Атомды спектроскопия. Атомды-абсорбциялық спектроскопия



бет3/3
Дата02.03.2023
өлшемі73,9 Kb.
#71290
1   2   3
Практикалық қолданылуы. Атомды-абсорбциялық спектроскопия әдісі кез келген техникалық немесе табиғи объектілерді, әсіресе, элементтердің өте аз мөлшерін анализдеу қажет болған кезде қолданылуы мүмкін не қолданылады. Атомды-абсорбциялық анықтаудың әдістемесі шамамен, 70 элементке (Mg, Zn, Cu, Са, Pb, Ғ е, Ag, Ni, Hg, Cd, Bi және т.б.) жасалған. Техникалық объектілердің ішінен атомды-абсобционды әдіспен металдарды, құймаларды, кендерді гидрометалургиялық қайта өңдеу өнімдерін, әртүрлі концентраттарды және т.б. анализдейді. Мысалы, алтынның құрамындағы 10'4% мөлшердегі күмісті, қорғасынды, мысты және мырышты, шамамен осындай концентрациялы кадмий мен қорғасынды цирконийді анықтайды. Атомды-абсорбциялык әдістемелер топырақтың, тыңайтқыштардың, өсімдіктердің және басқада агрохимиялық материалдардың құрамындағы 10'4 - 10' 5% мөлшердегі мырышты, темірді, магнийді, мысты және кейбір басқа элементтерді анықтау үшін пайдаланады. Атомды- абсорбциялық әдіс сонымен қатар қорғасынға, сынапқа, висмутқа және т.б. элементтерге әртүрлі биологиялық (қан, сарысу және т.б.) және клиникалық анализдер үшін қолданады.
Графитті кюветалар мен жоғары температуралы жалындарды кеңінен пайдалану атомды-абсорбциялық спектроскопияның практикалық қолдану аймағының әрі қарай кеңейуіне алып келеді.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. «Талдаудың физика-химиялық әдістері», А.М.Аргимбаева, Алматы, «Қазақ университеті», 2013 ж.

  2. «Аналитикалық химия», Қ.С.Құлажанов, Алматы, «Санат» баспасы, 1996


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет