11
ды. Аспиранттар мен ізденушілер жазған тақырыбынан алшақтап кетсе,
ол еңбекті де жоққа
шығармайды, еңбегін далаға жібермей, соған толықтыру, жөндеу жолын нақты көрсетеді, əлі
де іздендіре түседі, дұрыс жолға келтіреді, жазылған мазмұнына қарай тақырыпты нақты-
латып, тəп-тəуір еңбек етіп шығартқызады. Оны өзіміз көрген мысалдардан көптеп алуға
болады. Ол мысалдар бір ғана жеке адамның жұмысынан алынған қорытынды емес, бұл
профессор Н. Оралбаевадан қорғадым дегендердің бəрінің жүректеріндегі
ойы деп нақты
сеніммен айтуға болады. Бұл – сол кезеңнің жұмыс барысындағы кафедрамыздың талқыла-
уынан шыққан талай жұмыстардың мазмұнынан көріп-біліп түйген ойлар.
Ізденушілер жазған қолжазбаларды Н. Оралбаева уақытында тексеруге бергенді, көрсет-
кенді дұрыс көреді, «қорғасаң қорға, қорғамасаң өзің біл» деп немқұрайлы қараушылықты
бұл кісіден іздестіреміз , адамына да, жұмысына да өте жаңашырлықпен қарайды. Ал жұмыс
жазылмай, дайын болмаса қатты налиды.
Ізденушілерде жұмыс бабымен жайбарақаттылықпен жүре берушілік көптеп кездеседі.
Бұл жағдайда олардың намысын оятып, өзін де аямай, жұмыс иесін де аямай талап қояды.
Əрі өзі де кеңесін беріп бағады.
Ескеретін бір жағдай, бүкіл жұмысты жазып береді деген ойдан аулақпыз. Ізденушілердің
өз қабілеттері болмаса, оны қалай сүйретсең де болмайды. Тек бұл кісінің бағыты, жүйесі,
дұрыс-қатесін нақты көрсетуі, мынау артық, мынау толықтыруды қажет етеді, мынау тіптен
керек емес, мынау өз орнында емес, адасып жүр, т.б. деген мəселерге сілтеп отырады. Керек-
ті мəселелерді еске түсіреді, ғалымдардың еңбектеріне, əдебиеттеріне қарай сілтейді. Ізде-
нушінің зерттеу жұмысының қате-дұрысын көрсету көрсету деген – жұмысты нақтылыққа
тартты деген сөз. Бұл жағдай Н. Оралбаевадан қорғағандардың бəрінің де жүректеріндегі ой-
лары осындай деп айтуға болады. Тағы бір айтарымыз, Н. Оралбаеваның жоғары оқу орын-
дарының (институттар мен университеттердің) оқулықтарын жасау бұрыннан қалыптасқан-
дығы еңбектерінен белгілі, олар күні бүгінге дейін оқытылуда.
Оларды бұл жерде қайталмай-ақ, басқалар айтып жатар. Біз бұл жерде заманның талабы-
на қарай жасалған инновациялық еңбектерін əңгіме еткеніміз жөн болар дейміз. Профессор
Н. Оралбаева əр кезеңнен өзіне тиісті талаптарын дер кезінде ұғына отырып, сол талапқа сай
өзіне де, өзгеге де талап қойып, еңбектендіруді бірінші бастайды жəне ол мəселенің тез ара-
да керек екенін ұғып, қажеттілікті дер кезінде орындайды. Тілдің теориялық салалары атам
заманнан зерттелуде, көп мəселелер зерттелді де, зерттеліп те жатыр.
Профессор Нұржамал Оралбаева соңғы, бүгінгі таңдағы «сөзжасам» саласында жазған
оқулығына үңіле отырып, ризашылық көңілде қаласыз. Көптеген теоретик ғалымдар сол
алған бағытталған саласынан ауытқымай, сол саланы терең зерттеп бір сарынды жүре бе-
ретіндіктерін де көріп жүрміз. Тіпті пəндер бір-бірімен ұқсастық мазмұндастық, сабақтастық
болса да, содан сəл ауытқып кетсе, шатасатындай немесе бір бөлек керексіз ұсақ заттай, өз-
дерінің алып жүргені ғана ғылым болып саналып, қазақ тілін оқыту, əдебиетін оқыту, жал-
пы оқыту əдістемесі пəніне мойындарын да бұрғылары келмей, бұны өздерінше педагогика
деп қарап, бір менсінбеушілік көңіл де білдіргенсіп жүретіндер баршылық. Сол əр саладан
жазылған теориялық білімдерді педагогиканың
методика саласы арқылы оқытылып жүріп
жатқанын, сол оқыту əдістемесі арқылы білім алатындығын неге білмеске. Ал Нұржамал
Оралбаеважұмыс барысында осы мəселені əлде қайда дұрыс түсінді.
Өзінің бүкіл
ғылымдағы теориясын, практика жүзінде ұштастырып, оны əдістемемен
жалғастырып, бүгінгі тілді оқытудың əдістемесінің қажеттілігін ескеріп,
жоғары мектепте
басқа тілді аудиторияда «Қазақ тілін оқытудың əдістемесі» деген оқулық жазды. Тіл мен пе-
дагогиканың дидактикалық саласын біртұтастықта қарап, оқыту əдістемесінен кандидаттық,
докторлық диссертациялады бірінен соң бірін қорғатты.
Сол сияқты профессор Н. Оралбаеваның бүгінгі таңдағы «Сөзжасам» (2003 жылы
жазған) оқулығына үңіле отырып, ризашылық көңілде қаласыз. Бұл оқулық морфология
12
мазмұнының бір бөлігі екендігі баршамызға белгілі. Бірақ зерттеп, бұл саланы жеке пəн етіп,
типтік бағдарламалар, жұмыс бағдарламалары жасалып, оны жеке пəн ретінде сабақ кестесі-
не енгізгеніне де біраз жылдар болды. Жұмыс бағдарламалары мен сабақ кестесіне қойылып
жүргенімен оқытылатын оқулығы болмай, жалпы тіл саласының ішкі мазмұндарымен бірге
əр əдебиеттерден теріліп оқытылып жүрді. Бүгінгі күнге дейін бұл саладағы ғалымдар да,
оқытушылар да соның қажеттілігін біле тұрса да, ешкім қолға алып жаза қоймады. Ал про-
фессор Н. Оралбаева апайымыз бұл саланың қыры мен сырларын зерттеп, оқырмандарына
ғылыми маңыздылығын өз тұстастарына əбден жеткізіп, енді студенттер, магистранттар, із-
денушілер, лицей, гимназия оқушылары, колледждер мен институттар жəне университет-
тердің
оқытушылары, доценттері тіпті бұл саланың профессорлары үшін де қажет дүние
екені дəлелденуде де, ол кісіге еңбегі жана берсін деген ризашылықта. Оқулықтың алғашқы
негізі жазылды, бірінші идеялық бағыт берілді. Апайымыздың даңғыл сара жолы қаланып,
оны жалғастырушылар ғылыми ізденіске түсіп, əрі қарай дамытуға зор мүмкіндік алды.
Ғалым Н. Оралбаеваның басқа елдермен достығы да аз емес, жолдастары да, достары
да жеткілікті. Түрік елінің Анкара қаласының университетінде 2 жылдай қазақ тілінен дəріс
оқыды. Бұл кісінің есімі Түрік əлеміне де белгілі жəне Қырғыз, Өзбек елімен де инновацияға
бейімділігін мынадан көруге де болады. Республикамызда қазақ тілін оқытудағы əдіскер-
лердің жоғын біліп соны дайындауға ат салысты. 1953 жылға дейін жалпы ғылыми кеңес
болатын. Ол кеңес осы жылы жабылып қалды. 1973 жылы қайтадан ашылмақшы еді, ға-
лымдардың жетіспеуінен ашылмай қалды. 1991 жылы Қазақстан халықтар тілін оқыту əді-
стемесі бойынша кеңес ашып, кейін докторлық диссертация қорғау кеңесіне айналды. Бұл
ашылған кеңесте қазақ тілін оқыту əдістемесі бойынша кеңес ашып, кейін докторлық диссер-
тация қорғау кеңесіне айналды. Бұл ашылған кеңесте қазақ тілін оқыту əдістемесінен док-
торлық диссертация қорғаған ғалымдар С. Рахметова (1994), М.Р.Қондыбаева (1995), Ф.Ш.
Оразбаева (1996), Т. Жұмажанова (1994), А. Қыдырышаев(2001), Ж. Жақсылықова (2001),
Р. Шаханова (2002), З.Бейсембаева (2003), Ж. Сүлейменова болды. Сол сияқты кандидаттық
қорғағандар 50-60 шамасына жетті. Сонымен профессор Н. Оралбаеваны қазақ тілін оқыту
əдістемесінің негізін салушы ғалым деуге болады. Бүгінгі күнге дейін сол докторлық кеңес
жұмысын педагогика ғылымдарының докторы, профессор Оразбаева Фаузия Шамшияқызы
жалғастырды.
Енді ғалым апайымыздың отбасын еске алмай кетуге болмайды. Жолдасы жəне əріптес
досы Мусин Сыздық ағамыз екеуі үлгілі жанұя болып келе жатқанына 60 жылдан асып ке-
леді. Ол кісі де биыл тоқсанға келіп отыр. С.Мусин педагогика ғылымдарының кандидаты,
профессор. Көптеген
жылдар КазГУ-дің проректоры, Бүкілодақтық білім беру институты
оқыту мазмұны жəне əдістемесі филиалының директоры, Ы. Алтынсарин атындағы ғылы-
ми-зерттеу институтында директордың орынбасары қызметтерін атқарып, Қазақстан ғылы-
мына өз үлесін қосқан білікті азамат.