Аты – жөні Лауазымы 1


бап: Отбасылық ортадан айырылған балалар



бет6/10
Дата01.09.2023
өлшемі348,97 Kb.
#105816
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
тәрбие жұмыстары 2021ж

20 бап: Отбасылық ортадан айырылған балалар
Отбасынан айырылған кез келген бала үкімет тарапынан арнайы қорғау мен көмек алуға құқылы. Үкімет балаға қажетті тәрбие мен күтімді қамтамасыз ету үшін оның тілін, дінін, мәдениетін құрметтейтін адамдарға баланы тапсыра алады.
21 бап: Асыранды балалар
Асырап алу кезінде балалардың мүдделерін қамтамасыз ету өте маңызды. Мысалы, егер басқа отбасымен тұрып жатқан бала өз елінде тиісті күтімді ала алмаса, оны басқа елде асырап алуға болады.
22 бап: Босқын балалар
Өз елінде қалу қауіпті болғандықтан босқын ретінде басқа елге көшкен балалар көмек пен қорғау алып, сол елде туған балалармен бірдей құқықтарға ие болуы керек.
23 бап: Мүмкіндігі шектеулі балалар
Мүмкіндігі шектеулі әрбір бала қоғамда барынша лайықты өмір сүруге құқылы. Үкіметтер мүмкіндігі шектеулі балалардың барынша тәуелсіз болуын, қоғам өміріне белсенді қатысуын, яғни толыққанды өмір сүру мүмкіндігін қамтамасыз етуі керек.
24 бап: Денсаулық, су, тамақтану, қоршаған орта
Әрбір бала өз денсаулығын сақтау үшін дәрігерлік көмек алуға, таза су ішуге, таза және қауіпсіз ортада өмір сүруге және толыққанды тамақтануға құқылы. Барлық ересектер мен мен балалар денсаулықты сақтау жайында толық ақпаратпен қамтамасыз етілуі тиіс.
25 бап. Баланың тұрмыстық жағдайы
Тұрғылықты жері баланың мүддесіне сай келетініне көз жеткізу үшін күтімге, қорғауға немесе емделуге алынған қамқорлықтағы әрбір баланың өмір сүру жағдайы мен ахуалын үнемі тексеріп отыру қажет.
26 бап: Әлеуметтік және материалдық көмек
Үкімет жағдайы нашар отбасылардағы балаларға қаржылай немесе басқалай көмектесуі керек.
27 бап: Тамақ, киім, қауіпсіз тұрғын үй
Балалар өздерінің толыққанды дамуы үшін тамаққа, киімге және қауіпсіз тұрғын үйге құқығы бар. Үкіметтер бұл құқықты жүзеге асыруға мүмкіндігі жоқ отбасылар мен балаларға көмектесуі керек.
28 бап: Білім алуға қолжетімділік
Әрбір бала білім алуға құқылы. Бастапқы білім алу тегін болуы тиіс. Ал одан кейінгі берілетін орта және жоғары білім әрбір бала үшін қолжетімді болуы керек. Балаларды қабілеттеріне сәйкес келетін мектептік білім деңгейін алуға талпындыру қажет. Мектептегі тәртіп зорлық-зомбылықсыз және баланың адамдық қадір-қасиетін құрметтеуге бағытталған тәсілдер арқылы жүзеге асырылуы тиі29 бап: Білім алудың мақсаттары
Білім алу баланың жеке тұлғасын, дарыны мен қабілетін ашып, оларды дамытуға көмек көрсетуі керек. Сондай-ақ өз құқықтарын түсінуге, ата-аналарын құрметтеуге, сонымен қатар басқалардың құқықтарын, мәдениеті мен өзгеше ерекшеліктерін құрметтеуге ықпал етуі тиіс. Білім алу оларға бейбіт өмір сүруге және қоршаған ортаны қорғауға көмектесуі керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет