Атты Халықаралық ғылыми-əдістемелік конференция материалдары


 Мəжіліске қарай ғауғамыз. Құдығымызға қарай қауғамыз. Қауға



Pdf көрінісі
бет60/255
Дата29.11.2022
өлшемі2,56 Mb.
#53403
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   255
Байланысты:
zhinak

2. Мəжіліске қарай ғауғамыз.
Құдығымызға қарай қауғамыз. Қауға – құдықта су тартып алуға арналған көнтеріден 
жасалған шелек. [ 4, 496 – бет ]
Ай аттары , діни ұғымға қатысты архаизмдер
1.Өгіз қарын майыңды,
Өлгенде бастаймысың?
Көкек айы туған соң,
Итке тастаймысың? Көкек – ескіше жылдың төртінші айының аты. [4, 408 - бет]
2. Май – əулие, майсыз жарылқайтын 
Қай əулие.
Əулие – құдай жолын қуып, дін уағыздаушы адам.Айтқаны келетін сəуегей адам. [ 4, 94 
– бет ]
Əскери атақ пен қару – жараққа қатысты тарихи сөздер
 1.Табақ тамағымен жарасты,
Батыр жарағымен жарасты.
Жарақ – əскери қару, соғыс жабдықтары, қару – жарақ. [4, 270 - бет]
Шын мəнісінде «жарақ» жалпы атау емес, белгілі бір құралға меншіктелген сөз екенді-
гін ертедегі түркі жазба ескерткіштеріне назар аударғанда білеміз, йарақ немесе йарық – 
батырлар киетін сауыт. Кейбір деректеріне қарағанда «қару» сөзінің де жаугершілік кезінде 
қолданылатын белгілі бір құралға тəн екендігін байқау қиын емес. Ертедегі жазба ескерт-
кіште қарвы йа – иіліп жасалған садақ, жақ. Осы тұлғалас сөздің ауыс мағынасын монғол 
тілінен табамыз: харвуул – садақ оғы. [ 56, 107 – бет ]
2. Бесатар белдескенде де керек.
Алыстан жаумен тілдескенде де керек.
Бесатар – ұңғысы иір ойықты бес оқты мылтық. [ 4, 128 – бет ]
Əкімшілік басқарумен байланысты туған тарихи сөздер
1.Елдестірмек елшіден, жауластырмақ жаушыдан.
Жаушы – соғыс хабаршысы. [1, 154 - бет] Жаушы деп ертеректе құда түсетін адамды 
атаған. [ 11, 60 – бет ] Бұл мақалда екі елдің арасындағы дау-дамай, жоқ іздеу, құда түсу т.б. 


97
қатынастың дұрыс шешілуі де, дұрыс шешілмей екі ел арасының өзара жауығуы да жаушы-
ның шеберлігіне, тапқырлығына байланысты; сондай-ақ екі елдің арасын бітістіру, жақын-
дастыру сол елдер арасында жүрген елшінің ақыл-парасатына байланысты. [ 34, 334 – бет ]


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   255




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет