Атаханова Гүлзағира Махатқызы Меншікке қарсы қылмыстардың алдын алу шаралары Электронды оқу құралы Алматы, 2013



бет15/23
Дата02.03.2022
өлшемі0,7 Mb.
#26790
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   23
Байланысты:
annotation5725

Арнайы сақтандыру шаралары

Меншікке қарсы қылмыстардан сақтандыру мемлекеттің құқық қорғау қызметінің ажырамас бөлігі бола тұра, оның шегінде тұйықталып қалмайды. Сол сияқты барлық құқық қорғау органдары кіретін әділет жүйесі [287, 89 б.] қоғам мен мемлекеттің құқық бұзушылықтардың сақтандыру қызметін толық тәмамдамайды. Оның құқық бұзушылықтарға апаратын себепті тізбек буындарына іс жүзінде әсер ету мүмкіндігі жоқ [288, 19 б.]. Оның үстіне, құқық қорғау қызметінің міндеттері тұрғысынан ақталған шешімдер өзге қоғамдық (экономикалық, саяси, идеологиялық) мүдделер тұрғысынан мақсатқа сәйкес емес немесе тіпті қате болып шығуы мүмкін.

Басқаша айтқанда, меншікке қарсы қылмыстардан сақтандыру құқық қорғайтын әлеуметтік құндылықтардың қауіпсіздігін сенімді қамтамасыз ету құралы болып қала тұра, арнайы органдар немесе қоғамдық ұйымдар шеңберінде тұйықталып қала алмайды.

Адам қызметінің бір түрі болып табылатын меншікке қарсы қылмыстан сақтандыру адамдар арасындағы қылмыстар мен басқа да құқық бұзушылықтарды тудыратын келеңсіз құбылыстар мен процестерге қатысты күрделі қарым-қатынастар түрін білдіреді. Меншікке қарсы қылмыстардың жасалу себептері мен жағдайларын іздестіруге, табуға және жоюға бағытталған қызметтің түрін арнайы меншікке қылмыстардан сақтандыру деп атайды.

Аталған жағдайда сақтандырудың бұл түрі адам қызметінің қылмыстылыққа әлеуметтік өмірдің ең қауіпті құбылысы ретінде әсер етумен байланысты аясын және оның себебін белгілеуге арналған бастапқы, базалық ұғым ретінде қолданылады.

Меншікке қарсы қылмыстылықты тудыратын себептер алуан түрлі, бір-бірінен әлеуметтік өмір салалары, басқару объектілері мен субъектілері және басқа да негіздермен ерекшеленетіндіктен, оларды айқындау және жою бойынша қызметтің де көп қырлы және жан-жақты [289, 19 б.]. Бұл жағдай меншікке қарсы қылмыстардың сақтандыру (сақтандыру) ұғымымен қатар жалпы сақтандыру шараларын жеке шаралардан, құқықтық әсер етуді моральдық әсер етуден айыру үшін бірқатар шектес ұғымдарды ойлап шығару қажеттігінің туындауына себеп болады. Қоғамға қарсы тәртіптің сақтандыру шарасын жай құқық бұзушылықтан және оның төтенше көрінісі – қылмыстан және т.б. шектеудің қажеттігі зор.

Меншікке қарсы қылмыстылықпен күресу теориясы мен практикасында «алдын алу» ұғымымен қатар «сақтандыру» ұғымы қолданылады. Бұл сөздерге әртүрлі мағыналық мән беру және оларды ескерту-сақтандыру қызметтің әртүрлі деңгейлерін, түрлерін, формаларын белгілеу әрекеттері ойдағыдай нәтиже бермеді. «Қылмыстардың алдын алу» және «қылмыстан сақтандыру» ұғымдары бір-біріне өте сәйкес ұғымдар. «Қылмыстан сақтандыру» ұғымын қолдануды ғылыми тұрғыдан негіздеп, шегелеп берген жас ғалым О.Н. Тілепбергенов [292 ] ұсынған еді. Бұл ұсынысты біз де толығымен қуаттап, зерттеу жұмысымыздың мәтінінде «алдын алу» сөз тіркесінің орнына «сақтандыру» сөзін пайдаланғанды жөн көрдік. Сондықтан бұдан кейінгі мазмұндауда аталған ұғымдар синонимдер ретінде қарастырылатын болады.

Арнайы сақтандыру– бұл ең алдымен, қылмыстық әрекетті күтуге болатын адамдарға әсер ету. Сақтандырудың бұл түрі нақты бір адаммен және оның ең жақын адамдарымен нақты жұмыс жасауға бағытталған.

Сөз тұлғалар туралы сақтандыру нысандары ретінде қозғалса, мінез-құлқы мен өмір сүру салты олардың қылмыс жасау мүмкіндігін растайтын жеке тұлғалар туралы айтылып отырғаны. Бұл жағдайда жеке адамның пікірлері, оның әрекеттерін туындататын ниеттер сияқты, яғни сол жеке адам меңгерген құндылық бағдарлар жүйесі оған сақтандыру арқылы әсер тигізу үшін негіз болуы мүмкін, себебі бұл пікірлер, ниеттер және т.б. жеке адамның мінез-құлқында, оның ішінде қоғамға жат әрекетінде байқалды.

Бұдан бұрын қылмыстық әрекет механизміне берілген сипаттамаға сүйенсек, жеке сақтандыру жеке адамға, оның кері қасиеттеріне, сондай-ақ сол тұлғаны қалыптастыратын ортаға, қылмыстық жазаланатын әрекеттердің жасалуына түрткі болатын және оларды жеңілдететін жағдайларға, шарттарға бағытталу керек (криминогендік факторлар).

Сөйтіп, қылмыстан арнайы сақтандыру – бұл мемлекеттік және мемлекеттік емес органдардың, ұйымдар мен олардың өкілдерінің қылмыстың жасалуын күтуге болатын адамдарды анықтау, олардың мінез-құлықтарын оң жаққа өзгерту, аталған ортада әрекет ететін криминогендік факторларды жою немесе бейтараптау мақсатымен оларға және қоршаған ортасына әсер ету бойынша қызметі.

Қазіргі уақытта ішкі істер органдарының қызметіне жеке сақтандыруды қосудың маңызы зор. Қоғам ішінде орын алып жатқан белгілі процестерге, қылмыстық саясаттың өзгеруіне байланысты бас бостандығынан айырумен байланысы жоқ жазалау шараларына тартылатын, сондай-ақ әкімшілік әсер ету шаралары қолданылып қылмыстық жауапкершіліктен босатылатын адамдар саны күрт өсуде.

Сонымен қатар нормативтік ұйғарымдар ішкі істер органдарын жеке сақтандыру жүргізудің мақсатқа бағытталған кәсіби тәсіліне бағдарлайды [ 294, 56 б.]. Мысалы, Ішкі істер органдарының қылмыстардың сақтандыру жөніндегі қызметтері мен бөлімшелерінің жұмысы туралы нұсқауына сәйкес, нақты адамдар мен олардың айналасындағыларға қатысты сақтандырудың сипаты нақты «полициялық» болу керек. Бұл мұндай сақтандырудың нысандары криминогендік қаситтері анығырақ білінетін тұлғалар және әлеуметтік микроорта болу керек деген сөз. Ішкі істер органдарының жеке-сақтандыру қызметінің мазмұны бұрын «бірінші кезекте» болған ертеректегі сақтандыру шаралары емес, заң рұқсат беретін барлық құқықтар мен мүмкіндіктерді қолданып аталған нысандарға тікелей белсенді әсер ету болып табылады.

Қылмыстың алдын алу үшін тиісті нормативтік-құқықтық және ұйымдастырушы-басқарушылық шараларды дайындау және оларды жүзеге асыру басты міндет,сондай ақ қылмыстылықпен күресуде тәжірибелік шаралар жүзеге асырылуы тиіс [290, 42-43 бб.].

Осыған байланысты, сақтандыру арқылы әсер етуді талап ететін тұлғаларды сұрыптап алудың салдары нақты негіздер болмаған жағдайда ерікті шешімнің шығарылуына, онымен –азамттардың құқықтары мен заңды мүдделеріне алып келуі мүмкін. Ішкі істер органдарының жеке сақтандыру жұмысына байланысты мұндай негіздер – бұл ең алдымен заңсыз әрекет фактілері. Олар адамды сақтандыру есепке тұрғызу құқығын береді. Ішкі істер органдарының белгілі-бір адамды сақтандыру арқылы есепке алуы (мысалы, әкімшілік қадағалауды белгілеген жағдайда) азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына шек қойылуына алып келетін болса, онда тұлғалар категориясы мен олардың қоғамға жат тәртібінің түрлері арнайы заң шығару және нормативтік актілерде көрсетіледі, онымен ішкі істер органдарының жеке сақтандыру жұмысының шектері анықталады.

Тұлғаларға қатысты арнайы сақтандыру шаралары жеке адам мен оның мінез-құлқының ішкі жағымсыз қасиеттерін бейтараптауға немесе жоюға арналған әлеуметтік құралдың рөлін атқарады. Ал нақты әлеуметтік ортаға сақтандыру әсер ету деп жеке адамды әлеуметтік тұрғыда өзгертетін материалдық және рухани тәртіптің сыртқы келеңсіз элементтерін жоюды немесе бейтараптауды айтады. Бұған жеке тұлғаның қолайсыз материалдық және тұрмыстық өмір сүру жағдайлары, адамгершілік қолайсыз микроорта, кері тұлғааралық қатынастар және т.б. жатады.

Қылмыстардың ішіндегі едәуір кең түрде таралғаны болып мүліктік сипаттағы қылмыстар, яғни меншіктің барлық нысандары жөнінде әңгіме болмақ. Жалпы қылмыстар санынан алатын үлесі 50 % құрайды [291 ,46 б.].

Қарастырылып жатқан меншікке қарсы қылмыстардан арнайы сақтандыру затына мыналарды жатқызуға болады:

- меншікке қарсы қылмыс жасауы мүмкін тұлғаның қоғамға жат әрекеттері мен өмір сүру салты;

- осы тұлға құрылымының оның бұрмаланған мазмұнын (қоғамға жат бағыттылығын) көрсететін және анықтайтын әлеуметтік элементтері;

- әлеуметтік маңызы бар психофизикалық ерекшеліктер (олардың түзетуге, өзгертуге, емдеуге шалдығу дәредесіне қарай);

- тұлғаның келеңсіз қалыптасу және оған отбасындағы, басқа да тұрмыстық ортадағы, еңбек ету, оқу, бос уақыт өткізу салаларындағы, басқа да ең алдымен, қоғамға жат мазмұндағы микроәлеуметтік топтардағы криминогендік әсер ету жағдайлары, сондай-ақ жеке болмыстың қолайсыз жағдайлары.

Аталған жағдайлардың барлығы гносеологиялық криминология ғылымының жалпы қылмыстан сақтандырудағы теориясымен тәжірибесіне енген факторлар болып есептелінеді .

Қазіргі сәтте өзін көрсетіп отырған келеңсіз өмірлік жағдайлар элементтері объективті түрде криминогенді болып табылады және оларды анықтау мен әсер ету мүмкіндігін анықтауға қарағанда, өте ұзақ уақыт бойы орын алып келеді.

Жеке адам – бұл қылмыстық әрекеттің себептер тізбегіндегі басты буын. Ол криминогендік микроортамен өзара әрекеттеседі және ол арқылы микроортаның әсері тоқтатылады. Сондықтан ең алдымен, арнайы сақтандыру шарасы арқылы әсер тұлғаға қарай бағытталу керек.

Арнайы сақтандырудың мақсаты жеке адамның қоғамға жат мінез-құлқының заңды тәртіпке өзгеруіне алып келетін оның оң түзелуі болып табылады.

Бұл мақсатқа қол жеткізу үшін бірқатар нақты мәселелер шешілу керек. Ішкі істер органдарының қызметіне қарай оларға мыналар жатады:

а) меншікке қарсы қылмыстар жасайтын аадамның тәртібі қылмыстың шын мәнінде жасалу мүмкіндігін растайтын адамдарды анықтау;

б) оларға кері әсер ету көздерін зерттеу;

в) жеке тәртібін болжау;

г) ішкі істер органына есепке алу;

д) арнайы сақтандыру шараларын жоспарлау;

е) тікелей сақтандыру шарасымен әсер ету;

ж) өткізілген сақтандыру іс-шаралар нәтижелерін жүйелі түрде тексеру;



Меншікке қарсы қылмыстардан арнайы сақтандыру шарасы жұмыстың тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында келесі негізгі талаптар сақталу керек:



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет