Модульдік интерактивті оқыту технологиясының мақсаты Тұлғаның танымдық қабілеттерін және танымдық процестерді, яғни жадының алуан түрлерін (есту, көру, қимыл, т.б), ойлауды, ынтаны, қабылдау қабілетін арнайы жасалған оқу және танымдық жағдайлар арқылы дамыту Модульдік интерактивті оқыту технологиясының міндеті Жоғарыда айтылған мақсаттарға бағытталған оқу процесін мұхият құра отырып, оқушылардың білім сапасын едеуір арттыру, білім стандарты бекіткен оқу материалын барлық оқушылардың жүз пайызға қамтамасыз ету Модульдік оқытудың құрылымы Кіріспе бөлімі (модульге, тақырыпқа енгізу) Сөйлесу бөлімі (оқушылардың танымдық қызметін өзара сөйлесу негізінде ұйымдастыру) Қорытынды бөлім (бақылау) 1. Барлық оқу материалын пысықтап, оны оқу бірліктеріне (тұтас тарауға немесе мазмұны бойынша жақын тақырыптар блогіне) бөлу 2. Оқытудың нақты нәтижелері тізбегін құру (яғни, әрбір оқушы нені біліп, үйренуі тиіс) 3. Модуль тақырыбын тұтас баяндаудың оңтайлы формасын ойластыру