Борасын (бұрқасын, боран) деп күштi үрдiс соққан желдiң қарды ұйтқыта ұшыруын айтады. Қар қиыршықтары горизонтальдi бағытта ұшып көрiнiстi нашарлатады, қардың жауып немесе жаумай тұрғанын байқау қиын. Борасын көбiне фронттық бұлттылықпен байланысты дамиды. Ол желдiң жылдамдығы 5м/с-тан асқанда басталады. Борасын ауыл шаруашылығына орасан зиян келтiредi, ал жер транспортына кедергi жасайды.
Желдiң қарды жер бетiнен көтеру биiктiгiне байланысты жәй борасын, жаяу борасын және жалпы борасын деп ажыратылады.
Жалпы борасын (қарлы борасын) - қардың жоғары көтерiлуiмен қабаттасып бұлттардан қардың жаууы. Кейде ондай кезде аспан көрiнбейдi, горизонтальдi көрiнiс те өте нашарлайды.
Жаяу борасын – күштi желдiң қарды жер бетiнен 2 метрден де жоғары көтеруi. Онда аспанның күйiн анықтауға болады, горизонтальдi көрiнiс бiршама нашарлайды.
Жәй борасын – желдiң қарды жер бетiнен 2 метр биiктiкке дейiн көтеруi, көбiне ашық аспан жағдайында байқалады, ал горизонтальдi көрiнiс онша нашарламайды.
Қар жамылғысының климаттық мәнi.Жылуөткiзгiштiгi өте кiшi болғандықтан қар жамылғысы топырақ қабатын тереңдеп қатудан және температураның шұғыл тербелiсiнен сақтайды, себебi қар бетi мен топырақ арасындағы жылуалмасу әлсiз. Топырақты салқындаудан әсiресе жаңа жауған ұлпа қар жақсы сақтайды. Тығыздалған қардың жылусақтау қасиетi төмендейдi.
Шағылдыру және сәулешашу мүмкiндiктерi өте жоғары болғандықтан қар бетi қызбайды, ал жылуөткiзгiштiгiнiң әлсiздiгi топырақтан келетiн жылуды азайтады. Сондықтан да қар бетiнiң радиациялық балансы әрқашанда терiс, ал температурасы ауа мен бетi ашық топырақтан төмен болады. Сондықтан қар жамылғысы атмосфераның төменгi қабатының температурасының төмендеуiне себепкер болады, әсiресе нәтижелi сәулешашу жоғары болатын ашық ауа райы жағдайында.
Қар жамылғысының еруi және ығуы мына себептермен болады:
Қар жамылғысындағы су қорыдеп қардың ерiгенде (ағып және сiңiп кетпей, буланбай) құрайтын миллиметрмен алғандағы су қабаты (мм). Су қоры қардың биiктiгi мен тығыздығына байланысты анықталады.
Қар жамылғысының халық шаруашылығында, әсiресе ауыл шаруашылығында маңызы зор.
Қыстың күнi қар жамылғысы топырақты қатудан сақтайды, күзде егiлген дәндi дақылдарды және басқа да қыстап шығатын өсiмдiктердi үсiктен сақтайды. Қар жамылғысы кеш орнықса немесе аз жауса өсiмдiктер үсiп кетуi мүмкiн.
Қазақстан үшiн көктемде ерiген қар суы егiс алқаптарының негiзгi су қоры болып табылады.