Қатысты жағы басым екендігіне назар аударады. Алғашқы тҽңірлік бейненің қалыптасу кезеңдеріне тоқталады. Архетип бейнесінің ҿнерге қатысты жағы сҿз болады


ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №3, 2019



Pdf көрінісі
бет3/11
Дата09.02.2023
өлшемі446,61 Kb.
#66373
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
THE APPEARANCE AND CHARACTER OF THE GOD IN KORKYT\'S SHAMANISTIC CONVICTIONS[#1159630]-2586559

 
ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №3, 2019 
 
 
42 
қалып жатады. Мұндай мифтік ҽңгімелердің шығу тҿркіні алғашқы қауымдық құрылысы мен 
кейінгі тайпалық қоғамның ҿмір сүру кезеңдерінен сақталған кҿне нанымдардың қалдықтары 
қазіргі күнге шейін ел жадында қалып қойған. Жалпы Қорқыт жайлы айтылатын аңыздарды 
кейінгі дҽуір, яғни еркек кіндіктілердің үстемдікке ие бола бастаған, қалалық мҽдениеттің 
дами бастаған тұсында дүниеге келген аңыздар деп қарастыруға болады. 
Қорқыттың дүниеге келуі кҿне мотивке жатады. Қорқыттың туылуы туралы сақталған 
кҿне аңыздың шығу тҿркіні шамандық тҽңірінің реликті бейнесінен келіп шыққан болуы 
керек. Оның дүниеге келуінің ҿзінде тҽңірлік сипаттың белең алатындығын кҿруге болады. 
Мысалы, Құдай бейнесінің сҽуле ретінде жерге түсуі, нұрдың сипатын құдіретті етіп 
бейнелеу үшін айналаның астан-кестеңін шығарып, адамдардың үрей құшағында 
болғандығы туралы кҿне діндерде сақталған түсініктер кездеседі. Соның бірі яхудилердің 
«Таурат» кітабында айтылатын Мұса пайғамбардың Синай тауында құдаймен тілдескен 
сҽтін былайша бейнелейді: «Адамдар таудан жырақта жиылып тұрады, таудың басына от пен 
жалынға оранған Яхве түседі. 
Үшінші күн дегенде, таң атқанда күн күркіреп, найзағай ойнайды, тау басын қалың 
бұлт басып, күшті керней даусы естіледі. Қосындағы бүкіл халық қорқыныштан дірілдейді. 
Сосын, Мұса қасындағы халқын Құдаймен кездесу үшін тау етегіне жинайды. Синай тауы, 
Құдай (Яхве) оған отқа оранып енген кезде түгел бықсып жанып тұрды, пештен шыққан 
жалындай таудан түтін будақтап шығып, бүкіл тау теңселіп тұрды» [2, 34 б.].
Демек, Яхве құдайдың жерге түсуі үшін үш күн уақыт керек, ол жай ғана түспейді 
таудың басын қалың бұлт басады, найзағай ойнайды, айналаның барлығы құдайдың 
құдіретіне шыдамай күлге айналады. Синай тауы отқа оранып, бүкіл тау теңселіп кетеді 
екен. Мұндай суреттеу Қорқыт атаға да қатысты. 
Фольклор жинаушы Ҽ.Қайнарбаев Сыр бойынан жинаған аңызда Қорқыттың тууы 
туралы мынадай дерек келтіреді: «Ол дүниеге келер алдында анасы құланның жаясына жерік 
болып, жерігі бір жылда ҽрең қаныпты. Анасы Қорқытты құрсағында үш жыл тоғыз күн 
кҿтеріп, жылына бір рет толғақ қысып тарайтын болыпты. Ақырында туатын жылы тоғыз 
күн толғатып үш күн үш түн қараңғылық болып, қара жаңбыр, қара дауыл соғып біреуді-
біреу кҿре алмай елі-жұрты қатты қорқынышқа ұшырапты. Сол қараңғылық қорқынышта 
туғандықтан атын Қорқыт қойыпты. Туған кезде Қорқыттың тісі, тілі шығып сҿйлей туыпты-
мыс. 
Қорқыттың туған жері Ҽзіреттің Қаратауы мен Сырдың аралығындағы бір таудың 
қойнауында туған екен. Туғаннан соң ол тауға Қараспан деп ат қойылыпты. Оған дҽлел ел 
аузындағы ескі аңызда айтылатын мынадай сҿз шумақтары бар екен:
Қорқыт туар кезінде 
Қараспанды су алған, 
Қара жерді құм алған. 
Туарда қорқып ел-жұрты, 
Туған соң ҽбден қуанған!- 
деп айтылатұғын ҿткен атақты қобызшылар мен дҽрбеті бақсылардың қобызға қосып сарнап 
айтатын сҿздерінің бастамасы екен» [3, 3-9-бб.].
Яхудилер Яхве құдайын үш күн күтсе, оғыз-қыпшақтар Қорқыттың дүниеге келуін үш 
жыл күтеді. Екеуінде де жақындық бары байқалып тұр. Тҽңірлік сенім бойынша бүкіл 
бақсылардың пірі, тҽңірдің жердегі ҿкілі, халықты тура жолға бастаушы кҿсемі жай ғана 
туыла салмайды. Демек, кҿне сенім бойынша оның дүниеге келуі де тҽңірлік сипаттың бір 
түріне жатады. Қорқыт жастайынан жаратушының тылсым дүниесін халыққа үн арқылы 
жеткізу үшін ғажап аспап ойлап табады. Қобызда ойнап отырып дүниедегі жан-жануарларды
да құстарды да ҿзіне тҽнті етумен болады. Осылайша Тҽңірінің құдіретін күй арқылы жеткі- 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет