Қазақстан Республикасы білім жіне ғылым министрлігі
Əл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Факультеті: География жəне табиғатты пайдалану
Кафедра: География, жерге орналастыру жəне кадастр
Реферат
Тақырыбы:
Минералды тыңайтқыштардың,
пестицидтердің жəне басқада агрохимикаттардың
қалдықтарымен қоршаған ортаның ластану
проблемасын
сипаттау
Орындаған: Каримова Анеля
Кадастр 1-топ
Тексерген: Шимшиков Б.Е
Кіріспе.
Экологиялық тұрғыдан алғанда Қазақстан аумағы
жағынан да, тұрғындардың жан басына шаққанда да əлемдегі ең
лас аймақ болып табылады. Демек, ел
аумағының экологиялық
ластануы адамзаттЫҢ өмір сүруін тоқтататындай жағдайға
таяуда. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалық
етуімен Қауіпсіздік кеңесінің кезекті отырысында күн тəртібінде
республикадағы экологиялық ахуалдың арнайы қаралуы осының
айғағы. Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә.Назарбаевтың 6 ақпан 2008 жылғы Қазақстан халқының əл-
ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың
басты мақсаты атты
Қазақстан халқына жолдауында мемлекеттік тұрғын үй
бағдарламасына қатысты бірнеше бағыттағы өзгерістер енгізу
қажеттігін атап көрсеткен. Соның ішіндегі төртінші бағытында -
жеке меншік тұрғын үй құрылысында индустриялық, арзан жəне
экологиялық таза технологияларды
игеру басымдыққа ие болуға
тиіс. Шет мемлекеттердің озық тəжірибелерін кеңінен қолдану
керек деп атап өтті. Үкімет осымен бір мезгілде өзінің күш-
жігерін қуат жинақтаушы жəне экологиялық таза технологиялар
енгізуге жұмылдыруы тиіс делінген. Яғни кез-келген салынып
жатқан немесе болашақта салынатын құрылыс кешендері тек
қана экологиялық
стандартқа сай, қоршаған ортаға зияндарын
тигізбейтіндей жан-жақты зерттеліп барып құрылысын жүргізуі
тиіс. Бүгінгі таңда Қазақстан аумағында баршаға мəлім болған
деректердің негізінің өзінде, экологиялық мəселенің ең күрделі,
əрі көкейтесті екендігіне көз жеткіземіз.
Өткен ғасырдың
алпысыншы жылдарының басына дейін Арал теңізі əлемдегі
ішкі теңіздердің аумағы бойынша төртінші орында болды.