— Портқа келген кезде теңіз қарақшыларына ұсталып қалдық. Қарақшылар бізді тек олардың сұрақтарына дәл, нақты дұрыс жауап бергенде ғана жібермекші. Ендеше жауап беріп көрейік( Әр дұрыс жауап үшін 1 баллдан ):
Жауабын тексеру :
3- аялдама « Сынақ түбегі»
Ерігіштік кестені пайдалана отырып, Br-, Cl-, I-, PO43-,SO4-2,CO3-2, SiO3-2, NO3- аниондардың қандай катиондармен тұнбаға түсетінін табыңдар. Топ қатысушыларына 3 минут уақыт беріледі .(Әр дұрыс табылған тұнбаға түсетін катиондар үшін 1баллдан)
Ойынның мақсаты:
«Металдардың жалпы сипаттамасы» тақырыбы бойынша білім алушылардың білімін жүйелеу;
Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын ояту және ой – өрісін дамыту;
Топта жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру және топта ынтымақтастықты ұйымдастыру.
Білімге деген позитивті қатынасты, қызығушылықты, жеңіске деген ерік-жігерді тәрбиелеу.
Міндеттері:
Білімділік: оқушылардың химиялық реакция жылдамдығы туралы білімдерін жинақтау және жүйелеу. Химиялық реакция жылдамдығының маңызы туралы білімдерін кеңейту, зерттелетін тақырыптың өмірмен байланысын көрсету.
Дамытушылық: логикалық пайымдаулар тізбегін құру дағдыларын дамыту;жалпылау және қорытынды жасау.
Тәрбиелік: қарым-қатынас қабілеттерін , орындалған жұмыс үшін жауапкершілікті, өзін-өзі сынауды, аудитория алдында сөйлеу қабілетін дамыту.
Дайындық жұмысы:
Сыныптағы барлық оқушылардан тұратын 2 команда құру.