«атом және атом ядросының физикасы» ПӘнінен зертханалық ЖҰмыстарды орындауға арналған оқУ-Әдістемелік қҰрал



бет11/24
Дата15.11.2023
өлшемі1,78 Mb.
#124156
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   24
Бағдарламалық бөлім
Жұмысқа дайындық

Зертханалық кешенде компьютердің болғанын қажет етпейтін автономиялық (қолмен басқару) режимінде және ПК-ге қабысуы арқылы қолдануға болады. Оқу қондырғысының, персоналдық комьютермен қабысуы үшін, басқару байттарымен мәлімет байттарын бөліп отыратын, арнайы мәліметтермен алмасушы хаттама жасап шығарылған. Түсіп жатқан мәліметтерді визуализациялау (дисплейге шығару) үшін ФКЛ-2М-1К-ға арналған LabVisual 2.5 тыс-бағдарламасы қолданылады. Құрылғы компьютердің ЮЗБ-портына арнайы жалғағыш кабель арқылы қосылады.


LabVisual 2.5 бағдарламасы ОС Windows пен VirtualBox арнайы эмуляторы арқылы ОС Linux-та да ойдағыдай жұмыс істей алады. Бағдарламамен қоса берілетін дискыларда лайықты папкаларда (мұқабаларда) осы операциондық жүйелерде орнату мен жұмыс істеу үшін арналған лайықты бағдарламалар бар. LabVisual 2.5 бағдарламасының толықтай орнату нұсқауы 2.5 қоса берілетін басшылықта болады. Зертханалық құрылғымен бірге жинақтамада LabVisual 2.5 бағдарламасы алдын-ала орнатылған және жұмысқа дайын күйінде ПЭВМ берілед. (барлық алдын-ала даярланған және орнатылған бағдарлама, егер басқаша келісілмесе GNU GPL v2 лицензиясы келісімі бойынша тегін беріледі. Барлығын нақты түсіну үшін п. 1.1 и пп. 4 және LabVisual 2.5 бағдарламасына арналған нұсқауды қараңыз).
Бағдарламаны орнатқаннан кейін (шамамен 1 мин.) автоматты түрде LabVisual 2.5 тәжірибелік құрылғысының тыс-бағдарламасы ашылады. Егерде бағдарлама автоматты түрде ашылмаса, ауани жұмыс үстелінде компьютерлік тышқанның сол жақ батырмасы арқылы LabVisual 2.5 бағдарламасының ярлыгын екі мәрте басу қажет. Бұл ретте тәжірибелік қондырғымен жұмыс істеу үшін LabVisual 2.5 бағдарламасының басты терезешесі ашылуы тиіс (6.1 сурет) .
LabVisual 2.5 бағдарламасы қолданушыға оңай болатын, қарапайым, интуициялық түсінікті интерфейсімен жабдықталған. БАСҚАРУ пульті жүйе (СЕТЬ. АНАЛОГОВАЯ ЧАСТЬ) аналогты бөлігі және жүйе цифірлік бөлігі (СЕТЬ. ЦИФРОВАЯ ЧАСТЬ) деп аталатын екі айырып-қосқыштан тұрады. Жұмыстың басында жарықтың көзі сынаптық газоразрядты шамды - жүйе аналогты бөлігі (СЕТЬ. АНАЛОГОВАЯ ЧАСТЬ) айырып-қосқышы арқылы қосқанжөн. Шам 3-5 минут қызған соң жүйе цифрлык бөлігі (СЕТЬ. ЦИФРОВАЯ ЧАСТЬ) батырмасы арқылы қорек сымының цифрлық бөлігін қосамыз.
Оқу құрылғысының цифрлық бөлігі қосылып, Юзб қабылдағыштың конфигурациясы аяқталғанша, және СКД LCD дисплейіне арнайы шақырылым шыққанша, қондырғы компьютердің юзб-портынан сөндірулі болуы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет