«атом және атом ядросының физикасы» ПӘнінен зертханалық ЖҰмыстарды орындауға арналған оқУ-Әдістемелік қҰрал



бет1/24
Дата15.11.2023
өлшемі1,78 Mb.
#124156
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
Байланысты:
Косжанова А.Г. Атом және атом ядросының физикасы пәнінен зертханалық жұмыстарды орындауға арналған оқу-әдістемелік құрал


ҚОСТАНАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ
ЖАРАТЫЛЫСТАНУ-МАТЕМАТИКА ФАКУЛЬТЕТІ

ФИЗИКА-МАТЕМАТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ЖАЛПЫ ТЕХНИКАЛЫҚ


ПӘНДЕР КАФЕДРАСЫ
КОСЖАНОВА А.Г.
НУПИРОВА А.М.


«АТОМ ЖӘНЕ АТОМ ЯДРОСЫНЫҢ ФИЗИКАСЫ»
ПӘНІНЕН ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫ
ОРЫНДАУҒА АРНАЛҒАН ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛ




Қостанай
2018


ӘОЖ 539 (075.8)
КБЖ 22.383я73
А 90


Сын пікір берушілер:
Медетов Н.А. – ф-м.ғ. докторы (Байтұрсынов атындағы ҚМУ Ақпараттық технологиялар факультетінің деканы)
Қалжанов М.У. – ф-м.ғ. кандидаты (ҚМПИ, физика-математикалық және жалпы техникалықпәндер кафедрасының доценті)

Косжанова А.Г., Нупирова А.М.


«Атом және атом ядросының физикасы» пәнінен зертханалық жұмыстарды орындауға арналған оқу-әдістемелік құрал / А.Г. Косжанова. – Қостанай: ҚМПУ, 2018. – 62 б.

ISBN 978-601-7934-45-3


Жоғары оқу орындарнында оқитын студенттер үшін «Атом және атом ядросының физикасы» пәнінен зертханалық жұмыстарды орындауға және атом физикасы заңдарын эксперименталды зерттеуге арналған оқу-әдістемелік құралы. Студенттердің назарын тәжірибелерден, яғни физикалық құбылыстардан және олардың заңдылықтарынан ақпараттар алу. Жұмысқа дайындық кезінде білімін тексеру үшін сұрақтар қарастырылған.

ӘОЖ 539 (075.8)


КБЖ 22.383 я73
А 90

Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының


Ғылыми кеңесінің шешімі бойынша басылады
ISBN 978-601-7934-45-3

МАЗМҰНЫ




Кіріспе...............................................................................................................

3

Зертханалық жұмыс № 1

α-бөлшектердің шашырауы бойынша Резерфорд тəжірибесін моделдеу ......................

4


Зертханалық жұмыс № 2

Сутегі атомының спектрінде толқындардың ұзындығын жəне Ридберг тұрақтысын анықтау................ ................................................

7

Зертханалық жұмыс № 3

Франк жəне Герц тəжірибесі...............................

10

Зертханалық жұмыс № 4

Стрескопты градуирлеу жəне оқу. Сутегі спектрін анықтау......................... ........................

12


Зертханалық жұмыс № 5

Фотондар үшін анықталмағандық қатынас.......

15

Зертханалық жұмыс № 6

Газ лазерін оқу.....................................................

18

Зертханалық жұмыс № 7

Планк тұрақтысын анықтау................................

22

Зертханалық жұмыс № 8

Магнитті өрістегі атом. Зееман эффектісін бақылау (Аппараттық бөлім)..............................

25


Зертханалық жұмыс № 9

Магнитті өрістегі атом. Зееман эффектісін бақылау (Бағдарламалық бөлім).........................

25


Зертханалық жұмыс № 10

Дозиметрия негіздері...........................................

40

Зертханалық жұмыс № 11

Бөлшектегі γ-сәулеленудің жұтылуын оқу........

44

Зертханалық жұмыс № 12

Шығарылатын кванттар саны бойынша гамма-сәулелену көзінің белсенділігін анықтау.................................................................

48

Зертханалық жұмыс № 13

Жартылайөткізгіштік диодтың вольт-амперлік сипаттамасын алу.................................................

51


Зертханалық жұмыс № 14

Жартылай өткізгіштің электрөткізгіштіктің температурадан тәуелділігін зерттеу.................

53


Зертханалық жұмыс № 15

Біртекті электрлік жəне тұрақты магнит өрісінде бөлшектің қозғалысы əдісімен бөлшек зарядының массаға қатынасын анықтау.................................................................

55


Қосымша 1



Физикалық шамалар кестесі ..............................



57


Қолданылған әдебиеттер тізімі.......................................................................

62

КІРІСПЕ

Физика – табиғат тану ғылымдарының негізгі салаларының бірі. Физика – эксперименттік ғылым, ал тəжірибе – физикалық зерттеулердің негізгі түрі.


Физиканың атом жəне атом ядросының физикасы бөлімін қамтитын Зертханалық жұмыстарға арналған бұл оқу құралы жалпы физика курсының бағдарламасына сəйкес жазылған. Əдістемелік құралының мақсаты – студенттердің физикалық экспериментке дайындалуына, оны орындауына, алынған нəтижелерді өндеуіне жəне оның мəнін түсінуіне көмектесу.
Педагогикалық жоғары оқу орындарында физиканы оқыту үрдісіндегі тəжірибелердің мақсаты: а) кейбір дəрістік демонстрацияларда көрсетуге келмейтін, не көрсетуі қиын физикалық құбылыстармен таныстыру; б) физикалық заңдардың əсері, олардың объективті сипаттамасы туралы студенттердің ұғымын қалыптастыру; в) тəжірибе жүргізгенде, өлшеулер дəлдігі қойылған мақсатқа сəйкес келетіндей етіп жоспарлау; г) жүйелік қатенің болуын ескеріп, оларды жою үшін шаралар қолдану; д) эксперимент нəтижесін талқылап, дұрыс қорытындылар жасау; е) ақырғы нəтиженің дəлдігін бағалау; ж) мектепке арналған бірқатар Зертханалық жұмыстарды дайындап, орындай білуге үйрету; з) негізгі өлшеуіш құралдармен жəне олардың жұмыс принциптерімен таныстыру; и) орындалған жұмысты жазба түрде қорытындалап, есеп жазуға үйрету.
Көптеген жоғары оқу орындары сабақты фронтальды əдіспен жүргізуді қамтамасыз ете алмайды, сондықтан бірқатар Зертханалық сабақтардың теориялық курстан «ілгері» кетуі сөзсіз. Осыған байланысты кітапта əрбір жұмыстың алдында экспериментті түсініп орындауға қажетті теориялық материал берілген жəне қарастырып отырған мəселені толығырақ түсінуге қажетті əдебиеттің тізімі келтірілген.
Орындалатын жұмыстың теориясын (кітаптан, дəрістен жəне берілген «түсініктемеден») оны орындаудан 3-4 күн бұрын оқиды.
Дайындық кезінде төмендегідей схема бойынша қысқаша конспект жасалады: а) негізгі теориялық мағлұматтар жəне формулалар; б) құралдың принципиалдық схемасы; в) əрбір ізделінетін шаманы есептеу формулалары: оның сол жағына тек қана іздеп отырған шаманы, ал оң жағына өлшенген жəне Кестедан алынған шамаларды жазады; г) өлшеулер нəтижесін түсіретін кесте дайындалады.
Жұмысты орындауға жіберілер алдында студент осы жұмыстың алдында келтірілген сұрақтарға жауап беріп, жұмысты орындауға кірісуге рұқсат алады.
Құралдарды дайындап, жұмыстың схемасын құрып, дұрыстығын оқытушыға не оның көмекшісіне көрсеткеннен кейін ғана өлшеулер жүргізуге болады.
Орындалған жұмыс бойынша сынақ алу үшін студент жұмыстың теориясы бойынша бақылау сұрақтарына жауап беріп, жұмыстың теориясын жəне экспериментін қамтитын қысқаша есеп тапсырып, жұмыстың орындалу əдістемесі бойынша қойылған сұрақтарға жауап беруі тиіс.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет