Атты Халықаралық ғылыми-əдістемелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет108/343
Дата06.01.2022
өлшемі2,56 Mb.
#13292
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   343
Əдебиеттер тізімі:

1.  Есіркепова К.Қ. 1960-80 жылдардағы əйел-ақындар поэзиясының тілі. Қостанай. ТОО 

«Центрум», 2010. -153 б.

2.  Бақтыгереева А. Ақ Жайық айдыны. Өлеңдер жинағы. І том. Астана: Фолиант. 2014. 

-365 б.

3.  Жүнісова М. Қазақ тіл біліміндегі антропоөзекті бағыттар /Оқу құралы. 2017. -15 б.



«ТЕРМИН» ЖƏНЕ «ТЕРМИНТАНУ» АТАУЛАРЫ ТУРАЛЫ

Əбілқазыұлы Əлімсейіт,

Шинжяң университеті гуманитарлық институты 

Қазақ тілі-əдебиеті кафедрасының оқытушысы

Ғылымның  кез  келген  саласы  туралы  ізденіс,  ең  əуелі,  сол  ғылымның  негізгі,  тірек 

ұғымдары мен сол ұғымның терминдерін айқындаудан, анықтаудан басталады. Бірақ сол не-

гізгі, тірек ұғымдарға анықтама беру, терминдерін қалыптастырып, тұрақтандыру көптеген 

қиындықтармен қоса, күрделі мəселелерді ала келеді. Осындай тірек ұғымдардың анықтама-

сы мен терминдеріне назар аударсақ, оқымыстылардың көзқарастары əркелкі екенін байқай-

мыз. Осы кезекте «термин» жəне «терминтану» анықтамасына емес, атауларына ғана тоқта-

ламыз. 


Жың  Шупудың  ( 䜁㏙ᬑ  еңбегіне  сүйенсек  [1],  «термин»  сөзінің  арғы  тегі  латынның 

«terminus»  сөзі,  ол  «шек,  шегара»  деген  мағыналарды  білдіреді.  Оған  ағылшын  тіліндегі 

«term», француз тіліндегі «teme» сөздері сəйкес келіп, онан көптеген мағыналар (мысалы, 

логика немесе математика өңіріндегі «项», «词语» секілді мағыналар) туындайды. Бірақ «

术语

» деген мағынасында жұмсалса, ағылшын, француз тілдерінде «technical term» немесе 



«term technique» деген тіркестермен беріледі. Мұндағы «technical» жəне «technique» ағыл-

шын, француз тілдерінде жеке-жеке «ᢏᵟ» дегенді білдіреді. 

Ал «Term» жəне «Teme» сөздерімен тіркесіп келгенде «ᢏᵟ» дегенді білдірмей, керісін-

ше, «术语» деген мағынаны білдіреді. Орыс тілінде сөз тіркесімен емес, «Терм» жəне «Тер-

мин» түрінде, алдыңғысы «项» деген мағынаны, соңғысы «项» дегенмен бірге «术语» деген 

мағынаны  білдіреді.  Бұған  қатысты  ағылшын  тілінде  «terminology»,  орыс  тілінде  «терми-

нология» деген сөздер бар. Ағылшын тіліндегі «terminology» сөзінің үш мағынасы бар [2]: 

бірінші мағынасы – салалық терминдер қызметінің теориясы мен əдістемесі; екінші мағы-

насы – салалық терминдер теориясы; үшінші мағынасы – салалық терминдердің жиынтығы. 

Жанзу тіліндегі «ᵟ䈝Ꮫ» ағылшын тіліндегі «terminology» тек бірінші жəне екінші мағы-

насында жұмсалады да үшінші мағынасында жұмсалмайды. Орыс тіліндегі «терминология» 

сөзінің өзі терминдерді реттеу, біріздендіру дегеннен дерек беріп тұрады [3]. 

Аталған термин кезінде «белгілі бір білім өңіріндегі терминдердің жиынтығы»; «белгілі 

бір жаратылыстық (⮬↛) тілдегі жалпы терминдер жиынтығы»; «терминдерді қарастыра-

тын пəн» деген үш ұғымды білдіретін. Мұндай көпмағыналықтан туындайтын жаңсақтықтан 

арылу  үшін  кей  тіл  мамандары  соңынан  «терминологическая  лексика,  терминолексика»  (

术语词汇

)  терминімен  екінші  мағынасын,  яғни,  «белгілі  бір  жаратылыстық  тілдегі  жалпы 




139

терминдер жиынтығын», ал «терминоведение» (ᵟ䈝䇽≷) терминімен үшінші мағынасын, 

Яғни, «терминдерді қарастыратын пəнді» білдіруді ұсынады. Бұл ұсыныс қабылданып, «Тер-

минология» термині «белгілі бір білім өңіріндегі терминдердің жиынтығы» дегенді меңзей-

тін болады. 

Қазақ  тіліне  келсек,  «термин»  атауының  өзі  əр  елде,  əр  кезеңде  түрліше  аударылып, 

оның  бірнеше  балама  нұсқасы  ұсынылыпты.  Шерубай  Құрманбайұлының  еңбектеріне  [4] 

сүйенсек, о баста қазақ терминологиясы дамуының Байтұрсынұлы кезеңінде «пəн сөзі» деп 

аталыпты. Оқымыстылардың өткен ғасырдың 20-жылдары жарық көрген еңбектерінен, сол 

жылдардың мерзімді басылымдарынан осы терминді жиі кездестіреміз [5]. Ақымет Байтұр-

сынұлы,  Елдес  Омарұлы,  Нəзір  Төреқұлұлы,  Халел  Досмұхаметұлдарының  еңбектерінде 

«пəн сөзі» деп қолданылған. 

Е. Омарұлының 1924 жылы Орынборда өткен қазақ білімпаздарының тұңғыш съезінде 

жасаған баяндамасы «Қазақша пəн сөзі» деп аталса, Ақымет Байтұрсынұлы 1926 жылы Ба-

куде өткен Бүкілодақтық конференцияда жасаған баяндамасында «Пəн сөзі» терминін қолда-

нады. Білім ордасы бекіткен терминдер сөздігі 1927 жылы Н.Қаратышқанұлының құрасты-

руымен «Пəн сөзі» деген атпен жарық көреді. Бұл атау сол қалпымен бірізді қолданыла бер-

генде қазіргі күнге дейін қалыптасып, төл терминдеріміздің бірі болып та кеткен болар еді.

Алайда 30-жылдардың бас кезінен бастап терминологияны халықаралықтандыру, орыс 

тілінің терминологиясын үлгі етіп алу бағытына бет бұрғандықтан, «пəн сөзі» «термин» ата-

уымен алмастырылады. Дəлірек айтқанда, ұлттық терминқорды қалыптастыруда Ахмет Бай-

тұрсынұлдары ұстанған бағыттан өзге жолды таңдап, сол жолдың жаңашылдығына сенген 

оқымыстылар терминология тізгінін ұстаған мамандарды алмастырады. Сонымен, 30-жыл-

дардан бастап 90-жылдарға дейін «термин» сөзі барлық əдебиеттерде баламасыз бірізді қол-

данылып келді. 30-жылдардан кейін оны ұлт тіліне аударуды, оған қазақша балама табуды 

мақсат  етпеген  тəрізді.  Сол  себепті  бұл  сөз  аталған  кезенде  (1930-1990  жылдар  аралығы) 

білім алған екі-ұш ұрпақтың құлағына құйылып, санасына сіңіп, үйреншікті атауға айналады

Десе де 30-жылдары «пəн сөзі» терминінің «пəн атауы» деген нұсқасын қолданған жеке-

леген зиялылар да болды. Мысалы, Əлкей Марғұлан 1930 жылғы «Еңбекші қазақ» газетінің 

наурыз, сəуір айларында жарық көрген бірнеше санында «Осы пəн атауы дұрыс па?» деген 

атпен  жұртшылық  талқысына  көптеген  терминдерді  ұсынды.  Бірақ  бұл  атау  жаппай  қол-

даныла қоймайды. Сондай-ақ сол жылдары «пəн атаулары» терминінің пəнге қатысы көр-

сетілмей-ақ «атау» түрінде де қолданылды. Мысалы, 1931 жылы халық ағарту комиссарияты 

білім кеңесінің терминология комиссиясы бекіткен терминдерін «Атаулар сөздігі» деген ат-

пен шығарады. Осыдан былайғы уақытта, яғни 30-жылдардың басынан «термин» сөзі жап-

пай қолданысқа көше бастайды. 

Сонау 20-30-жылдардан кейін «термин» сөзіне қазақша балама табу, оны қазақтың төл 

сөзімен атау мəселесі араға 60-70 жыл салып барып, 90-жылдары ғана қайта сөз бола бастай-

ды.  Соңғы  он-он  бес  жыл  көлемінде  «термин»  атауына  байланысты  түрлі  ұсыныстар  ай-

тылды. Ұсыныс білдірушілердің арасында 30-жылдарға дейін қолданыста болған «пəн сөзі» 

немесе «атау» терминін қайта жаңғыртып қолдануды ұсынушылар да, «термин» атауын қал-

дырған дұрыс деушілер де, «аталым», «атаусөз», «ұғымсөз» [6] сынды жаңа баламалар жа-

сап ұсынғандар да болды. Сондай-ақ сөз болып отырған атауды 30-жылдары фонетикалық 

өзгеріске ұшыратып «термін» түрінде қолданғандар да болды, бүгін де осы нұсқаны қолда-

ушылар бар.

Сонымен, ғасырға жуық уақыт аралығында арнаулы лексиканың (专业词汇) бірлігі бо-

лып табылатын бір ғана ұғым атын пəн сөз, пəн атаулары, атау, аталым, атаусөз, ұғымсөз, 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   343




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет