Атомдағы электрондардың қозғалысы Заттардың формулалары және химиялық реакция теңдеулері



бет5/21
Дата14.10.2023
өлшемі2,13 Mb.
#113877
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
тапсырма

Төрт шар әртүрлі газдармен толтырылған , қай түстегі шарда сутегі газы толтырылған.Дәлелді жауап беріңіз
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________


Тапсырма  
Ертеде елді-мекен ішінде оттегі деген газ өмір сүріпті.Ол өте күшті екен.Жер бетінде тіршілік тек қана мен сақтап тұрмын дейді екен. Күштілігі сондай кім кездесседе тотықтырып жібереді. сондықтан оттекті тотықтырғыш, алынған заттарды тотығу деп атайды.
Мендеелев шаһарында қыдырып жүріп, кездескен элементтердің бәрімен реакцияға түсіп , аралас-құралас бола береді.Содан мақтаншақ болып алды. Химия дүниесінде меннен күшті ешкім жоқ деп ойлайды.Бірақ оттегі қателескен еді. Бір күні елді мекен кестесінде фтормен кездесіп қалады.
Оны тотықтырғысы келіп еді,күші келмеді.Көмекке сутегін шақырды, екеуі бірігіп су молекуласын құрып фторға ұмтылды.СУ фторға бар күшін жұмсаса да әлі келмеді .Бірақ фтор күшті еді.естімеген ғажайып оқиға болды.Бұрын отты сөндіріп жүрген судың өзі фторда жанып кетті.
Мақтаншақ оттегі тотыға ма, тотықсыздана ма?
Реакция теңдеуін жаз?
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
тапсырма
ХVІІІ ғасырда тәжірибе жүзінде ағылшын химигі Дж.Пристли мен швед ғалымы К.Шееле оттекті бос күйінде алып, оның ауаның құрамдас бөлігі екенін дәлелдеді.1774 жылы 1 августа ағылшын ғалымы Пристли таза оттекті алды. Алғаш Пристли кәдімгі ауаны бөліп алдым деп ойлады.Бірақ сол алған ауаны шыны қалпақ астына жинап,май шам жағып еді,жақсы жанды.Бұл ауамен демалған адам өзін сергек сезінді..Осыдан кейін.Лавуазье Пристли тәжірибелерін қайталап,алынған және шыққан заттардың сандық өлшемдеріне баса назар аударады.Сынап тотығын және басқа тотықтарды қыздыру кезінде түзілген газ кәдімгі ауаның құрамында болады деген қорытынды жасауға толық мүмкіндік туды. Сөйтіп,ауа негізінен азот пен оттектен тұратыны анықталды. Оттек қышқыл түзуге қабілетті екені белгілі болды. Осыған сәйкес Лавуазье латынша «оксигенум»,қышқыл туғызушы, «кислотвор»,орысша кислород деген ат берілді.
тапсырма
Д.И.Менделеев атындағы ауданының №2 үйдің екінші қабатының №6 бөлмесінің тұрғыны аталған қабаттағы №8 бөлмеде тұратын қызды сырттай ұнатып қалады.Ол одан екі жас үлкен еді.Күндердің-күнінде жігіт оқуға кетеді. Сонан бері түнде түсінен күндіз есінен кетпейді.
Амалы құрып портретін салып іліп қояды. Сұрақ
Кім-кімді ұнатқан ?
№2,2 қабат,
№6, №8 екі жас деген нені білдірді?
Қыздың портретін қалай салған?
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
________________________________________________________________
тапсырма

Сұрақ: Озон қабатының жұқаруы тірі ағзаларға қандай әсерін тигізеді?
_____________________________________________________________




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет