Атты Халықаралық ғылыми-əдістемелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет112/343
Дата06.01.2022
өлшемі2,56 Mb.
#13292
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   343
Байланысты:
Н.Оралбай-конф.материалдары

Кілт сөздер: септік тұлғалары мен мағыналары, терминнің семантикасы, номинатив 

–  атау  септік,  генетив – ілік  септік,  датив – барыс  септік,  аккузатив – табыс  септік, 

локатив – жатыс септік, аблатив – шығыс септік, құралдық септік (инструментальный 

падеж) – көмектес септік.

  Ғылыми  мақаламыздың  мақсаты  -  профессор  Ə.Құрышжанұлының  1956  жылы  орыс 

тілінде  жазылған  жоғарыда  аталған  тақырыптағы  кандидаттық  диссертациясы[1]  тілінде 

кездесетін лингвистикалық терминдерді қарастыру, септік категориясының «Кодекс Кумани-

кус» ескерткішінің тіліндегі түрлерінің сол кезеңдегі ғылыми атауларымен таныстыру. 

  Қазақ тілінің ғана емес, түркі тілдерінің, соның ішінде қыпшақ тілінің тарихын зерт-

теген ғалымның ғылыми жұмыстарының алғашқыларының бірінен саналатын осы еңбектің 

тілінде қаншама ақпараттар мен қазақ тіл білімі тарихына қатысты зерттеулер мен танымдық 

мағлұматтар бар. Ғылыми жұмыстың авторы: жұмыстың үш бөлімнен тұратынын: алғашқы 

бөлім – сол кезеңдегі куман халқының тарихына, «Кодекс Куманикус» ескерткіші қай уақыт-

та жазылғаны, Ю.Клапрот, Г.Кун, В.В.Радловжəне К.Грёнбекбасылымдары жөнінде мəлімет-

тер беріледі дей келе, ескерткіш тілінен мысалдар келтіріп, куман тілі мен қазақ тілінің сөздік 

қорын салыстыратынын айтады[1, 5]. Еңбектің екінші бөлімінде автор:«септіктердің грам-

матика-морфологиялық сипатына арналып, əрбір септік түрлері жалғауларының дыбыстық 

нұсқалары  берілгенін  жəне  солтүстік-батыс  немесе  қыпшақ  тілдерінің  ұқсас  деректерімен 

салыстырмалы-тарихи  тұрғыдан  қарастырылғанын»  айтып  өткен.Үшіншібөліміндесептік-

тердің үстейтін мағыналары мен олардың жалғанатын сөздермен сəйкес келуі табиғатын қа-

растырған.

  Ғылыми мақаламызға арқау етіп отырған тілдік материал осы диссертациялық жұмы-

стың барлық бөлімдерінде қолданылатын, əсіресе екінші бөліміндегі септіктің лингвисти-




144

калық атаулары мен оның мəн-мағыналары, яғни осы еңбектегі лингвистикалық терминдер, 



терминдердің семантикалық өрісі мен қолданыс аясы.  Мақаламыздың  дереккөзі  ретінде 

еңбектің 68-94 беттеріндегі терминдер жəне олардың тұжырымдалуы қарастырылды.

Жалпы, кез келген ғылыми жұмыстың ақпараттылығы оның ғылыми аппаратыны, тірек 

терминдеріне қатысты. Олай болса, аталған жұмыстағы қолданылған септік категориясының 

түрлері жеке-жеке қарастырылып, оның жасалу жолдары арқылы мазмұнды ғылыми тұжы-

рым ұсынылады. Ə.Құрышжанұлының аталған еңбегі тұнып тұрған куман қыпшақтарының 

тіліндегі элементтер ғана емес, оны дəлелдеуі мен ұсынуы табиғи, əрі өте қарапайым түсінік-

ті ғылыми стилде жазылған еңбек. Ғылыми жұмыстың 65-66 беттерінде ғалым былай дейді: 

«Нами куманские падежи обозначены традиционными латинскими терминами потому, что 

они имеют место и воригинале «Кодекса» и в различных его изданиях, в которых перечис-

ляются 6 падежей: номинатив, генетив, датив, аккузатив, аблатив и вокатив. Мы со своей 

стороны, во-первых, придерживаемся мнения А.Самойловича[2], который пишет, что особо-

го звательного падежа в тюркских языках вообще не существует, 2 потому, что он выражает 

обращение, а не отношение существительного к другим словам в предложении. Во-вторых, 

список падежей дополняем локативом и инструментальным падежом» [1, 65].

Лингвистикалық  ұғымдардың  қалыптасу  тарихы  Азия  жерінде  арабтың  үш  бірдей  ірі 

лингвистикалық мектептерінен бастау алғаны мəлім. «Басты тілдік мектептер қазіргі Ирак 

территориясын  арабтар  рухани  жаулап  алғаннан  кейінгі  Басрий  мектебі  -  барлық  мектеп-

тердің ең көнесі, Куфий жəне Бағдат мектептері болған» [3, 20].

Лингвистикалық  терминдердің  қалыптасу  тарихы  қазақ  топырағында,  алдымен  Ор-

хон-Енисей, Талас жазба ескерткіштерінен, əл-Фараби еңбектерінен бастау алатынын, ал са-

лыстырмалы-тарихи тіл білімі, яғни компаративистика ғылымының негізін салушы,«Диуани 

лұғат-ат түрк» (Түркі тілдерінің сөздігі) еңбегінің авторы М.Қашқари екені белгілі. 

Лингвистикалық терминдер теориясын қалыптастыруда 1930 жылдардағы Алаш зиялы-

ларының да өзіндік үлесі бары терминтану саласы ғалымдарының ғылыми жұмыстарынан 

танылып келеді[4, 93].

Ə.Құрышжанұлының 1956 жылы ғылыми ортаға ұсынылған осы еңбегінің қазіргі линг-

вистикамыздағы терминдер жүйесіне қосар үлесі, алатын орны ерекше.

Ғалым номинатив – атау септіктерминін былай түсіндіреді:«Интересно отметить, что 

Г.Кун на стр.75 и СІV своего издания СС для номинатива приводит примеры в нулевой фор-

ме слова, напр.: аt(лошадь) и в форме множественного числа, напр.: аtlar(лошади). Притя-

жательная форма слова тем не указывается, очевидно, Г.Кун ее считал не характерной для 

номинатива. Итак, отсутствие какого-нибудь падежного окончания в куманском языке, как и 

в других тюркских языках, означает номинативный падеж»[1, 67].

Қазіргі қазақ тіліндегі атау септік тұлғалы сөздерді зерттей келе, ғалымдар атау септі-

гінің нөлдік формада келуінің өзі атаулық мағына беретіні туралы С.Исаевтың, Н.Оралбай 

еңбектерінен белгілі [5; 6].

Ə.Құрышжанов ілік септігінің жасалу жолында оның қосымшаларына тоқталады: «Вто-

рой  падеж  в  Кодексе  в  простом  и  притяжательном  склонении  имеет  окончаниening/ning  и 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   343




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет