375
«Сөзжасамдық тарам (парадигма) деп тік қатардағы бір сатыда бір негіз сөзден өрбіген
туынды сөздердің жиынтығы аталады» [3, 97]. Осы ережені негізге алатын болсақ, тарамды
анықтау үшін негіз сөз санын есепке алуымыз керек. Алайда, тарамға байланысты зерттеу-
лерде бір саты ішіндегі сөздің əрқайсы бір тарам деп көрсетіледі. Жоғарыдағы кестеде тарам
саны мынадай:
1-сатыда 4 сөз бір тарам құрайды (себебі негіз сөзі біреу); 2-сатыда 8 сөз 4
тарамды құрайды (негіз сөз төртеу), 3-сатыда 6 сөз 6 тарамды құрайды (негіз сөз алтау).
10.
Сөзжасамдық тип.
Сөзжасамдық тип –туынды сөздердің бəрі бір сөз табына жатуы, бір тəсіл арқылы жаса-
луы, сөзжасамдық мағынасы бірдей болуы. Мысалы,
күйші, егінші, күзетші.
11.
Сөзжасамдық үлгі.
Үлгінің екі түрі бар: біртектес, əртектес.
Біртектес үлгі бір форманттың əр түрлі сөз
табына жалғануы арқылы жасалады. Мысалы:
күйші (күй –
з.е.), жазушы (жазу –
ет.). Əр-
тектес үлгіде мəндес туынды сөздер əр түрлі формантпен жасалады (суретші – суреткер)
немесе негізі əр түрлі болады (суретші – қылқалам шебері).
12.
Сөзжасамдық перифраз.
Туынды сөздің мағынасын басқа сөзбен түсіндіру. Мысалы, суретші – сурет салатын
адам.
«Қазіргі қазақ тілінің сөзжасамы» бойынша ұсынылып отырған кешенді талдау үлгісі
жоғары оқу орындарының «Қазақ тілі мен əдебиеті», «Филология» мамандығы студенттерін
кешенді талдау жүргізуге, сол арқылы теориялық білімін жүйелеуге дағдыландырады.
Достарыңызбен бөлісу: