Ақтамберді жырау — қазақтың ежелгі жыраулық мектебінің белді өкілі



бет2/5
Дата05.04.2022
өлшемі34,42 Kb.
#29886
1   2   3   4   5
Ер ақсайды жақыннан, Қазір əлсіз болсам да, Үмітім бар ақырдан.

Жасым жетіп он беске Кірер ме екем кеңеске, Бұғана қатып, бел бекіп Ерегескен дұшпанмен Шығар күн туса күреске!

Осы өлеңдерді құлағы шалып қалған қара жүрек ағайындарының бірі Жангөбек Ботағара деген Ақтамбердіні қамшының астына алады. Тіпті, найзаның ұшына ілмек те болады. Алайда жазықсыз жас балаға аталас туысы Бердіке батыр ара түседі. Сол күннен бастап бұғанасы қатқанға дейін болашақ жырау осы Бердікені паналайды [4; 77].

Ақырында, жыраулар поэзиясының айбалтасы — Ақтамберді 17 жасқа толып, қолына семсер алады да, жауларынан кек алуға аттанады [3; 58, 59]:

Дұшпаннан көрген қорлығым Сары су болды жүрекке.

Он жетіде құрсанып, Қылыш ілдім білекке. Жауға қарай аттандым Жеткіз деп Құдай тілекке!

Жастайынан қанды қырғынды көріп, соғыстың бел ортасында жүргені дала шайырының жігерін жани түседі. Майданда біраз қалмақтың басын қаққан Ақтамберді «Балпаң, балпаң кім баспас» толғауында [3; 61, 62] батырлыққа үндеп, дұшпаннан именбеуға ұран салады:



Балпаң, балпаң кім баспас, Басарға балтыр шыдамас, Батырмын деп кім айтпас, Барарға жүрек шыдамас. Жалтара шапсаң жау қашпас, Жауды аяған бет таппас,

Уа, жігіттер, жандарың Жаудан аяй көрмеңіз,

Ғазырейіл тура келмей жан алмас!

Ақтамберді жыраудың XVIII ғ. айтқан бұл сөзі бүгінгі ұрпаққа арналғандай көрінетіні несі екен?! Сөз өнерінің өміршеңдігі деген осындай бір өлшемдермен өлшенсе керек. Əр сөзді əркім өзіне қабылдайтындай немесе соны терең ұғынып, қабылдай алатындай дəрежеде болғанымыз жөн сияқты. Əдебиет — шаң басқан, мұражайда қат-қат жатқан сары қағаз емес, тірімізде тіршілікке аса қажет ауа, су жəне наннан кейінгі қажеттілік. Сəуегей жыраудың соны алдын ала көргеніне, болжампаздығына таңырқайсың...



Ақтамберді жыраудың екінші топтағы туындылары

Бұл туындылардың арқауы — табандылық пен ерлік рухы. Ұлы жыраудың пайымдауынша, ел басына қиындық түскенде сыналар жəне елі үшін жанын отқа салуға даяр жігіт қана ер атанбақ. Ақын заманы мұқтаж етіп отырған ер-азаматты үлгі етіп, əр тұста елі үшін ерлік көрсете білуге үндейді [3; 61]:



Балпаң, балпаң басарсың, Басуға табан шыдаса, Қызыл алмас жан қияр, Қызыл талға қынаса, Жол болмасқа немене, Тарығып шын жыласа, Мал бітпеске немене, Жігіт жанды бұласа!

Ел шетіне жау келсе, Алдына, сірə, дау келсе, Батырсынған жігіттің Күшін сонда сынаса!

Ақтамберді өзін бейнелеуде эпитеттер мен ауыстырудың асқақ та асыл түрлерін орынды қолданып, ержүрек батыр тұлғасын көз алдыңа айқын елестетеді. Төрт құбыласы түгел болғандықтан, өзі батыр, өзі жырау Ақтамберді [3; 59, 60]



Салпаң да салпаң жортармын, Сары азбанға қосымды артармын, Торлаусыз өскен құланмын, Мезгілсіз жусап өрермін, Байраққа біткен құрақпын, Саусағым жерге түсірмен, Жапанға біткен терекпін, Еңсемнен жел соқса да теңселмен, Қарағайға қарсы біткен бұтақпын Балталасаң да айрылман, Сыртым құрыш, жүзім болат, Тасқа да салсаң майрылман!

деп неге шалқып таспасын.



Келтірілген жолдар — батыр ақын шабытын танытарлық кесек туынды. Жалпы, Ақтамберді толғауларының өн бойынан Отанға деген сүйіспеншілік, ерлікті əспеттеп, ел тəуелсіздігін ардақтаған отты жырларды байқаймыз. Əсіресе жыраудың «Күлдір-күлдір кісінетіп» деген ұзақ толғауының [3; 63–67] екпіні ерекше:



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет