Атты Халықаралық ғылыми-əдістемелік конференция материалдары


ТУҒАН ТІЛДІҢ ТҰҒЫРЫН БИІКТЕТКЕН



Pdf көрінісі
бет6/255
Дата29.11.2022
өлшемі2,56 Mb.
#53403
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   255
ТУҒАН ТІЛДІҢ ТҰҒЫРЫН БИІКТЕТКЕН
Өмірзақ Айтбайұлы
«Халықаралық қазақ тілі» қоғамының президенті, ҚР ҰҒА академигі, 
филология ғылымдарының докторы, профессор
Қойны-қонышы құтқа толған қасиетті қазақ даласы талай текті ұл-қыздарды өмірге əкел-
ді. Олар Жаратқан сыйға тартқан жарық ғұмырларын туған халқының сан-салалы ғылымда-
рының өркендеуіне арнады. «Атадан ұл туса игі, ата жолын қуса игі» дегендей, ата жолын, 
аға буындар салып кеткен тіл ғылымының жолын қуып, жоғын жоқтап, кемін түгендеп өт-
кен асылдарымыз қаншама?! «Лингвистика» дейтін осынау ұшы-қиырсыз ілім дүниесіне ел 
жүгін арқалайтын ерлер ғана емес, аймаңдай аруларымыздың өлшеусіз еңбек етуі – халық 
болып алқауға тұрарлық іс. Олар зерттеу ісінің желісімен ғана жағалап жүрмей, тіл ғылымын 
тың арнаға бұруға талпынды. Ұзын да бұралаң тарихтың сынынан өткен қазақ халқы сондай 


8
ұл-қыздарымен мақтанады. Академик Рабиға Сыздықовадан кейін бірегей білімімен көзге 
түскен көрнекті ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Нұржамал Оралбай-
қызының елге қосқан елеулі еңбегін қара орман халқы қалай алқаса да татиды. 
Алдымыздағы бір буын тоқсан деген толағай жасқа жетті. Қазақ жұртының ең киелі бол-
мысының бірі саналатын тіл ғылымымен айналысып, соған бойдағы күш-қайратын арнап 
келе жатқан əріптестерімнің бүгінгі таңда тоқсанның биігіне шығып, құрмет төрінде отыруы 
– мен үшін де қуанышты жайт. Солардың қатарында биылғы мамыражай мамыр айында ел 
болып төбесіне көтеріп, еселі еңбегін бағалап жатқан Нұржамал Оралбайқызы да бар.
Біз атап отырған лингвистикадағы ілгерілеушіліктер мен жаңалықтар аспаннан түсе 
салған жоқ. Ол осы салада ізденген ғалымдардың салып кеткен сара жолынан жаңылмай келе 
жатқан кейінгі буындардың ғылым мен тілдің киесіне деген адалдығының арқасында біртін-
деп пайда болады. Ғылымда жаңалық ашу дегеніңіз – теңдессіз іс. Ол – ұзақ уақытта жемісін 
беретін ұлы еңбек. А.Байтұрсынұлы, Е.Омарұлы, Қ.Жұбанов, М.Балақаев, І.Кеңесбаев, Ə. 
Қайдар, Р.Сыздық, Ш. Сарыбаевтар – осындай талмай іздену, зерттеу нəтижесінде еңбегімен 
ел құрметіне бөленген тұлғалар. Ал бүгінге дейін осы ұстаздардың ұстанымын үлгі етіп, 
тіл зерттеу ісінде өзіндік ұстанымы, өзіндік тұжырымы бар, өнегелі ілімнің ақтаңдақ жағын 
толтырған тілші-ғалымдардың арамыздан көптеп табылуы – ел үшін де, ертеңіміз үшін де 
үлкен жетістік. 
Киелі Баянауыл жерінде өмірге келген талантты ғалым қазақ тіл ғылымының өзге са-
лаларында зиялы қауымға кесек еңбектер ұсынды. Атап айтар болсақ, «Қазан төңкерісінен 
кейінгі кезеңдегі қазақ жазуының тарихы» деген тақырыпта кандидаттық диссертациясы, 
«Қазақ тіліндегі етістіктің аналитикалық формалары» деген тақырыпта докторлық диссерта-
циясы, «Байтұрсынұлының əліппесінің əдістемелік негізі», «Жұбанов жəне қазақ тіл білімі» 
т.с.с. зерттеу жұмыстары мен баяндамалары арқылы өзіндік ойын, батыл ұстанымын жеткізе 
білді. Ол қазақ тіл теориясымен қатар қазақ тілін оқыту əдістемесін де зерттеп, елеулі та-
быстарға қол жеткізген. Осы қол жеткізген табыстарын жас ұрпақтың санасына сəуле құю 
жолына арнай білді. 
Нұржамал Оралбай қазақ тіл білімінің жазу тарихы, графика, орфография мəселелерімен, 
қазақ тілінің морфология жəне сөзжасам салаларын зерттеумен шұғылданғаннын қатарлас 
ғалымдар жақсы біледі əрі жоғары бағалайды. Сол аталған салалар ішіндегі шоқтығы биік 
еңбегінің бірі сөзжасам ісіндегі жұмыстары деп қарауға боладын. Осыдан отыз жыл бұрын 
А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының грамматика бөлімі қызметкерлері М.
Балақаев, А.Қалыбаева, Қ.Есенова, Е.Жанпейісов, С.Нұрқатов, Н.Оралбайдың қатысуымен 
«Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі» атты монография жарыққа шықты. Бұл моногра-
фия арқылы қазақ тілі сөзжасамының теориялық негізі қаланды. Осыған ілесе «Қазіргі қа-
зақ тіліндегі сан есімнің сөзжасамы» атты Нұржамал Оралбайдың монографиясы қосылды. 
Қазақ тіл білімінде сөзжасам жайы сөз бола қалса-ақ, əр зерттеушінің ойына Н.Оралбайдың 
еңбектері оралады. 
Тілімізге тиек болып отырған Н.Оралбайқызының еңбектерінің ішінде «Қазақ тілінде-
гі етістіктің аналитикалық форманттары» («Аналитические формы глагола в современном 
казахском языке») атты докторлық диссертациясының орны бөлек. Н.Оралбаева түркі тіл-
дерінде, оның ішінде қазақ тіл біліміндегі көрініс категориясының зерттелуін сипаттай келіп, 
бұл категорияның қазақ тіліне тəн емес екенін, аналитикалық формалардың білдіретін мағы-
насы қимылдың өту сипаты категориясына жататынын көрсетті. Ғалым: «Cистему значений 
и средств, показывающих, каким образом совершается то или иное действие, мы называем 
способами действия», – деп анықтама бере келіп, қимылдың өту категориясының 12 түрін, 
кейінірек «Қазіргі қазақ тіліндегі етістіктердің аналитикалық форманттары» деген еңбегін-
де 14 түрін көрсетеді. Н.Оралбаеваның көмекші етістіктерді көмекшілік қызметке көшудегі 
ерекшеліктеріне қарай: а) алғашқы (омонимі бар) көмекші етістіктер: ал, бер, бол, бар, бақ, 


9
баста, бол, біт, қара т.б.; ə) кейінгі (омонимі жоқ) көмекші етістіктер: ет, еді, екен, емес деп 
екі топқа бөлуі ғалымдар арасында əлі де негізгі ұстаным саналады. 
Диссертациялық жұмысы арқылы ғалым қазақ тіл біліміне жаңалық əкеліп, жаңа сала-
ның қалыптасуына мұрындық болды. Ғылыми зерттеуде ізденіс иесі грамматикалық даму 
нəтижесінде лексикалық мағынасынан айырылып, грамматикалық қызметке көшкен көмек-
ші етістіктерді жан-жақты талдайды. Ғалым: «Көмекші етістіктердің өте жоғары дəрежеде 
абстракциялануы, олардың грамматикалық мағыналарының кеңеюі, түрлі категория мағына-
ларының көрсеткіштеріне айналуы, тұрақталуы грамматикалық даму заңдылығының нəти-
жесі», – деп, көмекші етістіктердің грамматикалық категориялар көрсеткіштері қызметтерін-
дегі мағыналық ерекшеліктерін саралап береді. 
Біздің лингвистердің бойында еңбектенумен қатар жазу бар, жазғаннан сырт айту да бар. 
Ғылым сөзі сөйленген ірі жиналыстарда салтанатты мінберлерде тұрып айтарын ірікпей, 
батыл айтып қалған ғалымдардың сол тамаша əдетттері бүгінгі кейіпкерімізге де жұғысты 
болған. Дегенмен баяндама жасаудың да қазақ ғылымындағы орны ерек дүние саналады. 
Н.Оралбай республикалық, халықаралық конференцияларда түрлі ғылыми баяндамалар 
жасады. Нұржамал Оралбай 1992-1994 жылдары Түркия Республикасының Анкара универ-
ситетінде түркі тілдері, оның ішінде қазақ тілінің грамматикалық құрылысы жайында дəріс 
оқыды. 
Морфология теориясын ғылыми жаңалықтармен байытып отырған ғалым қалыптасты-
рған жаңа теория ғылымда танылып, оқулықтарға енді. Сондай-ақол көбірек айтып, көбірек 
жазып жүрген «сөздің аналитикалық формасы теориясы» бірнеше ғалымдардың еңбектерін-
де зерттеліп, əрі қарай дамытыла түсті. Оралбайқызы Нұржамал нөлдік морфема, нөлдік 
форма мəселесін ғылыми айналымға енгізді.
Сонымен бірге бұл кісінің ұзақ жыл ұстаз болғанын зиялы қауым жақсы біледі. Талай 
ақүрпек балапандардың қанаттарын қатайтып, тəриелеп ұшырды. Ғалым болған кісі ұлтына 
өзі үлес қосуы – бір бөлек əңгіме де, ұлтқа қызмет ететін ұл-қызларды өсіріп жеткізуі – бөлек 
əңгіме. Ғалымның ұстаздық жолы туралы бұдан бұрын «Ұстаздық еткен жалықпас» (Ғалым, 
педагог Н.Оралбаева туралы бір сөз) атты мақаламыз да жарияланған болатын (Профессор 
Н.Оралбаева жəне тіл білімі мен əдістеме ілімі. Алматы. 2003 3-4- б.). Сондықтан Оралбай-
қызының екінші үлкен қыры саналатын педагогтік ұлы жолына қайтадан қалам тербеп оты-
рмадық. 
Əрі ғалым əрі ұстаз болған профессорлардың қашан да өзгелерден еңсесі биігірек тұра-
ды. Бұл тұрғыдан алғанда, Нұржамал – осы санаттағы бақытты ұстаздардың бірі. Оның 
тəлімін алып ұядан қияға қанатын қаққандардың саны да аз емес. Ендеше, Оралбаеваның 
бұл саладағы ұлағатты істерін ізін басқан ізгі шəкірттері тіпті де кемелді етіп жеткізетініне 
сенеміз. Ұстазы жақсының ұстамы жақсы ғой.
Ал біз ғалымның өз көзімізге жылы ұшырап, жанымызға жақын келетін тұстарын сөз 
етеміз. Содан да болар, сарапшы жұртқа салмақты сөз ұсынған ғалымымыз жайлы есімізге 
ең əуелі оның тіл ғылымындағы атқарған жұмыстары орала береді. Бір ғана мысал айтар 
болсақ, профессор Н.Оралбайдың ғылыми шығармашылық еңбектерінен кесек орын алатын 
мəселе – қазақ тілін оқыту əдістемесі. Оның 1996 жылы шығарған «Орыс тілі мектептерінде 
қазақ тілін оқыту əдістемесі» атты оқулығы да бір қырынан қарағанда таза лингвстикалық 
еңбек деуге болады. Себебі бұған дейін ол салаға ат ізін салып, жемісті нəтиже берген – Н.О-
ралбайқызы деуге толық негіз бар. 
Қазақ ғылымының кем-кетігі өзінің топырағында туған ғалымдардың табан ет, маңдай 
терімен толығып келеді. Қазақ лингвистикасы да солай. Реті келгенде, бір жағынан, өскен 
елі, енді бір жағынан, ғылым-білімге оң бағасын бере білетін қатысты орындар туған тілдің 
туын биікке қадаған ғалымдарын марапаттап жатады. Бұл жөнінен алғанда да əңгімеге арқау 
болып отырған қазақ қызы көп рет құрмет төрінен көрінді. Өз тарапымыздан да Нұржамалды 


10
сондай марапаттарға лайық тұлға деп қараймыз. Біз бір ғылымның жолында бірге еңбектен-
ген əріптес, замандас іні ретінде Нұржамалдың жеткен жетістіктері үшін қуанамыз, əрине. 
Бəрінен де маңыздысы – Нұржамал ұлт алдындағы перзенттік борышын абыроймен атқа-
рып, халықтан алғыс алып отыр. Профессор Н.Оралбайқызы – еселі еңбектерінің жемісін 
көруге қашан да лайық тұлға. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   255




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет