Атты Халықаралық ғылыми-əдістемелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет61/255
Дата29.11.2022
өлшемі2,56 Mb.
#53403
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   255
Байланысты:
zhinak

2. Əр ханның тұсында,
Бір сұрқылтай. Сұрқылтай – ханның жағымпаз қол шоқпары, пəлелі жағымпаз. [1, 354-
бет]
Осы мəтелдегі сұрқылтай сөзінің мəн – мағынасын екінің бірі біле бермейді. Сұрқыл-
тай сөзінің мағынасы « ханның кеңесшісі, ақылшысы, сөзін сөйлейтін ділмары, ақыны » 
дегенді білдірген. Сұрқылтай сөзінің шығу төркінін белгілі ғалым Р.Сыздықова былайша 
өрбітеді: «Бұл сөздің түбірі монғолдың 1) «оқыту», 2) «бір нəрсеге үйрету», 3) «тəрбиелеу» 
мағыналарындағы сурга (х) сөзі болу керек. Сургаал сөзі « ілім » мағынасын, сургууль сөзі 
1) «мектеп, училище», 2) «оқу, үйрету, оқыту» дегенді білдіреді, ал – тай монғол тілінде сын 
есім тудыратын жұрнақ. Сонда сургаалтай (сургултай) қазақша сұрқылтай « үйретуші (ақыл 
– кеңес беруші ) » деген сөз болып шығады ». [10, 143 – бет ]
3. Аузында əзілі жоқтың, қолында келтегі бар.
Келтек – шоқпардың қысқа, шағын түрі.2. Жуан таяқ. [ 4, 380 – бет ]
Бұл сөздің «қару» мағынасы мəнмəтіннен де, сөз семантикасынан да аңғарылады: қолға 
ұстайтындай шағын (келте) етіп кесіп алған ағаш бұтағы. Келте (қысқа) сын есіміне зат 
есім тудыратын - к жұрнағы жалғанып келтек болып қолданылуы дұрысы болса керек. 
Өлең шартына қарай келте варианты да қолданыла берген. [ 18, 61 – бет ]
4. Қанжар шықты – қан шықты.
Қанжар – екі жүзді, ұшы үшкір, пышақ сияқты қысқа сапты қару. Көбінесе болаттан 
соғылады. [ 7, 265 – бет ]
5. Аузында əзілі жоқтың,
Қолында қол шоқпары бар. Қол шоқпар – қару ретінде пайдаланылатын басы жұды-
рықтай таяқ. Ауысп. біреудің сойылын соғатын адам.
Ұлттық мəдениет, болмыс, діл сияқты ұғымдарды тоғыстыратын ана тілі байлығынан 
мақал – мəтел адамзатқа ой-өрісін, пікір-көзқарасын, əлемді түсініп-түйсінуін мейлінше 
толық, барынша ұғынықты, əсерлі жеткізіп, қажетті сөздерді сұрыптап, таңдап көрсетеді. 
Сондықтан да лайықты пайдаланылған мақал-мəтел арқылы берілген информациясының 
адресатқа, оқырманға жетуі, сайып келгенде, оны ойландырып, оның көңілінде түрлі ассоци-
ациялар туғызуы, оның рухани деңгейін көтеріп, интеллектуалдық əлеуетін арттыруға, жан-
жақты жарасымды дамуына қызмет етеді, сол арқылы қоғамды жақсартуға, жетілдіре беруге 
үлес қосады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   255




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет