аямас едім жолыңнан, 

Пендемін ғой не келеді мына менің қолымнан. 

Жақсы сөздерді жаудырғанымнан не пайда, 

Бай да емеспін беретін олжа молынан. 

Құдіретім жоқ пейіштен орын беретін, 

Уақтым да жетпес күнде іздеп келетін. 

Қорғаушың да бола алмаспын қасыңда, 

Алла не жазса сол бұйырар басыңа. 

Қылығы тәтті қалсаң ғой сәби жасыңда! 

Адам Ата мен Хауа Ана да біздердей, 

Дәл осылай қуанған шығар ертеде. 

Өтер өстіп уақыт шіркін білдірмей, 

Күрмеуге келмес жіптей өмір келте де 

Ұрпақ жалғасар арыға! 

Ыбрайым, Сара Ысқақ келгенде өмірге, 

Алғыс жаудырды Жаратушы Тәңірге. 



Самуил болса Ханнаның болды баласы, 

Тәңір жолына арнады оны анасы 

Сәбилері болу үшін баталы! 

Жақып, Жүсіп, Дәуіт, Сүлеймен аталар, 

Жақсы түсінді Тәңірден сұрап бата олар. 

Құдайы қорғап сақтап жүргенін қалады, 

Батасы Оның бақытты етер баланы 

Той иесі сәбиің болсын баталы! 

Дүниені түгелдей ұстап тұрған қолында, 

Нәсібеңді берсіншіЖаратушың молынан, 

Көз қырын салсын ең маңызды керегі, 

Рақымы түссін басқасын Өзі береді. 

Нәрестеге осындай тілек айтқым келеді! 

 

Шырылдап жерге түскеннен (ШС, тақырыбын қою керек) 



Анасы бірге баламен 

Өмірден қайтып кеткенше 

Бірге болар шамамен. 

Жанұя бала мекені 

Көз ашқаннан көретін 

Ата-ана алғашқы ұстаз 

Өнеге үлгі беретін.  

Ұядан көрген нәрсесін 

Ұшқанда ілер өзімен 

Таниды ел жақсыны 

Сөйлейтұғын сөзінен. 

 

Баланы бастан дейді елім 



Талай сын бастан өткізген 

От басындағы тәрбие 

Талай жақсыны жеткізген. 

Әке көрген оқ жонар 

Шеше көрген тон пішер 

Деген дана қазағым 

Тәрбие жастан болмаса 

Тартарсың көп азабын. 

Сондықтан да балаға  

Ата-ана ұстаз қамқоршы 

Бесіктен баста барлығын 

Десең балаң жақсы жол болсын 

Бала бізге бақ болсын 

Уайым қайғы жоқ болсын 

Азаматы болып елінің 

Жаманаты жоқ болсын! 

 

Барлығын көріп, барлығын білетін Жаратқан Ие  



(Дәуіт пайғамбар жазған жырдан үзінді) 

 

«Сен іш құрылысымды қалыптастырдың,  



Ана құрсағында мені жараттың. 

Тамаша жаралдым, Сені мақтаймын, 



Керемет ғажап – жасаған істерің, 

Мен ана құрсағында қалыптасып, 

Құпия жерде жатқанда жаралып 

Таса болмады Сенен сүйектерім, 

Ұрық күйімде маған көз тастадың, 

Сен маған бұйырған күндердің бірі  

Әлі де тумас бұрын, олардың бәрі 

Кітабыңда жазулы тұрған еді» 



 

 

 




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет