Аты – жөні Лауазымы 1



бет8/10
Дата01.09.2023
өлшемі348,97 Kb.
#105816
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
тәрбие жұмыстары 2021ж

39 бап: Қалпына келтіру
Қатыгездіктен, қанаудан немесе қарулы қақтығыстан зардап шеккен балалар көмек алуға, денсаулығын қайта жақсартуға құқылы.
40 бап: Заң бұзушы балалар
Заңды бұзған балалар қажетті көмекке жүгінуге және оларға әділетті түрде қарауға құқығы бар. Оларға қоғамның жақсы азаматы болуға қажетті көмек көрсетілуі тиіс. Оларды бас бостандығынан айыру тек ақырғы шара болуы қажет.
41 бап: Балаларға жанашыр заңдар
Егер елдің заңнамасы балалардың құқықтарын осы Конвенцияға қарағанда жақсырақ қорғайтын болса, онда сол елдің заңы бірінші кезекте қолданылуы қажет.
42-бап: Баланың құқықтары жайлы бәрі білу керек
Үкіметтер бала құқықтары туралы Конвенция жайлы ақпаратты кеңінен таратуы қажет.
43-54 баптар: Конвенцияның ережелері қалай жүзеге асырылады
Бұл баптарда Үкіметтер, Біріккен Ұлттар Ұйымы (соның ішінде Бала құқықтары жөніндегі комитет және ЮНИСЕФ) және басқалар бірлесе отырып, балалардың құқықтарын қамтамасыз ету үшін қандай әрекеттер жасауы қажет жайлы ақпаратты қамтиды.
Бұл құжат БҰҰ Бала құқықтары жөніндегі комитеттің қолдауымен дайындалды. БҰҰ-ның Бала құқықтары туралы конвенциясының орыс тіліндегі толық мәтінімен БҰҰ сайтында танысуға болады

МҰҒАЛІМНІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ТУРАЛЫ ЗАҢЫ
Педагог жұмыскердің:
1) кәсіби қызметіне арналған жағдаймен қамтамасыз етіле отырып, педагогтік қызметпен айналысуға;
2) ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-эксперименттік жұмыспен айналысуға, педагогтік практикаға жаңа әдістемелер мен технологияларды енгізуге;
3) дара педагогтік қызметке;
4) тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптары сақталған жағдайда педагогтік қызметті ұйымдастырудың тәсілдері мен нысандарын еркін таңдауға;
5) білім беру ұйымдарын басқарудың алқалы органдарының жұмысына қатысуға;
6) бес жылда бір реттен сиретпей, ұзақтығы төрт айдан аспайтын біліктілігін арттыруға;
7) санатын арттыру мақсатында мерзімінен бұрын аттестатталуға;
8) педагогтік қызметтегі табыстары үшін мемлекеттік наградалар, құрметті атақтар, сыйлықтар мен атаулы стипендиялар түрінде моральдық және материалдық көтермеленуге;
9) өзінің кәсіптік ар-намысы мен қадір-қасиетінің қорғалуына;
10) әскери қызметке шақырылу мерзімінің кейінге қалдырылуына;
11) ғылыми қызметпен айналысу үшін педагогтік өтілі сақтала отырып, шығармашылық демалыс алуға;
12) білім беру ұйымы әкімшілігінің бұйрықтары мен өкімдеріне шағым жасауға;
13) білім алушылар, тәрбиеленушілер және олардың ата-аналары немесе өзге де заңды өкілдері тарапынан өз ар-намысы мен қадір-қасиетінің құрметтелуіне құқығы бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет