«Ақтөбе облысының білім басқармасы Әйтеке би ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Санаториялық үлгідегі Балдырған балалар мекемесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі


Бағдарлама мазмұны бойынша меңгерілуге тиісті білім мен біліктілікке қойылатын талаптар



бет2/38
Дата30.05.2022
өлшемі121,7 Kb.
#35984
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38
Байланысты:
0.ойыншықтар вариотив 22

Бағдарлама мазмұны бойынша меңгерілуге тиісті білім мен біліктілікке қойылатын талаптар:

  • балалар тақырыпты өздігінен талдап, оқылған сабақ жайында өзіндік сезінуі, түйсінуі негізінде баға беру, ойларын жеткізе білу;

  • тақырыпқа байланысты талдау жасай білуі;

  • тақырыбы бір – біріне ұқсас оқиға желісіне байланысты ажырата, салыстыра білуі;

  • тақырыптарды өмірмен байланыстыра алу;

  • ойын арқылы тілін жетілдіру.

Бүлдіршіндердің бір – бірімен ауызекі сөйлесуі арқылы тілді меңгеруіне ықпал етеді. Сабаққа балалардың қызығушылығын оятып, кейіпкердің жағымды және жағымсыз қылықтарын бағалап, өз ойларын еркін айта білуге дағдыландыру.
Бағдарламаның мазмұны қарапайымдыдан күрделіге көшу қағидасына негізделе отырып жасалған.
Пайдаланылған әдебиеттер:



  1. Бала мен балабақша журналы 2011 жыл № 5

  2. Отбасы және балабақша журналы 2013 №2

  3. Мектепке дейінгі тәрбие журналы 2012 №3

  4. Жаттамақ (Балаларға арналған)

  5. Казахский язык.Хрестоматия , Еденбаева З.Д.,Сарсенбаева А.У., «Алматыкітап» 2008ж

  6. Көркем әдебиет 2014ж

  7. Тіл дамыту 2015ж

  8. «Ойлаумен, ой толады...»Д.Болатаева,Алматы «Балауса» 2004жыл


Күні________
Білім беру саласы: Вариативтік компонент
Бөлімі: «Ойыншықтар әлеміне саяхат»
Тақырыбы: Менің ойыншықтарым
Мақсаты: Балаларды ойыншықтың түрімен таныстырып, ойыншықты әдемі жинауды үйрету.
Алдын –ала жүргізілетін жұмыстар:Ойыншықтар дүкеніне саяхат,мазмұнды рөлді «Дүкен»ойынын ұйымдастыру.
Әдіс – тәсілдер:Сөздік,көрнекілік,ойын,сұрақ-жауап.
Қажетті құрал – жабдықтар: Ойыншықтың суреті.
Педагогтың іс-әрекеті
Мотивациялық – қозғаушылық
Жылулық шеңберіне жиналу.
Кел балалар күлейік,
Күлкіменен түлейік.
Күлкімізді күн қылып,
Гүл өссін деп тілейік
Балаларжылулық шеңберіне тұрады.
Балалар, қалай ойлайсыңдар ойыншықты кімдер жасайды?
Балаларды екі орталыққа бөліп,
бірінші орталықтағы балаларға машина,қуыршақ,кірпі,күшік,робот,автобус,құрылыс материалдары,т.б.әртүрлі материалдардан жасалған ойыншықтардың ішінен өзіне ұнаған ойыншықтың біреуіне сипаттама жасауды,екінші орталықтағы балаларға ойыншықтарға арнап үй құрастыруды тапсырады.
Екі орталықта жұмыс істеген балалардың жұмыстарын қадағалап,
Сергіту сәті музыйкамен (қимылды би)
Екінші орталықтағы балалар ойыншықтарға арнап үй құрастырып, соңынан барлық құрастырған үйлерді біріктіріп қалашық (городок) жасайды.
Балалар қимылмен орындайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет