«Атырау облысы Білім беру басқармасының Атырау қаласы білім бөлімінің
«Хиуаз Доспанова атындағы жалпы білім беретін орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
«Бекітемін»
Мектеп директоры
Далиев Д.
« « 2021 ж.
Қорытынды аттестацияға және ҰБТ-ге дайындық жұмыс жоспары
тарих пәнінің мұғалімі, педагог-модератор Баймағамбетов Ерлан Русланұлы
2021-2022 оқу жылы
Ұлттық бірыңғай тестілеу - ҰБТ – жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына түсуге арналған іріктеу емтихандарының бір нысаны.
Мақсаты: Оқушыларды ҰБТ-ға дайындау мақсатында тақырыптарды оңай әдістермен түсінікті жеткізе отырып оқулықпен өз бетінше дайындалуға үйрету.
Міндеті:
Оқушылардың тест жұмыстарын шешуде ақпарат, мәліметтерді өз бетімен қолдануын ұйымдастыру;
ҰБТ-ны сәтті тапсыру үшін Қазақстан тарихы пәнінен білім деңгейін анықтау;
Уақытты тиімді пайдалана білуге мүмкіндік беру;
Оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыру;
Оқушының ойлау, есте сақтау, іздену дағдыларын қалыптастыру, белсенділігін арттыру;
Өтілген материалды жан-жақты меңгеруге жағдай жасау; Күтілетін нәтиже:
Оқушылар Қазақстан тарихы пәні бойынша тестті сәтті тапсырады, берілген тапсырманың мазмұнын түсіне алады, өздігінен білім алуға үйрену қызметі қалыптасады, алған білімді ұқсас және жаңа жағдайда қолдана білуге үйренеді
ҰБТ нәтижесіне нелер әсер етеді?
Күнделікті жүйелі жұмыс ұйымдастыру;
Интерактивті технологияларды қолдану;
Жеке тұлғаның даралығын дамыту;
Оқушылардың білім алу себептерін қалыптастыру.
ҰБТ форматы: 5 пән (3 міндетті + 2 бейіндік).
Барысы: Дайындық 3 бөлімнен тұрады
Психологиялық
Теориялық
Практикалық
І. ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ
Әрбір сұраққа мұқият жауап беруге тырысыңыз.
Сұрақты берілген мәліметті, тапсырмасын түсінбей жатып, жауаптарын оқуға асықпаңыз.
Психологиялық дайындық
Барлық бес жауапты оқып шықпай жатып, өзіңіз білген жауапты белгілемеңіз, өйткені кейбір сұрақтар нақты жауапты талап етіп жатады.
Бір сұрақтың жауабына күмәндансаңыз, ол сұраққа бірнеше сұраққа жауап берген соң қайта оралыңыз.
Қателескен сұрақтарыңызға қарап, үмітсіз болмаңыз, уайымдамаңыз, өйткені әрбір қате сұрақтың дұрыс жауабын үйренсеңіз, сол – сіз үшін үлкен олжа.
Жауабын таба алмаған сұрақтарыңызды ойлап, абыржымаңыз. Кез келген оқушының жауап бере алмайтын сұрақтары болады.
Мәтін сұрақтарды көріп, «ұзын сұрақ қиын» деп ойлап, оны оқымай тастап кетпеңіз.
Ұзын мәтінді сұрақтардың жауабы көбіне сол мәтіннің ішінде
жасырын тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: |