Күн тәртібінде: I тоқсан қорытындысын талдау,оқушылардың сабаққа қатысы. II -қысқы каникул кезінде уақытын тиімді ұйымдастыру III балалардың ұялы телефонды қолдануын бақылау. Тыңдалды



Дата18.10.2023
өлшемі17,02 Kb.
#118780
түріСабақ

Х А Т Т А М А №2
29 желтоқсан,2022 жыл
Қатысқаны: 14
Қатыспағаны:2
9 “А” -сынып оқушылары ата-аналарының жалпы жиналысы өткізілді.


Күн тәртібінде:
1.I тоқсан қорытындысын талдау,оқушылардың сабаққа қатысы.
II -қысқы каникул кезінде уақытын тиімді ұйымдастыру
III. балалардың ұялы телефонды қолдануын бақылау.
Тыңдалды:

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша сынып жетекшісі Ж.Дарменбаева есеп берді.Сыныпта . озат оқушы,олар: Азирханова, Алдаберген C, Қоянақова , Нұрланова Н, Тілепбаева Орынбасар Б, Талғатова А.


Тек екі екпінді,олар: Бишимбай С, Эділбай Ж, Аманқұлов Д
Орташалар: Ғайыпбаев І 3 сабақ, Джумабаев Қ 3 сабақ, Керекова 4 сабақ, Сабытаев А 5 сабақтан, Салауатов А 6 сабақтан үлгермей отыр. Осы тоқсанда Аманқұлов орташадан екпінді қатарына қоссылып қуантты.
31 тамыз 2022 жылғы педагогикалық кеңестің шешімімен бекітілген мектептің ішкі ережесімен таныстыра келе ата –аналарға мектептің жарғысында бекітілген мектеп формасын сақтауға міндетті екендігі, мектеп аумағында ата-аналарға шылым шегуге болмайтындығы, мектеп мүлкіне зақым келтірген оқушы жауапқа тартылып, мектеп мүлкін оқушының ата-анасы қалпына келтіру міндетті екендігі, сабақ уақытында ата - аналар тарапынан бөгет келтіруге тыйым салынатындығы, мектепке ата-аналардың ішімдік ішкен жағдайда келуіне болмайтындығы, ата - ана баласының мектепке келуін қамтамасыз етуге, оларды оқу құралдарымен жабдықтауға, ата – аналар жиналысына қатысуға, мектепте өткізілетін іс-шараларға қатысуға, оқушының шығармашылық қабілетін дамытуға ата – аналар тарапынан тікелей қолдау көрсетілетіндігі жөнінде айтты.
Математика пәнінің мұғалімі Қалампыр Бекқалиева әр оқушының дайындығы,ынтасы жайлы тоқталып өтті.
Физика пәні мұғалімі Орынгүл Аюпова да оқушылардың кейбірінің ынтасы төмен екендігін, Сабытаев,Салауатов, Джумабаевтың дайындығы үнемі төмен болатынын айтты.
Күн тәртібіндегі 2-мәселе бойынша сынып жетекшісі Ж.Дарменбаева қысқы каникул кезінде оқушылардың уақытын тиімді ұйымдастыру,қараусыз қалдырмау,кешкі 23-тен кейін көшеге шықпау жөнінде ескертпе жасады


Сөйлеушілер:
Бегжанова Сәнжан –ата-ана
Жоғарыда айтылған мектеп ережесімен толық танысқандығын, оқушылардың мектепке ұялы телефон әкелуіне үзілді-кесілді тыйым салу керектігін, осы істе ата-аналардың жауапкершілігі күшейтілуі керектігін айтты.
Салауатов Насур– ата-ана
Мектепте баланың толық білім алып, тәрбиелі болуына ұстаздар қауымының жасап жатқан еңбегінің өлшеусіз екендігін барлық оқушы, ата-ана мектеп ережесіне толық бағынып дұрыс азамат болып қалыптасуына жағдай жасауды дұрыс деп есептейтіндігін айтты.
Күн тәртібіндегі мәселелерді тыңдап, талқылай келе жиналыс қаулы етеді:

  1. Мектептің ішкі ережесіндегі көрсетілген басымдықтар назарға алынсын

  2. Оқушылардың мектепте смартфон ұстауына тыйым салынсын.

  3. Ата – ананың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігі күшейтілсін.

Жиналыс төрағасы: Қ.Медетов


Хатшы: С.Бегжанова

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет