Күтілетін нәтиже:
Бала білуі керек:ойыншықтардың жасалу жолдарын,
Бала игеруі керек:ойыншықтармен ұқыпты ойнауды,
Бала меңгеруі керек:ойыншық туралы тақпақтарды.
Толтырған тәрбиеші: ________
Тексерген әдіскер: ________
Күні________
Білім беру саласы: Вариативтік компонент
Бөлімі: «Ойыншықтар әлеміне саяхат»
Тақырыбы: Қуыршақты жуындыру.
Мақсаты: Балаларды қуыршақпен таныстырып, қуыршақты қалай жуындыруды үйрету. Қуыршақ өлеңін жаттату.
Көрнекіліктер: Қуыршақтың суреті.
Сөздік жұмыс: сүлгі.
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Баланыңіс-әрекеті
Мотивациялық-Қозғаушылық.
Балалар сендер таза жүргенді ұнатасындар ғой. Әр уақытта таза, ұқыпты жүретін балалардың достары нелер, білесіңдер ме?
Балалар білмесе көмектеседі.
-Сабын, су, сүлгі, айна, тарақ.
«Сү-сү сүлгі» деген буын-сөздің айтылуын қайталап айтқызып үйретеді.
Балалар қимыл-қозғалыспен шаттық шеңберін жасайды.
Балалар тыңдайды, білуге талпынады.
Қайталайды.
Ұйымдастырушылық-ізденістік
Ғажайып сәт.
-Балалар бізге қуыршақ Айгүл қонаққа келді. (Қуыршақ Айгүлдің үстінің кір болып кеткенін айтып, менен өзін шомылдыруды өтінеді).
-Кәне, балалар, Айгүлді бірге шомылдырайық. Киімін шешіп, таза суға шомылдырайық. Алдымен бас киімін, сонан соң аяқ киімін шешейік.
Киім шешу ретін көрсетеді. Шешіп отырып, киімдерінің аттарын айтып отырады: баскиім, аяқкиім, көйлек. Шешіп болған соң, шомылдырады. Ыдысқа су құйып, сабынмен денесін сабындап, одан соң таза сумен жуындырамыз, болған соң сүлгімен сүртіп, денесін құрғатып, таза киімдерін кигіземіз.
Сергіту сәті. Музыкамен
Қуыршақ өлеңін жаттату
1.«Не жоқ?» дидактикалық ойыны (киімдердің суреттерімен). Киімдерді тізіп қояды, жоқ киімді табады. Көздерін жұмдырады, біреуін алып қояды. Көру, есте сақтау қабілеттерін дамытады.
Достарыңызбен бөлісу: |