Атты Халықаралық ғылыми-əдістемелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет212/255
Дата29.11.2022
өлшемі2,56 Mb.
#53403
1   ...   208   209   210   211   212   213   214   215   ...   255
Байланысты:
zhinak

Аnnotation. 
The article considers ways of conducting complex word-formation analysis in the modern 
Kazakh language.
 Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам саласы «Қазақ тілі мен əдебиеті» мамандарын даярлайтын 
жоғары оқу орындарының оқу жоспарына жеке пəн ретінде 1990 жылдан бастап енгізіліп, 
оқытылып келеді. Оның алғашқы бағдарламасы 1992 жылы Н. Оралбаеваның құрасты-
руымен жарық көрді. Бұл пəнді оқытуда 1989 жылы А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі 
институты баспадан шығарған «Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі» атты монография не-
гізге алынып келді. Аталған сала бойынша қазақ тіл білімінде зерттеулер 1990 жылдардан 
беріде кеңінен жүргізіліп, көптеген мақалалар, зерттеулер, монографиялар жазылып, алғаш 
рет 2002 жылы оқулық түрінде жарық көрді. Ол – профессор Н. Оралбайдың «Қазақ тілінің 
сөзжасамы» атты оқулығы. Бұл оқулықтың үлкен бір ерекшелігі – модульдік жүйемен жа-
зылуында. Оқулық соңғы жылдардағы сөзжасамға қатысты зерттеу нəтижелерін қамтыған, 
сөзжасамдық бірліктер туралы толық мəлімет беретін еңбек ретінде жоғары оқу орындарын-
да оқытылып келеді.
Сөзжасам ғылымында қандай зерттеулер бар, соңғы нəтижелері қандай дегенге 
тоқталсақ, соңғы жылдары сөзжасам бірліктеріне қатысты көптеген диссертациялық жұмы-
стар жазылды, бірнеше ғылыми еңбектер мен оқу құралдары шықты. «Қазақ грамматикасын-
да» да сөзжасам ғылымының мазмұны ғылымдағы соңғы жаңалықтармен толықтырылды.
Сөзжасамдағы көкейкесті мəселелер – сөзжасамдық бірліктер, сөзжасамдық мағы-
на, мағынаның түрлері, туынды сөздің мағыналық дамуы, аталым жəне уəждеме, сөзжасам 
тəсілдері мен жолдары туралы бірқатар мақалалар, еңбектер жарық көрді.
Уақыт өткен сайын ғылым да дамып, мазмұны саралана түсетіні заңды құбылыс. Бұл 
заңдылық сөзжасамға тікелей қатысты. Өйткені сөзжасамның негізгі қарастыратыны жаңа 
мағыналы сөздер болғандықтан, ондай сөздер тілдік қолданысқа əр түрлі себептермен 
еніп, тіліміздің лексикалық қабатын толықтырып отыратыны белгілі. Осыған орай ондай 
сөздерді зерттейтін ғылымның да мəселелері сараланып, ғылыми негізі айқындала түсері 
анық. Ғылымдағы мұндай бетбұрыстарға ілесу, студенттерді онымен қаруландырып отыру 
– жоғары оқу орындарының тікелей міндеті. Осы мақсатта сөзжасам пəнінің бағдарлама-
сын ғылымның соңғы жаңалықтарына сай толықтырып, жүйелеп, қайта құрастыру қажеттігі 
туындайды. Соған орай осы саланы терең игерту мақсатында кешенді сөзжасамдық талдау 
жүйесін ұсынғанды жөн көріп отырмыз. Төмендегі талдау үлгісінде сөзжасамның негізгі 
бірліктері түгелдей қамтылған. Мəселен, сөз тудырушы қосымша арқылы жасалған туынды 
сөзді төмендегідей үлгімен талдауға болады:
1. Туынды сөздің мағынасы.
Бұл жерде туынды сөздің сөзжасамдық мағынасын көрсету үшін оның лексикалық жəне 
грамматикалық мағынадан айырмасын көрсету керек. Лексикалық мағына жекелеген сөз-
ге тəн ұғымдық мағына болса, грамматикалық мағына белгілі бір топтағы (сөз табындағы) 
сөздерге тəн жалпылама, ортақ мағына. Ал сөзжасамдық мағына тек туынды сөздерге тəн. 


373
Сөзжасамдық тұрғыдан алғанда, туынды сөз семантикасындағы басты нəрсе – оның лек-
сикалық мағынасы емес, белгілі бір сөзжасамдық типті құрайтын туынды сөздер қатарына 
тəн жалпылама ортақ мағына. Сөзжасамдық тип семантикалық ортақтық қасиеті бар, ортақ 
тұлғалық көрсеткішке ие сөздерді анықтауға мүмкіндік береді. Мəселен, əнші, күйші, мал-
шы, егінші сөздерінің ортақ семантикасы – белгілі бір іс, кəсіп иесін білдіру болса, ортақ 
тұлғалық көрсеткіші – -ші. 
2. Туынды сөздің сөзжасамдық негізі, форманты.
 Түбір жəне негіз терминдерінің ара жігін ажырата білу керек. Туынды сөздің негізі кейде 
сөздің түбірімен сəйкес келеді. Мысалы, күйші сөзінің түбірі мен негізі бір, ол – күй сөзі. Ал 
күйшілік сөзінің негізі күй емес, күйші, себебі күйшілік сөзі күйден туындамайды. Сол се-
бепті мұнда түбір мен негіз сай келмейді. Формант деп сөз жасауға ықпал ететін қосымшаны 
айтамыз. Күйші сөзінің форманты -ші болса, күйшілік сөзінің форманты –лік
Сөзжасамға байланысты зерттеулерде ішінара сөзжасам қосымшаларының қатарында 
қарастырылып жүрген модификациялық жұрнақтар, атап айтқанда зат есімнің реңк мəнді 
жұрнақтары, сын есімнің шырай жұрнақтары, етіс пен күшейтпелі етістік жұрнақтары, рет-
тік сан есім жұрнақтары сөзжасамдық формант бола алмайтынын атап өткен жөн. 
Орыс тілінде сөзжасамдық ерекшелігіне орай «модификациялық сөзжасам» ұғымы қа-
лыптасқан. Ондағы модификациялық сөзжасамның негізгі қызметі – бағалауыштық, эмо-
тивтік мағыналарды білдіру. Осы үлгімен қазақ тіл білімінде де модификациялық жұрнақтар 
(зат есімнің реңдік мəнді жұрнақтары, сын есімнің шырай жұрнақтары, сан есім жұрнақта-
ры, етістіктің етіс, күшейтпелі етістік, болымсыз етістік жұрнақтары) жалғанған сөздердің 
барлығын туындылар қатарына жатқызуға бола ма? Модификациялық терминін қазақ тілінде 
тұңғыш рет Ы. Маманов грамматикалық тұлғаға байланысты қолданған болатын [1.33]. Олар 
түбірге грамматикалық мағына үстеумен бірге түбір сөздің лексикалық мағынасына семан-
тикалық реңк қосады. Ол туралы С.М. Исаев былай дейді: «Модификациялық жұрнақтардың 
кейбірінің түбірге жалғану шеңбері шектеліп қалған. Олар грамматикалық сипаты жағынан 
категориялық түрлену жүйесінің көрсеткіші болу қасиетінен айрылып, сөзжасам қосым-
шаларына ауыса бастағанмен, сөздің лексикалық мағынасын бүтіндей өзгертіп жібермейді. 
Сондықтан ондай жұрнақтарды сөз тудырушы қосымшалар қатарында қарамай, тілдің даму 
барысында жұрнақтар мен сөзжасам қосымшалары арасындағы тұлғалар деп қараған жөн 
[2.228]. Мұндағы модификациялық жұрнақтар сөз жасауға емес, грамматикалық мағына біл-
діруге қызмет етіп тұр. Негіз сөздің лексикалық мағынасы толық сақталды деген сөз жаңа сөз 
жасалды дегенді білдірмесе керек. 
3. Туынды сөздің сөзжасамдық тəсілі, жолы.
Қазақ тілінде сөзжасам тəсілдері үшеу: синтетикалық, аналитикалық жəне лексика-се-
мантикалық. Алайда əр тəсілдің жолдарын көрсетуде пікір қайшылықтары жоқ емес. Мəсе-
лен, зорға, босқа, текке, күнімен, түнімен, етпетінен секілді үстеулердің, айтыс, тартыс, 
бояу, егеу секілді зат атауларының жасалуы таза синтетикалық тəсілдің нəтижесі емес, мұнда 
семантикалық процесс те орын алған, сондықтан бұндай мысалдарды семантика-синтетика-
лық жолмен жасалған деп түсіндіруіміз керек. Аналитикалық тəсілдің жолдары: бірігу, қо-
сарлау, тіркесу, қысқару түрінде көрсетіледі. Бірақ қайталама қос сөздердің грамматикалық 
мағына беретінін, қысқарудың барлығы сөзжасамға негіз бола алмайтынын ескерген жөн. 
Мысалы, зат есімдер қайталанса (мая-мая, тау-тау), көптік мағына, етістіктер қайталан-
са (сөйлей-сөйлей, айта-айта), қимылдың дүркінділігі секілді грамматикалық мағыналар 
беріледі. 
Қысқарған сөздер қазақ тілінің төл табиғатынан туындаған сөздер емес, себебі бұрын 
тілімізде қысқарған сөздер болмаған. Ол жазуда, айтуда ықшамдап қолданудан туындаған. 
Заттың толық атауы мен қысқартылып айтылған не жазылған атауы (мысалы, АлМУ – Алма-
ты мемлекеттік университеті) арасында мағыналық айырмашылық, саралану болмаса, оны 


374
жаңа сөз деуге болмайды. Бастапқы мағынасынан алшақтап, жаңа атау ретінде қалыптасқан 
КамАЗ, ЗИЛ секілді қысқарымдар ғана аналитикалық тəсілдің бір жолы бола алады.
4. Сөзжасамдық қосымшаның мағынасы, қызметі, шығу тегі, сандық сипаты, са-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   208   209   210   211   212   213   214   215   ...   255




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет