58
Ол екі сөз тудырушы тұлғалардың бірігуі не қосарлануы немесе негізге сөз тудырушы жұр-
нақтың жалғануы арқылы пайда болатын екіншілік мағына. Жаңадан пайда болған екіншілік
мағына оны жасаушы сыңарлар мағынасының негізінде жасалып, денотаттық мағына бір-
лігін белгілейді де, номинативті атауды анықтайды. Демек, екіншілік мағына – сөзжасам-
дық мағына» [2,320] деген пікір білдіріп, сөзжасамдық мағынаның лексикалық, грамматика-
лық мағыналардан айырмашылығын талдап, сөзжасамдық мағына туғызудағы сөзжасамдық
тұлғалардың қызметіне сипаттама берген.
А.Салқынбай: «Сөзжасамдық мағына – күрделі əрі ерекше сема. Оның күрделілігі құра-
мында тұлғалардың семалық құрамымен байланысты. Денотаттық жəне сигнификаттық
мағынанаң қалыптасуында сөзжасамдық тұлғаның барлық семалары қатысуы шарт емес.
Белгіленетін зат не құбылыстың ерекше номинативтік белгілеріне байланысты түбір не негіз
өздерінің ерекше семалары арқылы жаңа екіншілік арнайы сема қалыптастырады. Бұл қа-
лыптасқан арнайы сема туынды сөздің жаңа сөзжасамдық мағынасын құрайды» [2,322] дей
келе, сөзжасамдық мағынаның сөзжасамдық тұлғалардың негізгі жəне ауыспалы семалары
арқылы, сөзжасамдық тұлғалардың метафоралануы арқылы жасалатындығын айтады.
Сөзжасам саласында сөзжасамдық мағына түрлері турасында пікірталас тудыратын
жайттар кездеседі. «Қазақ грамматикасында» сөзжасамдық мағынаның негізділігі, түрлен-
дірілуі, көшірілуі, теңбе-теңдігі мəселесі сөз етілген. Мұнда сұрақ туындататын мəселе –
мағынаның негізділігі.
«Қазақ грамматикасында» туынды сөздің сөзжасамдық мағынасының негізділігі жөнінде:
«Негіз сөз жасалатын туынды сөздің лексикалық мағынасына өзек болады. Осымен байланы-
сты туынды мағына негіз сөздің мағынасымен байланысты болып шығады. Мысалы,
балтала,
Достарыңызбен бөлісу: