(жылуөткізгіштік, конвекция, сәулелену) 2. Кондесация кезінде дененің ішкі энергиясы қалай өзгереді?(Төмендейді) 3 Сұйықтың кебу жылдамдығы неге байланысты? (сұйық бетінің ауданына, тегіне, температурасына) 4. Егер су құйылған стақанды жылы бөлмеден температурасы 00С болатын басқа бөлмеге ауыстырса, ондағы су булана ма? (Ия) 5. Молекулалардың ретсіз қозғалысы (жылулық қозғалыс) 6. Сұйықтың барлық көлемінде жүретін булану (қайнау) 7. Неге қыстың аязында адамның сақал мұртына қырау қатады? (Бу конденсацияланады, содан кейін кристалданады.) 8. Ылғалдылықты өлшейтін құрал (психрометр) 9. Табиғаттағы ең төменгі шектік температура -273 0С-қа тең, ол не деп аталады? (температураның абсолют нөлі) 10. Өз сұйығымен динамикалық тепе-теңдікте болмайтын бу (қанықпаған бу) 11. Бір стақанда ыстық және екіншісінде суық су бар. Осы екі стақандағы сулардың ішкі энергиялары бірдей ма?(Бірдей емес) 12. Температурасы өлшенетін денемен жылулық байланыста болатын құрал (термометр) 13. Сұйықтың бірлік массасын қайнау температурасында буға айналуға қажетті жылу (меншікті булану жылуы) 14. Өзінің сұйығымен динамикалық тепе-теңдікте болатын бу (қаныққан бу) 15. Салмақсыздық кезінде жылу беріле ме? (Жоқ) 16. Булану деп нені айтады?(Сұйықтың буға айналуы) 17. Жылу өткізгіштігіне қарай заттар нешеге бөлінеді? (нашар, жақсы өткізгіштер, диэлектриктер) 18. Бір зат молекулаларының басқа бір зат молекулаларының аралағына ену құбылысы (диффузия) 19. Аяздан жылы бөлмеге кірген адамның көзілдірлігі неге терлейді? (Ылғалдылық жоғары болғандықтан) 20. Қатты денелерде және вакуумде конвекция процессі жүрмейді. Неліктен? (Жылу ағын арқылы беріледі )