Түйсіктің қасиеттері: 1. «Адаптация» - (латын сөзі қазақша икемделу, бейімделу деген мағынаны білдіреді). Сезім мүшелерінің сезгіштігі әсер ететін тітіркендіргіштерге біртіндеп бейімделуіне қарай езгеріп икемделеді. Бүл қүбылысты - адаптация дейді.
2. «Сенсибшизация» - (латын созі қазакша мағынасы — сезгіш). Егер адаптация кұбылысты талдағыштар сезгіштігінің түрлі жағдайларға орай бәсевдеуінің корсеткіші болса , ал сенсибилизация — сезгіштіктің тек артуын гана көрсететін кұбылыс.
J. «Синестезш» - (грек сөзі қазақша мағанасы қосарласқан түйсік дегенді білдіреді). Синестезия - түйсіктердің өзара байлаиысының шамадан тыс дамыган бір көрінісі. Тітіркендіргіштер сезім мүшелерінің біреуінде ғана түйсік туғызудың орнына сол сэтте басқа түйсіктердің пайда болуына да жағдай жасайды. Мэселеғі, кейбір адамдар біреудің сөзін естігенде, бұған қоса түрлі дэмдер мен түстерді де сезінуі мүмкін. Сондай адамдардың бірі қызғылт түстен жылылықты, екіншілері көгілдір жасыл түстен суықгы сезінеді. Түйсіктердің осылайша қосарланып журуін синестезия дейді. Орналасуы мен тітіркеыдіргіштерді қайдан алатынына қарай рецепторларды үш топқа бөлуге болады:
1. Экстерорецепторлар (кору, есту, сипау).
2. Проприорецепторлар (булшық ет, сіңірден іиыгатын
түйсіктер).
3. Интерорецепторлар ( аштықты, шөлдегенді түйсіну).
Түйсік түрлері адамның іс - эрекетіне, мамандығына, өмір
тэжірбиесіне байланысты айқын сипатталады да адамның сезім мүшелерінің жүмысын жоғары сатыға көтеріп, мэдениетін арттырады.
Қабылдау - түсінігі мен қабылдау табиғаты. Заттар мен күбылыстардың өз қасиеті мен бөлшектері жиынтығымен қосылып сезім мүшелеріне тікелей әсер етуі кезіндегі түтас түрде бейнеленуі. Белгілі бір заіты сезіп түйсіну қабылдаудың айрықша қасиеті болып табылады. Қабылдау мүмкіндіктері тек сезім тітіркендіргішке жауап беру ғана емес, сонымен қоса белгілі бір заттың сипаты ретінде сезімтал түйсіну болып табылады. Ол сенсорлық жэне қозғалыс аппараттарыньщ жете дамуын болжамдайды. Оның эрекетпен осы байланысы адамда қабылдаудың даму тарихының жолын анықтайды. Бүл ерекше таным әрекеті болып табылады. Мұнда жеке санада пайда болатын бейнені затпен сальтстыру, беттестіру болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |