Атаханова Гүлзағира Махатқызы Меншікке қарсы қылмыстардың алдын алу шаралары Электронды оқу құралы Алматы, 2013



бет20/23
Дата02.03.2022
өлшемі0,7 Mb.
#26790
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
Байланысты:
annotation5725

Уәкілетті учаскелік полиция қызметкерлері өздеріне тіркелген аймақтағы криминалдық жағдайға ай сайын талдау жасай отырып, қалалық, аудан ішкі істер басшылығына ұйым басшыларына олардың қызметіндегі меншіктің, басқа да материалдық құндылықтардың сақталуын қамтамасыз ету қызметінде анықталған кемшіліктер туралы ақпаратты жолдау жөніндегі ұсыныстарды баяндайды.

Олар тауарлы-материалдық құндылықтардың, ақшалай қаражаттардың, құнды металдар мен тастардың, қару-жарақтардың сақтау нысандарындағы өрт қауіпсіздігі және техникалық нығайтылу жағдайларын жүйелі түрде тексеріп, анықталған кемшіліктерді қажетті жою шараларын қабылдайды.

Тіркелген аймақтың тұрғын үй секторын тексеру кезінде олар оның күзетілуіндегі кемшіліктерді айқындап, мүдделі тұлғаларға пәтер есіктерін бекіту, кірешек есіктеріне кодты құлып, домофон орнату, кірешектерде кезекшілік ұйымдастыру, азаматтар меншіктерін тұрғын үйлердегі қылмыстық қол сұғушылықтардан басқа да қорғау шараларын қабылдау қажеттігі туралы мәлімет береді. Олар жол қозғалысы қауіпсіздігі инспекцияларының қызметкерлерімен бірлесіп жеке автокөліктерді ұрлап әкетуден қорғау шараларын қабылдайды (автокөлік бөлшектерін маркалауды ұйымдастыру, жергілікті әкімшілік органдарына күзетілетін тұрақтар мен гараждарды салу туралы өтініш жасау және т.б.).

Виктимологиялық сақтандыру жүзеге асыру кезінде уәкілетті учаскелік полиция қызметкерлері азаматтар арасында тиісті түсіндіру жұмыстарын жүргізу, БАҚ-да сөз сөйлеу, жарнамаларды тарату арқылы халыққа олардың меншігіне қылмыстық қол сұғушылықтан заңды қорғану әдістері туралы хабарлайды.

Уәкілетті учаскелік полиция қызметкерлерінің негізгі міндеттерінің бірі сақтандыру есепке алынған тұлғалармен жеке-жеке сақтандыру жұмыс жүргізу болып табылады. Оған меншікке қарсы қылмыс жасайды деген күдікке ілінген азаматтарды дер кезінде анықтау, олардың мінез-құлқы мен өмір салтын жүйелі түрде бақылау, олардың тарапынан қылмыстық әрекеттерді болдырмаудың қажетті шараларын қабылдау жатады.

Патрульдік-пост полиция қызметкерлерінің басты міндеттеріне қоғамдық тәртіпті сақтау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жатады. Осы міндеттерді шешудің кез-келген түрлеріне белгілі-бір мөлшерде меншікке қарсы қылмыстардың сақтандыру жатады.

Осы мақсатпен патрульдік-пост қызметі нарядтары өз посттары мен патрульдеу бағдарлары аймақтарында орналасқан құнды заттары бар өнеркәсіп, сауда және басқа да кәсіпорындарды, мекемелерді, ұйымдарды қадағалайды; нысандардан жасалатын ұрлықтардың сақтандыру және олардың күзетін күшейту шараларын қабылдайды; меншікке қастық ойлайтын адамдарды айқындайды. Олар азаматтар мен лауазымды тұлғалардың арасында көшелер мен басқа да қоғамдық орындарда иеленушілер мүлкінің сақталуын қамтамасыз ету жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүзеге асырады.

Жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлімшелерінің қызметкерлері автомотокөліктердің ұрлап әкетілуден сақтандыру бойынша (оның ішінде БАҚ пайдалану арқылы) елеулі сақтандыру жұмысын атқарады. Қылмыстық іздестіру аппараттарымен бірге ұрлап әкетілген автомотокөлік құралдарын іздестіруді жүзеге асырады.

Иеленушілер мүлкін келісім-шарттар негізінде күзетуде басты рөлді төменде аталған мәселелерді шешетін ішкі істер органдары жанындағы мемлекеттік мүлікті қорғау органдары (ведомстводан тыс күзет) атқарады.

1) кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар (меншік түріне қарамастан) мүлкін тікелей күзету, яғни материалдық құндылықтар анықталған нысанды олардың ұрлануының және нысанға бөтен адамдардың енуінің алдын кесу мақсатында үздіксіз бақылау бойынша шаралар жүйесін жүзеге асыру. Ол үшін ведомстводан тыс күзет қызметкерлері күзетілетін нысандарда белгіленген бақылау-өткізу режимін жүзеге асырады, бақылау-өткізу пункттерін шығарылып жатқан құндылықтардың өткізілуін бақылауға арналған құрал-жабдықтармен жабдықтау бойынша ұсыныстарды енгізеді. Қазіргі уақытта кәсіпорындар мүлкін тікелей күзету бойынша қызмет көрсетулер көлемі ғана емес, тізімі де кеңейтіліп отыр. Бұл арада сөз тасымалданып жатқан жүктер мен ақшалай қаражаттардың күзеті, нысандарды инкассациялық қызмет көрсетуге алу туралы болып отыр.

2) азаматтардың жеке меншік мүлкін тікелей күзету. Ол, біріншіден, орталықтандырылған, яғни бақылау тетігіне қосылған құралдар арқылы жүзеге асырылатын, ал екіншіден ортақ немесе автономды болуы мүмкін. Ортақ күзету кезінде блокадаланған пәтерлердің біріне бөтен адамдар енген жағдайда дабыл көршінің пәтерінде соғылады. Автономды күзет түрінде пәтерге, бақты үйшікке, саябаққа, гараж немесе басқа да осыған ұқсас жерлерге бөтен адамдар кірген жағдайда жарықтық және дыбыстық дабыл қағылады. Соңғы екі жағдайда ведомстводан тыс күзет мүліктің сақталуын қамтамасыз ету міндеттемелерін мойнына алмай, тек ғимараттарды азаматтардың есебінен дабыл құралдарымен блокадалайды.

3) соңғы уақытта ведомстводан тыс күзет арнайы техникалық нығайтылған және дабыл қағу құралдарымен жабдықталған сақтау қоймаларын ұйымдастыру сияқты қызмет көрсете бастады. Ол жерге кез-келген адамдар құжаттарын, құндылықтарын, жеке коллекцияларын, басқа да қымбат заттарын сақтауға бере алады. Көптеген ведомстводан тыс күзет бөлімшелері келісім-шарт негізінде сөйлесу-құлыптау құрылғылары (домофондар) мен бейнефондарды, сондай-ақ қосымша ағаш, металл, ысырма, тор кіру есіктерін, терезе торларын, төзімділігі мен құпиялылығы жоғары құлыптарды орнату жұмыстарын өрістетуде.

4) күзету қызметіне заманауи техникалық құралдардың енгізілуі. Бұл мәселенің ретті шешілуі күзету технологиясын едәуір дәрежеде «елсіз» етуге мүмкіндік береді. Бұл, өз кезегінде, күзетуге жұмсалатын шығындарды үнемдейді және азаматтардың құқықтар мен заңды мүдделер саласына барынша аз араласуын қамтамасыз етеді. Қазіргі уақытта әртүрлі меншік түріндегі нысандарды күзету кезінде ведомстовдан тыс күзет қызметкерлері 4 млн. астам ультрадыбыстық, оптикалық-электронды, радиотолқынды, сыйымдылықтарға орнатылатын және басқа да хабарлағыштар мен дабыл қағу құралдарын қолдануда.

5) ведомстводан тыс күзеттің келісім-шарт негізінде күзетілмейтін нысандардағы (олардың техникалық сараптамасы) материалдық құндылықтардың күзетілу жағдайын тексеру және бақылау. Оның мақсаты күзет сенімділігін арттыру, ұрлықтардың жасалуына жағдай жасайтын себептер мен жағдайларды жою, жаңа нысандарды күзетке алу болып табылады. Бақылау нәтижелері бойынша күзеттің тауарлы-материалдық құндылықтардың сақталуын қамтамасыз ету міндеттеріне сәйкестігі немесе сәйкессіздігі туралы акт жасалады. Бұл жағдайда анықталған кемшіліктерді жою мерзімдері көрсетіле отырып, иеленушілердің нысандарды сақтауын жақсартуға қатысты нақты ұсыныстар енгізіледі.

6) Күзетілетін нысандардың орналасу аймақтарында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету. Оны барысында меншікке қарсы қылмыстардың сақтандыру шаралары жүзеге асырылады. Бұл мәселені ведомстводан тыс күзет қызметінің полиция бөлімшелері шешеді. Аталған қызмет полициясы нарядтарына өз посттары және патрульдеу бағдарлары аймақтарындағы қылмыстылықпен күресті және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету міндеті жүктеледі.

Меншікке қарсы қылмыстың сақтандыру криминалды полиция бөлімшелерінің (экономикалық қылмыстармен күресу жөніндегі қылмыстық іздестіру бөлімшелерінің) негізгі міндеттерінің бірі болып табылады.

Осы ішкі істер органдары бөлімшелерінің қызметкерлері жедел іздестіру шараларын жүргізу кезінде меншікке қарсы қылмыстардың жасалуына түрткі болған себептер мен жағдайларды анықтап, сол мәліметтер негізінде өз басшыларына мемлекеттік билік органдарына, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына, мүлік иеленушілеріне аталған себептер мен жағдайларды жою қажеттігі туралы дер кезінде хабарлама беру жөнінде ұсыныс жасайды.

Криминалды полиция қызметкерлері меншікке қарсы қылмыстардың жасау ниеті бар және дайындап жүрген сезікті адамдарды анықтайды, осы адамдарды қылмыс жасаудан бас тартуға көндіру шараларын қабылдайды, меншікке қарсы қылмыс жасайтын ұйымдасқан қылмыстық топтарды немесе қылмыстық қауымдастықтарды анықтау және бытырату бойынша жедел –іздестіру шараларын жүзеге асырады.

Басқа ішкі істер органдары қызметкерлерімен бірге ұрланған мүлікті тасымалдау және өткізу жолдарын жабуға бағытталған жедел-сақтандыру шараларды жасап шығарып, жүзеге асырады, меншікке қарсы нақты қылмыстың дайындалуына түрткі болатын жағдайларды жою шараларын қабылдайды; қылмыстық қол сұғушылық жасалуы мүмкін тұлғалар мен мүліктің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді; қылмыстардың жасалу мүмкіндігіне жол бермейтін басқа да сақтандыру шараларын қабылдайды.

Меншікке қарсы қылмыстардың сақтандыруға көліктегі ішкі істер органдары бөлімшелерінің қосатын үлесі зор. Линиядағы ішкі істер бөлімдері қоғамдық қауіпсіздік полициясы мен криминалды полициядан құралатын көліктегі ішкі істер органдары жүйесінің басты буыны болып табылады. Криминалды полиция құрамына жүктерге қылмыстық қол сұғушылықпен күресу жөніндегі мамандандырылған бөлімдер (бөлімшелер) кіреді.

Бұл бөлімшелер қызметкерлері көлік нысандарында барлық меншік түріндегі мүліктердің сақталуын қамтамасыз ету шараларын жасап, жүзеге асырады. Олар жүктердің тасымалдау кезіндегі сақталу жағдайларына талдау жасап, жүктерге қылмыстық қол сұғушылықтардың жасалуына түрткі болатын себептер мен жағдайларды анықтау және жою шараларын қабылдайды. Осы тарауды талдаудың нәтижесінде материалдық құндылықтарды ұрланудан және басқа да заңға қайшы әрекеттерден қорғаудың ең тиімді нысандары енгізу бойынша ұсыныс жасалады. Сонымен қатар, ішкі істер органдарының қызметкерлері бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жиірек құқықтық тақырыптарға байланысты ақпараттар беріп, жастар шоғырланатын орындарға барып құқықтық насихаттар жүргізуі тиіс деп ойлаймыз.

Соңғы жылдары пәтерлерді тонау қылмыстарының өскендігі байқалады, бұлардың көпшілігі тәптікпен дайындалған қылмыстық әрекетінің негізінде жасалады. Бұл құбылыс қоғамды және экономиканы реформалауда кеткен қателіктермен, нарықтық қатынасқа көшуінің және соған қатысты елдегі экономикалық жағдайдың нашарлауы, яғни кейбір бөлігінің саласында кез-келген жолмен баю түсінігінің орын алған пайда болып және қылмыстың сақтандыру жүйесін құлатып отыр [260,12 б.]. Пәтер тонау қылмыстарының (44,0 %) негізгі көпшілігі көппәтерлі үйлерде, әсіресе жаңа салынған үйлерде жасалады, өйткені әлі тұрғындар арасында, подъездегі көршілер арасындағы берік әлеуметтік байланыс жоқ, сондықтан бөтен адамның пайда болуына көңіл аударылмайды. Осындай қылмыстар бірінші қабатта орналасқан пәтерлерде жасалады (бірінші қабат – 30,7 %, екінші қабат 20,4 % ).

Пәтер тонау көбінесе жұмыс күндерінің күндізгі сағат 7 – мен 18-дің аралығында (69,4 %) жасалатындығы байқалады. Пәтер тонау қылмыстарының жасалуының негізгі тәсілдері тұрғын үйге заңсыз кіру арқылы жасалады : сыртқы есікті бұзу, терезе әйнектерін алып тастау, балкон лоджия арқылы кіру, сонымен бірге үй иесінің шақыруымен немесе келісімімен кіру болып табылады. Пәтерлік ұрылардан сақталудың ең дұрыс жолы- қорғау дабылқаққышты орнату. Бірақ арнайы қорғау дабылқаққыштары тұрғын үйлердің аз ғана бөлігінде орнатылған. Орта статистика мәліметтері ұрылардың бет – бейнесін былайша береді: ер адам (77 %), 18-25 жасқа дейін (33 %) және 26-35 жасқа дейін (27 %), толық емес орта білімді (32 %) және орта білімді (38 %), бұрын қылмыс жасағандар ( 38,7 %), қазіргі уақытта табыс көзі жоқтар (49 %), қылмыс жасалған әкімшілік ауданда тұратын және сау күйінде ұрлық жасағандар ( 62,6 %). Пәтерлік ұрлықтардың білім дәрежесінде деңгейі бұрын сотталған және бұрын сотталған болса да тұтас алғандығы халықтың білімнің ортадан төмен деңгейін көрсетеді. Пәтерлік ұрылардың кәмелетке жетпегендерінің 63 % некеде жоқтар. Бұрын сотталған пәтерлік ұрылардың көпшілігі еркінен айыру мекемесіне оралғаннан кейінде түзу жолына түсуді ойламайтын, қоғамға қарсы мінезі тұрақтанған адамдар. Тек ересек пәтерлік ұрылардың 15 % өздерінің бірінші қылмыстарын кәмелетке жетпей жасаған адамдар. Барлық осындай ұрылардың 18 % ғана нашар қамтылған отбасылардан шыққандар. Зертеліп отырған ұрлықтардың әр төртіншісі топпен жасалады (39 %). Пәтерлік ұрлықтардың жасалуының негізгі себебі жоқ. Жеке адамның қасиеттеріне байланысты, тұрғын үйге ұрлыққа түсуінің себептерін мынандай топтарға жіктеуге болады: психалогиялық қасиеттер, тәрбиелік қасиеттер, физиологиялық қасиеттер. Қоғамдағы жалғасып келе жатқан мүліктік бөлімі материалдық қажетіліктерді қанағаттандыру аясында басқа да қарама-қайшылықтардың дамуын және оларды қанағаттандырудың тез мүмкіндіктерін туғызып отыр. Нашар қамтылған отбасалырдың жұмыссыздардың санының өсуі, инфляцияның жоғарғы қарқыны халықтың біраз бөлігінің өздерінің материалдық қажеттерін құқықтық жолмен қанағаттандыруға мүмкіндік бермейді. Осы жағдай кейбіреулерді қылмыстық жолға алып келеді. Соның ішінде пәтерге түсуге итермелейді [261, 34 б. ]. Тіркелген ұрлықтардың көрсеткіштері жоғары болып тұр, соның ішінде пәтер тонау қылмыстарының көрсеткіштері жоғары. Оның себебі әлеуметтік проблемалармен байланыстырылады. Әсіресе мынадай жекелеген қылмыстар тіркелген: кейбір қылмыстардың өсуіне әсер еткен жасырын тіркелген жұмыссыздардың жасалған қылмыстары. Орта есеппен қылмыстық істерді зерттеуші авторлардың материалдары бойынша тоналған мүліктің 14 % ғана қайтарылады.

Тәжірбие көрсеткендей, осы күнгі қалыптасқан жүйе бойынша келтірілген зиянды орнына келтіру жылына сотқа талаптанушыларға тиісті қаржының 4-6 % ғана қайтарылады. Осылайша, қылмыстың нәтижесінде келтірілген зиянды қайтару қарқыны қатты төмендеп кетті. Сондықтан Қазақстан халқының елдің экономикалық айналымында, қылмысты болдырмау туралы заңында Кешенді түрде тұтас бағдарлама қабылдап, оны жүзеге асыру қажеттілігі туып отыр. Мүліктік қылмыстармен күресетін мемлекеттік емес институттардың дамуына мемлекеттік қолдау жасаудың маңызы зор. Тұрғын үйге заңсыз кіру үшін ұрлықтың анағұрлым кең тараған түрлерін және осындай қылмыстар үшін сотталғандар жайлы мәліметтер жинағын құрастыру өте маңызды. Мамандарды даярлауды асыру және ішкі істер қызметкерлерінің білімін жетілдіруді қолға алу керек. Әсіресе, пәтерлер мен басқада жерлерге ұрлыққа түсуді болдырмау, ашу және іздестіруге мамандаған қызметкерлерлерді дайындау керек. Азаматтардың тұрғын үйлеріне заңсыз кіруге байланысты жасаған қылмыстармен күресетін шетелдік құқық қорғау органдарының тәжірибесін зерттеу керек. Құқық қорғау органдарының кезметкерлерін шет елге тәжирібе жинақтауға жиі жіберу керек. Тек пәтерлік ұрлықпен айналысатын кіші инспекторлар штатын полицияның қылмыстық іздестіру бөліміне арнайы штат енгізу керек.

Тұрғын үйлерді ұрлаумен күресу мәселесі соңғы жылдары да басты мәселе ретінде болып қала бермек. Тұрғын үйді ұрлау көрсеткіші бір төмендеп, жоғарылағанына қармастан, жоғары дәрежеде азаматтарға ірі мөлшердегі материалдық залал туғызатыны анық. Үйді ұрлау, заңсыз тұрғын үйге кірумен қатар меншікке де қол сұғылады. Үйді ұрлау балық уақытта өзінің мүлкінен айырылу қорқынышын тудырады.

Меншікті қорғау деңгейі пайдакүнемдікпен жасалатын қылмыстардың бірі ретінде қалып отыр. Сондықтан да үйді ұрлаудың жалпы теориялық сақтандыру мәселесі зиялы ғалымдармен қатар құқық қорғау мекемелерінің қызметкерлерін алаңдатуда.

Қазіргі таңда үйді ұрлаумен күресу жағдайын зерттеу және онымен күресудің ғылыми деңгейде жетілдіруді қажет етеді. Пайдакүнемдікпен жасалатын қылмыс ретінде зерттеу және онымен күресудің тиімді жолы әлі де болса толығымен қарастырылмаған.

Қалаларда, ауылдық жерлерде пәтерлерді сәйкес күзеттік кешенмен жабдықтауға шынайы мүмкіндіктер бар, бірақ, тәжірибе көрсеткендей орта есеппен алғанда жалпы телефонизацияланған пәтерлердің (7-9%) сигнализациямен жабдықталған. Көптеген азаматтар мұндай ішкі істер органдарымен жасалатын, пәтер ұрлығын сақтандыратын көмектің бар екендігімен хабардар емес. Мұндай кемшілікті түзеу крименогендік ортаны тұрақтандыратын өзіндік қорды білдіреді» [262, 21 б. ].

Азаматтарды сұрастыру олардың көбісінің тұрғын үйдің қауіпсіздігін жоғарылатуды босаң ойлайтындығына куә. Осыған қатысты жүргізілген зерттеу қорытындысына негізделген, пәтерді қылмыстық қол сұғудан қорғауда қолданылатын мақсатты кешенді шараларды жетілдіру орынды болады. Сонымен қатар қоғамдық өмірдің динамикасын ескеру маңызды, яғни бұл білімді үнемі бекітіп, кеңейтіп отыру қажет. Бұл процесте көптеген виктимогендік жағдайларды анықтап, бөлектетуге бағытталған ішкі істер органдарының қызметі төменгі орынды алмауы керек. Ішкі істер орган бөлімшелерінің қызметкерлері үнемі бірге отырып, дәл пәтер ұрлығын сақтандыру бағытында жоғары күш-жігерін салуы қажет. Қылмыстық іздестіру бөлімінің өкілетті қызметкері пәтер ұрлығымен күрес бағытында криминогендік дер кезінде жұмыстарын анықтап, осы негізде жоюға бағытталған кешенді әрекеттерді жетілдіруі керек. Сонымен қатар мақсатты түрде, азаматтардың пәтерлерінің жеткіліксіз қорғалуынан туындаған жағдайды жою үшін жергілікті тұрғындармен хабарласу мүмкіндігіне ие және тұрғындарға қажетті мағлұматтарды жеткізетін полиция қызметкерлерін тарту керек.

Ұсынылған әрекет жиынтығын, жүзеге асыруға қатысатын азаматтар санына байланысты, шартты түрде 2 топқа бөлуге болады;

1) ұжымдық қауіпсіздік шаралары;

2) жеке қауіпсіздік шаралары:

Ұжымдық қауіпсіздіктің ең тиімді шараларына көршілердің өзара көмегі принципіне сәйкес көшелік бақылауды ұйымдастыру жатады. Оның негізі сенімдік негізінде көршілері тұрғындардың көп бөлігі болмаған уақытта пәтерлеріне қарауында тұжырымдалады. Мамандардың айтуы бойынша біздің арамыздағы көпшілік өз өмірінде жоқ дегенде бір қылмыс көрді, бірақ не болғанын түсінбейді. Егерде үйдің тұрғындары мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері көп жағдайларда үй жанында отыратын апаларды сауатты хабарландыра алса, сол үй өз қауіпсіздік мүмкіндігін көтерер еді. Жалпы тәртіп негізінде ондай «күзетпен» күндізгі уақытта үйлер алаңында жиналатын, тұрғындардың көп бөлігін білетін зейнеткерлер айналысады. Сондықтан жат адамдар мен күдікті адамдардың жүруі білінбей қалмайды. Осындай деңгейдегі азаматтармен полиция қызметкерлерінің сауатты ұйымдастырылған жұмысы сол аудандағы пәтер ұрлығын жасау мүмкіндігін төмендетеді, себебі қылмыскерлерде білінбей қалу мүмкіндігі төмендеп, сол жерде ондай жүйе әрекет ететіндігін біле отырып кем дегенде сол алаңда қылмыстық ойын жүзеге асырудан бас тартуы әбден мүмкін.

Егер пәтер ұрлығы болған жағдайда, азаматтар оның куәгері болса құқық қорғау органы қызметкерлерінің басты қызықтыратыны, қылмыскерлердің қандай машинамен (түсі, маркасы, номері т.б.) кеткендігі (және ол міндетті түрде үйдің алдында тұруы мүмкін). Олардың саны, жастары, бойының ұзындығы, көзінің, шашының түсі, денебітімі, киімдері, ерекше белгілері, жүрісі маңызды болады.

Бүкіл әлем полицейлары ең сенімді қауіпсіздік – ұжымдық дегенге қосылады. Ұжымдылық кеңес дәуірінің қалдығы деп есептейтіндерге, бүкіл дамыған мемлекеттерде өзара көршілік көмекті қатайтуда арнайы бағдарламалар бар екенін білген пайдалы болар. Бір қарапайым мысал ретінде, американдық полицейлік кітапшадағы жарлықта: «Өзара бақылау жүйесіне қосылыңыз. Өзіңіздің көршілеріңізбен келісіңіз. Үйге қожайыны жоқ кезде келетін «жалған-іскерлер» мен «жалған-жөндеушілерге» ерекше көңіл бөліңіз. Полицейлерге барлық түсініксіз шулар мен бейтаныс тұлғалардың әрекеттері туралы хабарлаңыз».

Автономды күзет сигнализацияларын қолданудың да тиімділігі кем емес, көптеген жағдайларда жасанды сигнализациялар, мысалы, жанатын шамшырақ, фотожарқырау ұрыны шошытып, қорғауы да мүмкін. Үйлердің тұрғындарының немесе бірнеше пәтер иелерінің келісімімен автономды сигнализациялық құрылғылармен бірнеше пәтерлер қоршалады да, жарықтық немесе дыбыстық дабыл сигнализация ойнатылған уақытта тез арада полицияға хабарлауға немесе қылмыскерді ұстау шараларын қолдана алатын мүмкіндігі бар, ылғи адамдары үзілмейтін ортаға қойылады. Бұл жүйе айтарлықтай арзан болғандықтан, өзіне жеке күзет сигнализацияларын немесе есік және терезелерді сапалы бекітуге матариалдық жағдайы жоқ азаматтарға қол жетерлік.

Қазіргі көпқабатты үйлердің жоспарламасы бойынша екі-үш пәтерге бір ортақ коридор салынған, сондықтан қосылып барлық пәтерге тең коридорға ортақ қосымша есік салдырған жөн болар. Әдетте қылмыскерлер ондай үйлердің біреуіне кіруге бел бумайды, себебі көршілерінің байқап қою мүмкіндігі жоғары.

Қазіргі таңда тұрғын үй дәліздерінде тұрғындар мен келушілердің байланысы үшін домофондар орнату немесе кодтық құлыптарды орнату кеңінен таралған. Соңғысының тиімділігі төмендеу, себебі қылмыскерге құлып кодын анықтап, үйдің дәлізіне кіру қиынға соқтырмайды. Осы уақытқа дейін жеке дәліздер тұрғындары пәтер ұрлығын алдын-алуда жеткілікті шара болып табылатын күзетші қызметін қолданған, бірақ соңғы жылдары тұрғындардың негізгі бөлігінің кірісінің күрт төмендеуіне байланысты күзетші еңбегі көпшілік үшін қымбаттау болды. Тәжірибе көрсеткіштері бойынша күзетшімен қамтамасыз етілген дәліздерде басқа күзет құрылғыларымен қамтамасыз етілген үйлермен салыстырғанда немесе мүлде күзет шаралары жасалмаған үйлермен салыстырғанда пәтер ұрлығының деңгейі әлдеқайда төмен. Тәртіп бойынша қылмыскер қай үйлерде күзетшілер бар екенін біле отырып, ол жерге ұрлыққа түсуден бас тартып, күзет құрылғыларымен мүлде қамтамасыз етілмеген үйлерге ұрлыққа түсу жеткілікті болады.

Зерттеу нәтижесі бойынша үйлерге кіру үшін қылмыскерлер есікті бұзу (20,5%), құлыптарды бұзу (15,4%), кілт таңдау (15,4%), терезе әйнегін сындыру (15,8%) әрекеттерін қолданады және осындай әрекеттермен пәтер ұрлығының 67%-ы жасалған.

Жеке пәтерлерде жеке қорғану шараларын қолдану қажет. Жалпы жоспарда азаматтарға бірінші қорғаныс ретінде: «сізге ұрлыққа түскенге көмектесуші болмаңыз. Егер ондай мүмкіндік болса, оған ұрлау мүмкіндігін бермеңіз» [263 ,76 б].

Бастамасына азаматқа өз пәтерін ұрлықшы көзімен көрген жөн: көршілердікіне қарағанда оның есігі қымбат емес пе, оны оңай ашуға бола ма, кілттерді сенімді жерге қалдыра ма, терезеде тор бар ма.. Егер азамат бірінші және соңғы қабатта тұрса, сондай-ақ терезенің қасында өрт баспалдағы немесе ағаш өсіп тұрса, онда оның пәтерімен, пәтер қылмыскерлері қызығуы мүмкін.

Сондай-ақ құрылыс стандарттары қазіргі сұранысқа ие болуы қажет. Қазіргі уақытта тұрғын үйлер нарықтық бағамен сатылуына қарамастан құрылысы, есік-терезелері сапалы бекітілмеген. Зерттеу материалдарына сәйкес 67,7% пәтер қылмыскерлері есік арқылы кіреді, сондықтан есікті бірінші кезекте қорғау керек.

Дегенмен көп пәтерлер жеткіліксіз қорғалған. Осыған орай ішкі істер органы қызметкерлері азаматтарды өз пәтерлерін қосымша қорғау үшін қажетті шаралар қолдану қажеттігі жөнінде хабарлап отыруы керек.

Кіре беріс есіктің құрылысының құрамына: есік жақтауы; есік; табалдырық; ілгіштер (құлып, тұтқа). Есік жақтауы мен табалдырық бір-бірімен нық байланыста болуы керек және де есіктің айналысындағы құрылыс элементтерімен де тығыз байланыста болуы керек, өйткені тұрғын үйдегі есікті бұзу қаупінен сақтану қажет. Есік құрылысы сонымен қатар механикалық (соғу, сындыру, сілку) және химиялық (қыздыру, каррозия) әрекеттерден бұзылмау керек.

Келесідей қарапайым және оңтайлы есікті қатайту әрекеттерін жасауға болады:


  1. темір жақтау мен құлып қою, есікті сындыру қаупін қиындату үшін;

  2. есіктің жақтауларын қосымша темір штирмен жабдықтау;

  3. есіктің ашық-машық құрылысын қосымша темір штирмен жабдықтау, бұл есіктің ашық-машық құрылысы бұзылғанда оның қызметін атқарады;

  4. есіктің беткі құрылысын толықтай темірмен немесе құлып тұсын темірмен жабдықтау;

  5. кілті жоқ құлыппен жабдықтау (электронды, точ-мемори, т.б.), бұлардың барлығы сақтық үшін қажет.

Шеткі қатардағыларға қазіргі таңда іштен ашылатын темір терезі торымен жабдықтаған дұрыс. Жаңа конструкциялық жылжымалы торлар олрды қолдануды ыңғайлы етуде. Олрдың кемшіліктерінің бірі бағасының қымбат болуы. Терезелерді қорғау үшін армирленген әйнек, үйдің іші көрінбейтіндей қараңғылатылған әйнек, 5 камералы әйнектер орнату қажет.

Есіктің тірек құрылыстарын таңдау кезінде аса ұқыптылықпен таңдау керек. Үйді ауыстырған, сатып алған кезде есіктің құлпын ауыстыру керек немесе қосымша құлып қосу қажеттігін естен шығармау керек. Жаңа үйге ауысқан кезде есік құлпын ауыстырып немесе құрылысшылар қойған құлыпты ауыстыру керек.

Өзіңнің үйіңді қорғаудың ең тиімді тәсілі сыртқы есікке 2-3 құлып орнатқан болып саналады. Құлыпты әр түрлі жүйеде: цилиндрлі (жолақтары бар «ағылшын» кілті), сувальды (тілшесі бар кіліт) немесе «облой» жүйедегі құлыптар (домалақ бірнеше ұштары бар кіліттер) жарты миллионға жуық құпиясы бар құлыптар орнатқан жөн. Жергілікті кәсіпорындардың шығаратын құлыптарын қолданбаған дұрыс, өйткені қылмыскерлерде көптеген құпиясы бар кіліт қоры бар. Құлыпты сатып алар алдында мамандармен ақылдасқан жөн немесе екі жақты және төрт жақты жылжымалы кілті бар құлыптарға мән берген дұрысырақ болады, өйткені мұндай құлыптар есікті жақтауымен тығыз байланыстырады да оны бұзылу қаупінен сақтайды.

Қазіргі таңдағы кәсіпорындар кілітті құлыпқа салғанда арнай дыбыс шығатындай етіп жаңа техналогиямен құлыптар жасап шығаруда.

Және де цилиндрлі және басқа да кілітті сұққанда құлыптанатын және кіліт сұғатын орынның ұзынырақ болғаны дұрыс. Есік қорабына түсетін салмақ 900кг. болғанда есікті бұзу қаупі домкратпен көтергенде 1,5 см-ге дейін майысады. Осының нәтижесінде құлып тұсы сынуы мүмкін. Дәл осы майысу өлшемі құлып тілшесінің ұзындығына сай болуы керек.

Есік ішіне орнатылатын құлыптардың тұтқасы екі жақты бекітілгені дұрыс. Әр құлыптың немесе құлыптау құралының басты бөлігі болып құлыптауды жүзеге асыратын цилиндр болып табылады. Құлыпты істен шығуынан сақтайтын бірнеше цилиндрдің түрлері бар. Құлыпты таңдау барысында мынаған көңіл аудару керек, құлыптың құлыптаулы күйі оның ригелінің әр дайым қозғалыста болуы, өйткені ол қысым түсіргенде ашылмас үшін қажет. Есікке міндетті түрде бақылау көзшесін қою қажет.

Үйден бір сәтке шыққанның өзінде барлық құлыптарды құлыптау керек. Құлыптаулы есік ең сенімдісі. Есіктің ішінен арнайы шынжыр мен қосымша жылжымалы ілгішпен жабдықтаған жөн.

Үлкен шығындар жасап сан қырлы құпиялы есіктер алғаннан гөрі, есікті мықты материалдан, сапалы жабдықтап, есік қорабына нық орналасқан есік жасаған тиімдірек.

Барлығына құпия емес кілітті төсеніш астына, кіре беріс есікте, электр қорабында және басқада қылмыскерге белгілі жерге қойып пәтер ұрлықтарының болуына себеп туғызамыз.

Кіліт арқылы пәтерге ұрлық жасау жиі кездесетін қылмыс емес, өйтені ол небәрі 5,6%-ды ғана құрайды.

Тұрғын үй қауіпсіздігінің аса қажеттісі азаматтардың пәтер ұрыларының мінез-құлқын білуі және олармен соқтығысқанда өзін-өзі ұстауы болып табылады және ол үлкен рөл атқарады. Бұл үшін ішкі істер органдары халық арасына үн парақтар, буклеттер, қылмыс болғаны туралы фактілерді, қылмыскер күдіктісін көргенде қандай әрекет жасау керіктігі туралы ақпараттар тарату керек.

Үнпарақ мазмұны қысқа, локальді, белгілі-бір жаңалықтарсыз болуы керек . Оларды дайындау барысында оның жеке және қоғамдық қауіпсіздікті, қылмыскермен соқтығысқан немесе оны байқағн жағдайда өзін-өзі ұстау ережесін және кеңес алуға болатын, сол маңға жақын мекен-жайды көрсету екрек.

Азаматтардың көпшілігі күнделікті өмірде қылмыскермен кездесіп қалу мүмкіндігін жоққа шығарады, сондықтан да олармен кездесіп қалу ауыр зардаптарға әкеп соғады. Егер пәтерінің ұрланғанын және ең құнды затының жоғалғанын білген кезде одан да үлкен психалогиялық зардаптарға әкеледі. Көпшілігінде мұндай жағдайда не істеу екректіген жәбірленушілердің 69% білмейді.

Жәбірленушілердің көпшілігі пәтерінің ұрланғанын көріп бірінші кезекте қалған құндылықтарын тексере бастайды да сол арқылы өзін-өзі басуға тырысады, соңынан пәтердегі қылмыс ізін үйін жиыстыру арқылы жоя бастайды. Кейбіреулері есіктерін жақсартып, құлыптарын ауыстыра бастайды, содан соң ғана құқық қорғау органдарына хабар береді. Қоса кеткен жөн ұрлықтан соң жәбірленушінің көбі болашақ ұрлықтардың сақтандыру үшін сақтық шараларын жасауға кіріседі.

Пәтер ұрыларын үйіңізге келе жатып немесе пәтер ішінде отырып кездестіргенде не байқағанда орын алатын оқиғалар келесідей: есік құлпы ашылмайды немесе ауыр ашылады; пәтер есігі ашық онда заттар шашылып жатыр; немесе онда бөтен адамдар ұрлық жасау мақсатында жүрген болса; пәтерден бөтен адамдар шығуда немесе подъезд алдында заттармен көлікке отыруда; пәтерде отырғанда біреулердің көрші үйінің есігін бұзбақшы болып жатқанын есітсеңіз; егер құлып ашылмаса немесе құлыптаулы болса онда пәтерде бөтен біреулердің, қылмыскерлердің болуы мүмкін. Осындай жағдайларды байқағанда азаматтар тез арада құқық қорғау органдарына хабарлап олар келгенше есік, терезені бақылап отыру керек. Егер құлып ауыр ашылса, онда қылмыскерлер ұрлыққа дайындалған немесе оған оқталған болуы мүмкін. Сондықтан құлыпты ауыстырып, ол туралы учаскелік инспекторға хабарлау керек.

Тәжірибеде азаматтардың қылмыскерлермен соқтығысуы басқыншыл сипатта болады. Сонымен қоса олар қылмыс орнынан тез қашып кетуге тырысады. Кей жағдайларда қылмыскерлер азаматтарға полицияға хабарламас үшін үлкен сомада ақша ұсынады. Сондықтан мұндай жағдайда адам өзін-өзі байсалды, барлық қауіпсіздік шараларын құқық қорғау органдары келгенше сақтау керек.

Егер азамат пәтерге бөтен азаматтың кіргеніне куәгер болса, онда тез арада ол туралы полиция органына хабарлау керек. Жанында телефон болмаған жағдайда көршілерге (айқайлап (мысалы: көмектесіңдер, өрт шықты) немесе шулап болсын олардың назарын аудару) хабарлау керек.

Азаматтардың тұрғын үйді тастап кетуі барысында қауіпсіздігін арттыру үшін белгілі бір төмендегідей іс-әрекеттер жасауы қажет.

Пәтерден шығар алдын балкон, кіре беріс есіктерін, терезе және фортачкаларды жабуды естен шығармау; түнге қарай 1-қабат тұрғындары терезелерін жабуды ұмытпау керек, өйткені ол қылмыскерлердің ұрлық жасау ниеттерін іске асыруға жағдай туғызады.

Ешқашанда кілітті төсеніш, есік, электр қорабында, пошта қорабында және де басқа қарапайым жерлерг тастамау керек, өйткені қылмыскерлер осындай азаматтардың бейқамдығын пайдаланып ұрлық жасайды.

Сондай-ақ таныс емес кісілерге кілітті сеніп тапсыруға, ұйымдардың киім ілгішіне қойған сырт киім қалтасында кіліт тастауға, жұмыс орындарында, яғни кіліттің мүсінін түсіріп алатын ықтимал орындарға тастауға болмайды. Сонымен қоса мекен-жай, телефон номері бар, пәтердің роналасқан жерін табуға септігін тигізетін брелоктар және т.б. заттарды кілітке тағуғу болмайды.

Пәтерді спирттік ішімдіктерді ішуге беруге, түнгі уақытқа жатуға бөтен адамдарға, жақсы таныс емес адамдарға қадағалаусыз қалдыруға болмайды. Тұрғын үйге бал ашам, оқимын, ауруларды жазамын, күйеуіңді немесе әйеліңді қайтарамын деген сылтаумен келген таныс емес адамдарды және де белгілі бір заттарды, құндылықтарды сатамын немесе сатып аламын деген адамдарды пәтерге кіргізуге болмайды. Азаматтарға пәтерге келіп кететін адамдардың куәліктерін тексеру керек, мысалы тұрмыстық және басқа да қызмет көрсететін адамдардың, өйткені олар қылмыскер болып шығуы мүмкін.

Тұрғын үйді ұзақ уақытқа тастап кететін болғанда, пәтердегі құнды заттарды туыстарға немесе достарыңа не көршілерге сақтауға қалдырған дұрыс. Кетер алдын пәтер ішіндегі жиһаздадың есіктерін құлыптамаған жөн, өйткені қылмыскерлер ұрлық жасағанда онда құнды заттар бар екенін білдіруі мүмкін. Газет, журнал жазылымдарын іс-сапарға кетер алдын тоқтатқан жөн. Жағдай болса пәтерді кетер алдын күзетуге берген дұрыс, бұл пәтерді қорғаудың тиімді шаралары болып табылады. Немесе көршілерді, таныстарды, туыстарды пәтерді уақытша қарап тұруға өтіну керек.

Қылмыскерлер пәтер ұрлығын жасау алдын есікке қоңырау шалу арқылы белгілі бір сұрақтар қойып барлау жасайды, сондықтан тұрғын үйіңіздегі адамдарды бетке танығаныңыз дұрыс.

Пәтерде қарауыл иттердің болғаны пәтер ұрыларынан сақтанудың сенімді шарасы болып табылады. Кейбіреулер өздерінің пәтерлеріне электронды қондырғылар (кешкі уақытта жүйелі түрде жарық қосылады, автожауапбергіш қосылады) қою арқылы пәтерін қауіпсіздендіреді. Осылардың барлығы қылмыскерлерге пәтер ұрлығын жасауға қиындықтар туғызады.

Мүліктерге белгі соғу арқылы қылмыскердің әрекетін қиындатуға болады, өйткені белгіленген мүлікті идентификациялау оңайға соғады және оны сатуға қиындық туғызады және табуға мүмкіндік береді. Бір жағынан бұл қылмыскердің мінезіне психологиялық әсерін тигізеді, өйткені адамгершілігі бар тұлғалар мұндай күмәнді мүлікті көргенде полиция органына хабарлауы мүмкін. Негізінен мүлікке белгі қою оның иесінің өтініші бойынша төл құжат, немесе басқа да құжат номерін қойуы мүмкін. Көптеген азаматтар ұрлық болу қаупінен сақтанып мүліктердің жеке номерлерін жазып сақтап қояды, мысалы бағалы қағаз, теледидар, үн-бейне аппаратуралар жеке номерін.

Пәтердегі құнды заттарды жасырудың жеке мәселелері бар. Пәтер ұрылары пәтер иелерінің құнды заттарды қайда жасырылғанын дағдыға айналған жерлерін іздейді. Мынадай киім шкафы, банкілер, кітаптар, матрац асты сияқты жерлерге құнды зат қоймау керек. Аппаратураны ұрылардан қорғау үшін оның сыртқы бетін ажырамас ендермен безендіру керек. Қылмыскердің назарын аудару үшін көрінетін жерге азын-аулақ, қылмыскерді қанағаттандыратын және одан әрі ұрлық жасауын тоқтату үшін құндылықтарды қою керек.

Күнделікті өмірде сөйлесу барысында, мысалы көршілермен, көліктерде, кезекте тұрғанда, аулада, саябақта өздерінің табыстарын жариялаудан сақтану қажет.

Егер азамат белгілі бір құнды затты сатқысы келгені туралы хабарлама берсе (белгілі бір уақыт аралығында) онда қылмыскерлердің бұған деген қызығушылығы артып, пәтер ұрлығын жасауға кіріседі, сондықтан заттарды сату үшін делдалдар арқылы жұмыс істеген жөн.

Зерттеу қорытындысына сәйкес көп жағдайда пәтер ұрлығын алдын-алуда нәтижелі шара болып – пәтерді сигнализациялы күзет құрылғыларымен қамтамассыз ету табылады (49,3%). Сонымен қатар сұхбаттасқан азаматтардың көп бөлігі техникалық құралдар қылмыстық қол сұғудан ең сенімді қорғау деп санайды (51,0%). Бірақ та бұл мақсатқа арналған техникалық ақаулық болатынын, жоғары деңгейдегі кәсіпкер қылмыскерлердің техника тетіктерін меншікке қарсы ұрлық жасауға пайдаланатынын да ескеру керек. Сондықтан техникалық құралдарын әр қарай шеберлендіру керек.

Біздің ойымызша, егер де азаматтар міндетті түрде өз тұрғын үйлерінің қауіпсіздігін күшейтуге қажет шараларды қолданса, ұрлықтан сақтандыруға болатындығы туралы қорытындыға келдік.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет