көк түсалған топқа «домалақ-жер әлемі» Балалар таңдаған түстері туралы мағлұмат беру.
Қызыл түс – өте ерекше сұрақты көп қоятын,ойларын еркін айтатын белсенді балалар. Бұл топ «Аспан әлемі-жұлдыз»тобы. Таныс болыңыздар!
Көк түс – Ақылды,алғыр.Адалмен шешуді жақтайтын, ақжарқын балалар. «Жер әлемі-домалақ» тобымен таныс болыңыздар!
Ғажайып көңіл күй қалыптастыру сәті: - Ендеше, менің сиқырлы қалпағымның көмегімен біз аспан әлеміне саяхатқа барамыз. Қане, бәріміз көзімізді жұмамыз.
(Балалар көздерін жұмады, ашқан кезде ғарыш айлағын көрінісі көрінеді)
-Балалар,сендер ғарыш әлемі туралы білгілерің келе ме? Ендеше мені мұқият тыңдаңдар.Ғарышкер дегеніміз олар ғарышқа,аспан әлеміне ұшатын адамдар.
- Зымыранмен ғарышкерлер ұшады. Олар ғарышқа ұшып барып, аспан әлемін зерттейді. Біз бүгін ғарышкер ағалармен, аспан әлемімен танысамыз. Зымырандар ұшатын орынды ғарыш айлағы деп атаймыз. Біздің Қазақстанда ғарыш айлағы Байқоңыр деген жерде орналасқан. Байқоңыр ғарыш айлағы - Қазақстанда, оның ішінде өзіміздің Қызылорда облысында орналасқан.
- Міне, балалар, біз ғарыш айлағын келдік. Нелерді көріп тұрмыз?
Енді көзімізді жаймен ашып айналаға қарайықшы!
І ҚАДАМ «Ой қозғау» әдісі Проблемалық жағдаят:«Кім болам?»сәйкестендіру жұмысы(мамандық туралы)
Арманға жету үшін жақсы оқып, спортпен айналысу керек. Яғни көп еңбектенген адам арманына жетеді.
Ал сендер өскенде кім болуды армандайсыңдар?
Ол үшін сендер көп білім алып, оқуларың керек. Әңгімемізді бастамас бұрын, мен сендермен мамандықтар жайында әңгімелескім келеді. Балалар, айтыңдаршы, сендер қандай мамандық түрлерін білесіңдер?
(балалардың жауабы ).
- Дұрыс айтасыңдар. Мұғалім, дәрігер, құрылысшы, жүргізуші, өрт сөндіруші, дүкенші, шаштараз тағы басқа көп мамандар бар екен. Әрбір мамандық адамзатқа өте қажет екен.
Мысалы: дәрігер-адамдарды емдейді, мұғалім-балаларды оқытады, жүргізуші – көліктер жүргізеді, өрт сөндіруші – өрт сөндіреді.
Ал бүгін біз сендермен тағы бір маман түрімен танысамыз – бұл ғарышкер
— Ғарышкерлер дегеніміз кімдер?
— Ғарышкерлер дегеніміз – олар ғарышқа, аспан әлеміне ұшатын адамдар
Балаларға ғарыш туралы түсінік беру.
— Мынау аспан әлемі. Аспан әлемінде көптеген жұлдыздар, шоқ жұлдыздар бар.
Аспан әлемінде 9 ғалам бар. Сол ғаламның үшіншісі Жер деп аталады. Ал біздер сол Жер ғаламында өмір сүреміз.
— Балалар сендер қандай әуе көліктерін білесіңдер?