11. Дәріс такырыбы: Сезімдер мен эмоциялар.
Жоспары:
1. Сезім жэне эмоция туралы үғым.
Сезімді бастан кешірудің түрлері.
Жоғары дэрежедегі сезімдер.
Сезім мен эмоцияның функциясы.
Негізгі әдебиеттер:
1. НемовР.С. Психология 1к. М.-2000гл.1
Столяренко Л.Д. Общая психология М.-200І гл.-І
Рогов Е.И. Общая психология M.-2001
Аддамү.ратов Ә.Ж. Жалпы психология A.-1998
Н. Берікүлы Жаіггану Ақгөбе-2006. Қосымиш әдебиеттер:
1. Гамезо М.В. Курс психологии M.-1999
2. Климов Е.А. Общая психология M.-2001
Сезім <)еи-сырқы дүние заттары мен құбылыстарының адамның қажеттеріне сэйкес келу-келмеуінің нэтижесінде пайда болып отыратын психикалық процестердің түрін атайды. Сезімдер өте күрделі психикалык процестердің бірі. Сезімдер адамньщ тіршілік кажетіне, езара қарым-қатынасына байланысты сан алуан формаларда көрінеді. Адам сезімдері тарихи-әлеуметтік сипатта болады. Демек, адамның өмірі қоғамға байланысты, оның эрекеті де қоғамдық саналы эрекет. Олай болса, адамның сезімдері де қоғамдық сипатта болып, сезімнің мазмұнын қоғамдық болмыс белгілеп отырады. Сезімдердің екінші ерекшелігі- олардың актив (қажырлы) жэне пассив (солғын) болып бөлінуінен көрінеді. Адамға күш беріп, эрекетке ұмтылдыратын, көтеріңкі сезімдер мен эмоцияларды стеникалыц, ал бұлардың баяу, солғын түрлерін астеникалың деп атайды. Стеникалык сезімдерге жауапкершілік, жолдастық, достық, айбаттылык сезімдер тса, ал астеникалық сезімдерге уайым, енжарлық, көңілсіздік т.б. сезімдер жатады. Түрлі нақтылы жағдайлардың ретіне қарай адамдарда бір сезімнің өзі бірде қуатты, бірде әлсіз болып көрінуі мүмкін. Сезімдердің үшінші бір ерекшелігі-жігерлендіру және кернеуден босану немесе шешілу. Б^л да сезімдердің қарама-қарсы сапаларының бірі. Мәселен, студенттердің емтиханнан отуі, спортпен айналысатын адамның мэреге жетуі шешуші кезеңдер болып табылады. Мәреге тақалганда адам барлық күш жігерін жұмылдырады. Осы кезең өткен соң, басқа бір күйге түседі. Мұны кернеуден босану (шешілу) сезімі дейді. Сезімнің қораш, солғын, селсоқ болуы іске кедергі келтіреді.Адам не үшін күрессе, соны жан-тәнімен жақсы көріп, неге қарсы күрессе, соны елердейжек көріпотыруы керек.
Достарыңызбен бөлісу: |