Атмосфера



бет3/4
Дата21.11.2022
өлшемі91,65 Kb.
#51588
1   2   3   4

Қар жамылғысы

Салқын кезеңде жер бетiне жауған қар ортаңғы және жоғарғы ендiктерде қар жамылғысын құрайды. Қар жамылғысы жылу балансы мен ауа ылғалдылығы режимiне үлкен ықпал жасайды. Әр климаттық аймақтарда қар жамылғысының түзiлу мерзiмi мен жату ұзақтығы әртүрлi болады және ол төменгi ендiктерде тез ерiп кетедi.

Метеорологияда қар жамылғысының күйi оның биiктiгiмен, тығыздығымен, құрылысымен және жату сипатымен анықталады.

Қар жамылғысының тығыздығы - қардың салмағының көлемiне қатынасы ретiнде анықталады және өте өзгермелi келедi. Жаңа жауған ұлпа қардың тығыздығы 0,04 – 0,1 г/см3 болса, жылымықтан кейiн тығыздалып көктемде 0,6– 0,7 г/см3-қа жетедi. Қардың орташа тығыздығы 0,2– 0,25 г/см3 құрайды.


Қар жамылғысының биiктiгi бiрлiк беткейге жауған қардың мөлшерiне, оның тығыздығына және рельефке байланысты болады. Қар жамылғысының биiктiгiне өсiмдiк, жел және температура режимi де әсер етедi. Ең биiк қар жамылғысы Енисейдiң ортаңғы ағынында (110 см), Камчатка мен Орал тауының батыс беткейiнде (90 см) байқалады. Қоңыржай белдеуде қар жамылғысының биiктiгi 30–50 см құрайды және тауларға қарай бiршама ұлғаяды.
Қар жамылғысының жердi жауып жату сипаты ауа райы мен рельефке байланысты. Ашық далалы жерлерде әлсiз жел кезiнде қар жамылғысы бiркелкi жатады, ал қатты жел тұрғанда қар бiр жерден екiншi жерге орын ауыстырады. Егер жылымықтан кейiн қардың бетi ерiп, қайта қатса, оған жел онша әсер ете қоймайды.
Қардың маңызды сипаттамаларына оның жылуөткiзгiштiгi, шағылдыру және сәулешашу мүмкiндiгi т.б. жатады. Қар неғұрлым тығыз болса оның жылуөткiзгiштiгi де соғұрлым жоғары болады. Қардың жылуөткiзгiштiгi шамамен ауадан 10 есе артық, топырақтан 10 есе кем.
Жаңа жауған таза қардың шағылдыру мүмкiндiгi қысқатолқынды радиация үшiн (альбедо) 90–95 %, ал тығыз ескi қардiкi – 30 %. Орташа алғанда қардың альбедосы 70–80 % аралығында болады.
Қардың салыстырмалы сәулешашу мүмкiндiгi де өте жоғары. Қар жамылғысы ұзынтолқынды радиацияны абсолюттi қара дене сияқты шашады, яғни салыстырмалы сәулешашу мүмкiндiгi 99,5 % тең.
Қар жиегi. Тау басындағы жыл бойы қары ерiмейтiн аймақтың төменгi шекарасын қар жиегi дейдi. Қар жиегiнiң биiктiгi ауа температурасы мен жауын-шашын мөлшерiне, географиялық ендiкке байланысты болады. Неғұрлым температура жоғары болса, соғұрлым қар жиегi жоғары орналасады. Неғұрлым жауын-шашын (қар) көп жауса, соғұрлым қар жиегi төмен орналасады.
Қазақстанның далалы аймақтарында қыстың күнi қауiптi меторологиялық құбылыс – борасын жиi болып тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет