Атты Халықаралық ғылыми-əдістемелік конференция материалдары


Использованная литература



Pdf көрінісі
бет209/255
Дата29.11.2022
өлшемі2,56 Mb.
#53403
1   ...   205   206   207   208   209   210   211   212   ...   255
Использованная литература:
1. Роджерс К. Взгляд на психотерапию. Становление человека. М., 1994.
2. Акиндинова И.А. Особенности самоактуализации личности в профессиях различного 
уровня социального престижа. СПб., 2000.
3.Яковлева О.П. Атрибутивные тенденции личностной ответственности у людей с раз-
личным уровнем успешности. Омск, 2004.
4. Райгородский Д.Я. Психология личности: Хрестоматия. Т. 1. Самара, 2008.
5.Первин Л., Джон О. Психология личности: теория и исследования. М., 2001.
6. Сахарова В.Г. Ответственность как личностный фактор и возможности ее диагности-
ки. Хабаровск, 2003.
7. Жаксыбаева Б.Б.Самоактуализация личности как основа ответственности в филосо-
фии образования. - Алматы: Арыс, 2000. 


365
ӨЗГЕТІЛДІ МЕКТЕПТЕРДЕГІ «ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ƏДЕБИЕТІ» 
ПƏНІНІҢ ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ МАЗМҰНЫ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ 
ЖАҢАШЫЛДЫҚ СИПАТЫ
 Калкаева Алтынай, 
2-курс магистранты Абай атындағы ҚазҰПУ
Түйіндеме
 Мақалада өзгетілді мектептердегі қазақ əдебиетін оқыту үрдісінің қазіргі білім мазмұ-
нына талдау жасалған. Қоғам сұранысы мен соған сай жасалған мемлекеттік құжаттар-
дағы пəнге қойылып отырған талаптар сипатталған.
 2017 жылдан бастап өзгетілді мектептердегі «Қазақ əдебиеті» пəнінің мазмұны жаңар-
тылып ұсынылып отыр. Бұл жаңарту мен жаңалықтар неден байқалады?-деген сұраққа жаңа 
оқу бағдарламасына[1] сүйене отырып жауап береміз:
- Оқу мақсаттарының жүйесі «құндылық-бағдарлық, іс-əрекеттік, тұлғалық-бағдарлық, 
коммуникативтік тəсілдемелер» негізінде оқушының дербестігін дамытуға қызмет жасай-
тындай етіп үйлестірілген;
- Оқу үдерісіне қойылатын негізгі талап – оқушының белсенді іс-əрекетін ұйымдасты-
ру басты назарда болады;
- Педагогикалық үрдісті гуманизациялау. Мұның мəнісі – мұғалім мен оқушының ын-
тымақтастығын қамтамасыз ететін интербелсенді əдіс-тəсілдер кеңінен қолданылады;
- «Оқу мақсаттарының жүйесі түрінде күтілетін нəтижелер» түзіледі жəне орындалады;
- Оқулық тек пəндік білім мен білікті ғана емес, сонымен қатар кең ауқымды дағдылар-
ды қалыптастыруға бағытталады;
- функционалдық жəне шығармашылық қолдану, сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұ-
мыстарын жүргізу, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану, қарым-қаты-
нас жасаудың түрлі тəсілдерін қолдану, топпен, жұппен жəне жеке-дара жұмыс істей алу, 
мəселелерді шешу жəне шешім қабылдай алу, алған білімін өмірде қолдана алу (өмірге бей-
імдей алу) сияқты кең ауқымды дағдыларын дамытуға негіз болады. Кең ауқымды дағдылар 
оқушының мектептегі білім алу тəжірибесінде де, келешекте мектепті бітіргеннен кейін де 
жетістігінің кепілі болып табылады. Міне, жаңадан құрастырылған қазақ тілінде оқытпай-
тын мектептерге арналған «Қазақ тілі мен əдебиеті» оқулығының басты ұстанымдары – осы 
жоғарыда аталған талаптар. 
Өзге тілде оқытатын мектеп баласына қазақ əдебиетін қазақ тілінде оқыту арқылы ұлт-
тың əдеби мұрасы туралы белгілі ұғым қалыптастырумен қатар, көркем мəтіндерді қазақша 
оқу арқылы ауызша жəне жазбаша сөйлеу тілін дамыту, оқушылардың əдеби шығармаларды 
өз бетінше оқып, түсіне алуын қамтамасыз ететін тілдік негіз қалыптастыру.
«2015 - 2016 оқу жылында ҚР - ның жалпы орта білім беретін ұйымдарында ғылым не-
гіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы» əдістемелік нұсқау хатта: 
«Оқу орыс тілінде жүретін мектептердегі «Қазақ əдебиеті» пəнінің білім мазмұнын ірік-
теудің өзіндік ерекшелігі бар екені белгілі. Мұнда көркем шығармалар жүйелі, ықшамда-
лып берілуі қарастырылды. Əдебиеттің теориялық мəселелері, көркем шығармаларды тұтас 
талдау жүйесі, көркем туындының стильдік ерекшелiктерi тұтастай емес, əр тақырыптың 
өзіндік ерекшелігіне қарай талданады», - деп көрсеткен[2]. Бұдан кейінгі Қазақстан Респу-
бликасының Білім жəне ғылым министрінің 2015 жылғы 18 маусымдағы №393 бұйрығымен 
оқу бағдарламасына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Оқыту қазақ тілді емес мек-
тептерде қазақ тілі мен əдебиеті бір пəн ретінде есептеліп, тілдік жəне əдеби білімді бір 
мезгілде меңгерту көзделді. Құжатта: «Бағдарламаның білім мазмұнын іріктеуде Қатысым-
дық-əрекеттік, Қатысымдық-функционалдық, функционалдық сауаттылықты қалыптастыру, 


366
ұлттық ерекшеліктерді ескеру, оқу материалдары мазмұнының аутенттілігі, шындық өмірге 
сəйкестігі, оқушының тілді білу деңгейіне сай келуі, білім мазмұнының жеке тұлғаның өзін-
өзі дамытуға, оның өзіндік жəне шығармашылық қабілетін арттыруға, қажетті іскерліктері 
мен дағдыларын қалыптастыруға бағытталған оқыту ұстанымдары басшылыққа алынды» 
[3]. Мектепте оқытылатын «Қазақ тілі мен əдебиеті» пəні интеллектуалдық деңгейі, ой-өрісі 
дамыған, өз ойын еркін жеткізе алатын, туындаған мəселелерді шеше білетін, өмірге бейім, 
жаңашыл ұрпақ тəрбиелеуге негіз қалайды. Бүгінгі қоғам еліміздің білім беру жүйесінен көп 
тілді меңгерген дара тұлғаны қалыптастыруды талап етеді. Əрбір қазақстандықтың үш тілді 
қатар білуіне арналған тіл саясатына сəйкес, сол үдерістің өзегі болып табылатын мемлекет-
тік тілді оқыту үдерісін жетілдіруді қажет етеді. Сондықтан үштілді білім беру саясаты не-
гізінде қазақ тілін үйретудегі инновациялық тəсілдерді тиімді қолдана отырып, мемлекеттік 
тілді қажетті деңгейде оқыту жəне үйрету маңызды мəселе.
«Қазақ тілі мен əдебиеті» пəніне арналған бағдарламаны «Назарбаев Зияткерлік мектеп-
тері» дербес білім беру ұйымы, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім Академиясы білім 
беру мазмұнын жаңарту мақсатында жаңа үлгіде ұсынды. Бағдарлама бірқатар маңызды 
мəселелерді қарастырған. «Қазақ тілі мен əдебиеті» пəніне арналған бағдарлама білім бе-
рудің ұлттық жүйесін халықаралық стандарттарға негіздей отырып, еліміздің алға қойып 
отырған іргелі міндеттеріне сай жəне қоғамдағы əлеуметтік-экономикалық үдерістерді, ұлт-
тардың бейбітшілік пен келісім өмір салтын қалыптастыру саясатын ұстану қағидаларын 
басшылыққа ала отырып, мемлекеттік тілді оқытудың тиімді əрі сапалы жүйелерін қалыпта-
стыруды көздейді. Бағдарламада нақты пəн бойынша күнделікті білім беру үдерісінің мазмұ-
ны оқу мақсаттарына бағынады жəне оқушылардың меңгерген білім, білік жəне дағдыларын 
кез келген оқу үдерісінде жəне өмір жағдаяттарында шығармашылықпен пайдалану даяр-
лылығын қалыптастыруға, жетістікке қол жеткізуде қажырлылықты дамытуға бағытталған, 
өмір бойы білім алуға ынталандырады делінген. 
Кең ауқымдағы дағдылармен бірлікте жеке қасиеттердің дамуы: «қазақстандық 
патриотизм мен азаматтық жауапкершілік», «құрмет», «ынтымақтастық», «еңбек пен шығар-
машылық», «ашықтық», «өмір бойы білім алу» сияқты білім берудің басты құндылықтарына 
оқушыларды дағдыландырудың негізі болып табылады. Бұл құндылықтар оқушының тəртібі 
мен күнделікті іс-əрекеттерін ынталандыратын тұрақты тұлғалық бағдары болуы тиіс деп 
бағдарламада басымдылық берілген. 
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына сəйкес, білім беру процесіне қаты-
сушылардың білім мазмұнына, оқу жүктемесінің көлеміне жəне оқушылардың дайындық 
деңгейіне қойылатын талаптарды дəл түсінуін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Респу-
бликасының жалпы білім беретін оқу орындарының бастауыш ,негізгі,жоғарғы сатыларын-
дағы отыз төрт оқу пəні бойынша жаңа бағдарлама жасалды. Оқыту қазақ тілінде емес мек-
тептер үшін «Қазақ тілі мен əдебиеті» пəнінң негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сынып-
тарына арналған оқу бағдарламасында оқу материалдары арнайы лексикалық тақырыптарға 
бөлініп берілген. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 та-
мыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы 
орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сəйкес əзірленген. Бағдарлама-
да негізгі орта білім беру деңгейіне арналған ««Қазақ тілі мен əдебиеті» пəнінің мақсаты–
оқушылардың тілдік дағдыларын дамыту, қазақ тілін қадірлейтін, қоғамдық мəнін түсінетін 
тұлға қалыптастыру, тіл нормаларын сақтап, дұрыс қолдана білуге, еркін сөйлесуге жəне 
сауатты жазуға үйрету» деп белгіленген[4]. 
«Қазақ тілі мен əдебиеті» оқу бағдарламасының негізгі міндеттері: 
1) шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге, сын тұрғысынан ойлауға дағ-дыландыру; 
2) білім деңгейі жоғары, ой-өрісі дамыған тұлға қалыптастыру; 
3) туындаған мəселелерді шеше білетін, шынайы өмірге бейім жаңашыл ұрпақ тəрбиелеу;


367
4) оқушыларды сөйлесім əрекетінің түрлерін əлеуметтік ортада қолдана білуге үйрету;
5) оқушылардың тілдік дағдысы мен ойлау қабілетін дамыту;
6) оқушыны қазақ халқының мəдениетімен, əдебиетімен, ұлттық салт-дəс-түрімен та-
ныстырып, мəдени ортада пайдалануға баулу, қазақ еліне, мемлекеттік тілге деген құрмет 
сезімін тəрбиелеу[4]. 
Негізгі орта білім беру деңгейіндегі «Қазақ тілі мен əдебиеті» пəні бойынша оқушылар-
дың білім, білік жəне дағдыға қойылатын талаптары «Шет тілін меңгерудің жалпы еуропа-
лық құзыреті» деңгейлерін (B1, B2,) негізге ала отырып, айқындалған. Бағдарлама əр деңгей-
дің соңындағы күтілетін нəтижелер түрінде берілген.
Сөз өнерінде тек сыртқы обьективті шындық қана емес адамның ішкі жан дүниесі сурет-
теледі. Адам факторы, оны зерттеп- зерделеу - əдебиеттің айнымас мақсаты,негізгі тақырыбы 
ғана емес, жалпы көркемдік дамудың басты бағытын айқындайтын адастырмас темірқазығы. 
Осы тұрғыдан алып қарағанда əдебиеттік оқу қоғамдық, тəрбиелік, эстетикалық категория-
лар тұрғысынан табиғат əлемін, қоғамдық құбылыстарды, жеке адамның рухани-психоло-
гиялық болмысын негізгі нысана етеді. Адам жаны диалектикасының ашылу дəрежесі сөз 
өнерінің интеллектуалдық жəне эстетикалық байлығының өлшемі болып қала береді.
 Сондықтан əсіресе оқушылардың дұрыс,түсініп, мəнерлеп, шапшаң оқуын жетілдіруге, 
əдеби сауатын ашуға басты көңіл бөлінеді. Сауаттылықтың түпкі негізгі оқу сабақтарында 
қаланатын болғандықтан, оқушылар сөйлеу əрекетінің түрлеріне (оқылым мен жазылым, ай-
тылым мен тыңдалым) де осы сыныптарда үйрене бастайды.
Сауатты оқушы – кітап оқуға əдеттенген, кітапты өзін қоршаған əлемді білуге жəне оның 
өзін - өзі танудағы құрал ретінде пайдалануға дағдыланған адам; ол оқу техникасын меңгер-
ген, оқығанын түсіне алатын деңгейге жетеді.
Балаларға арналған əдебиет туындыларының ерекшеліктері қандай болуы керекті-
гі жөнінде нақты қалыпқа салынған форма жоқ. Қазақ балалар əдебиетін ғылыми тұрғы-
да алғаш зерттеген Ш.Ахметов балалар шығармаларының ересектер туындыларынан өзге-
шеліктері ретінде мынандай алты түрін көрсетеді. Олар: 1) көркем образдың нақтылығы; 
2) лиризм болуы шарт. «Баланың ішкі дүниесіне, ой-санасына бірден əсер ететін күшті де 
мағыналы сөздер айтылуы қажетті; 
3) міндетті шарттардың бірі – адам характерін суреттеуде динамиканың қажеттілігі. Бұл 
да балдырған табиғатынан шығатын қажеттілік. Балалар үшін өсу, дамудағы басты керек-
ті процесс – қимыл, динамика – баланың өз əрекетін суреттеп, бейнелеуші ретінде көркем 
шығарманың құрамды бөлшектерінің бірі болады. 
4) көркем пейзаждардың көп болуы. Пейзаждық суреттеу кез келген əдеби шығармада 
шебер қолданыла білгенде ғана əсерлі. Табиғат суреттері арқылы балалар əдебиетінде кейіп-
кердің психологиясын көрсетіп, егіздей бейнелеу бар да, балдырған тəрбиесіне қажетті эсте-
тикалық қуат дарытумен бірге танымын қалыптастыру бар. 
5) мазмұн мен идеяның бала өміріндегі белсенді ролі. Мазмұнның өзі тақырып пен иде-
ядан құрылса, тың тақырып таба білу, қызықты оқиғаны есте қалатындай суреттей білу – қа-
ламгер шеберлігі. 
6) тілінің ойнақы қысқа, түсінікті, айқын, əсерлі болуы балалардың сөздік қорын байы-
туға жəрдемдесетін бірден – бір құрал болып табылады[5,10]. 
Қазіргі уақыт талабына сай өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілі пəнімен бірге қазақ əдебиетін 
де оқыту үлкен жолға қойылып отыр. Бұл пəнді оқытудың бағдарламасы, əдісі бар. Өзге 
тілді мектептерде «Қазақ əдебиеті» пəнін оқытудағы басты назар Республика халқын құрап 
отырған негізгі ұлттың, яғни қазақ халқы əдеби мұрасының озық үлгілерімен басқа тіл-
ді оқушыны етене таныстыруға аударылып, ұстаздар ізденісі осы бағытта көрініс табады.


368


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   205   206   207   208   209   210   211   212   ...   255




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет