Атты Халықаралық ғылыми-əдістемелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет110/343
Дата06.01.2022
өлшемі2,56 Mb.
#13292
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   343
ну), табиғаттану, тілтану (тілтану), əдебиеттану (əдебиеттану), елтану (елтану) неме-

се физика, химия десек, пəннің, ғылым салаларының атаулары болады. Сондай-ақ мұнда атау 

сөзден гөрі сипаттау басым, шұбалаңқылығы жəне бар.

«Аталым» туралы. Бұл балама – 90-жылдардан кейін ұсынылған жаңа сөз. Ол осы ке-

зеңде -ым/-ім жұрнағының көмегімен туындаған айтылым, жазылым, тыңдалым, естілім 

сияқты тіл білімі терминдерінің үлгісімен жасалған. Алғашқы ұсынылған кезде жекелеген 

авторлар  тарапынан  қолданылғанмен,  қазір  өте  сирек  аталып,  ұмытыла  бастады.  Бұл  үл-

гімен жасалған терминдер қазір біршама қолданыла бастады. Термин шығармашылығында 



141

(ᵟ䈝ࡋ㐀) бір нəрсені ұмытпаған дұрыс. Ол – негізгі, тірек терминдердің мейлінше қысқа 

болуын ескеру. Кейін солардың негізінде сөз тудыру, ұялас терминдер жасау, жаңа атаулар 

өрбіту мүмкіндігі сақталады. Тірек терминдер қай саланың да басты, негізгі ұғымдарын біл-

діретіндіктен,  олардан  туындайтын,  олармен  байланысты  болатын  тектік  ( ᒓᴫᛕ), түрлік       

(⛇ᴫᛕ




) ұғым атаулары көп болатыны анық. 

Жалғамалы тіл үшін, сөз тудырушы жұрнақтар сөз соңына ғана жалғанатын тіліміз үшін 

бұл – маңызды мəселе. Мүмкіндігінше бір не екі буынды болғаны жөн. Үш буыннан асқан-

нан кейін сөз ықшамдығынан, сөз тудыру қабілетінін айырыла бастайтыны байқалады. Сөз 

шығармашылығымен  айналысушылар  мұны  ескермеуіне  болмайды.  Бұл  тұрғыдан  келген-

де пəнсөз, атау, термин сөздерінің мүмкіндіктері бірдей. Айталық пəнсөзтану (пəнсөзта-

ну), атаутану, терминтану сынды атаулардың аталымтану, атаусөзтану (атаусөзтану), 

ұғымсөзтану  (ұғымсөзтану)  терминдеріне  қарағанда  айтуға,  жазуға,  қолдануға  қолайлы 

екендігі сөзсіз. 

Қазір терминологияда шұбалаңқы, көп сыңарлы терминдер өте мол. Салалық терминоло-

гиялардың бірқатарында 60-70 пайызға дейін, жекелеген салаларда одан да жоғары мөлшерді 

құрап жатады. Ал шұбалаңқы терминдердің атау ретінде қолдануға қолайлы бола алмайты-

ны белгілі. 



«Атаусөз», «ұғымсөз» баламалары туралы. Бұл сөздерді ұсынған авторлардың өздерінен 

басқа көп ешкім қолдана қойған жоқ. «Атауды білдіретін, атау болатын сөз» деген мағынаны 

беретін «атау сөз» баламасының екі сөздің бірігуінен жасалған тұлғалық жаңалығы болмаса, 

тіліміздегі  бұрыннан  бар  «атау»  сөзінен  мағыналық-семантикалық  жағынан  еш  айырмасы 

жоқ. Дəлірек айтсақ, тілдегі терминнен өзге де атауыштық қызмет атқаратын сөздердің бар-

лығы да «атау сөз» бола алады. Яғни, «бұл атау терминнің өзіне ғана тəн басты ерекшелігін 

білдіріп тұр» деуге болмайды. 

«Ұғымсөз» де осы үлгімен жасалған. «Ұғымды білдіретін сөз» деген бұл атаудың мағы-

насы  терминге  сəйкес  келе  алмайды.  Терминнің  заттық  немесе  абстракті  ұғымдарды  біл-

діретіні рас. Бірақ термин емес, өзге сөздер де ғылыми, техникалық болмаса да қарапайым 

ұғымдарды білдіре алады. Екінші сыңары «Сөз» де мағыналық тұрғыдан үйлесіп тұрған жоқ, 

бұл жерде оның орнына «ат», «атау» сөздері əлде қайда дəл келер еді. Қысқасы, бұл екі атау-

ды да сəтті баламалар қатарына қоса болмайды. 

«Термин» атауы туралы. Бұл атау латын тілінде «шек», «шегара» деген мағынаны біл-

діретіні  белгілі.  Тілімізде  орыс  тіліндегі  таңбалануына  сəйкес  ХІХ  ғасырда  жарық  көрген 

кейбір еңбектер мен басылымдарда кездесе бастаса, ХХ ғасырдың басында жұртшылыққа 

біршама жақсы таныс болды. 

20-жылдары ұлт тілінде жасалған баламасына жарыспалы нұсқа ретінде сиректеу қолда-

нылып жүрсе, 30-жылдардан бастап «термин» сөзі жаппай қолданылатын, тұрақтаған атауға 

айналды. 90-жылдарға дейін 60 жылдай уақыт бұл терминді ұлттық баламамен алмастыру 

туралы əңгіме қозғалған емес. Тек қоғам өмірінде елеулі өзгерістер болған сол 90-жылдар-

дан  бастап  қана  оны  өз  тілімізде  бұрыннан  бар  сөзбен  немесе  жаңа  жасалған  баламамен 

алмастыру мəселесі көтеріле бастады. Тілімізде қазір фонетика, фонема, лексика, лексема, 



морфология, морфема, синтаксис сияқты ондаған өзге тілдерден қабылданған тіл білімі тер-

миндері  өзгеріссіз  қолданылып  жүргенде  неге  солардың  ішінен  «термин»  атауына  ерекше 

көңіл аударылып отыр?

Оның себебін мына мəселелермен байланысты деп түсінген жөн. Біріншіден, орыс тілін 

үлгі ете отырып жалпы кеңестік терминқор қалыптастыру бағытына деген көзқарас өзгеріп, 

ұлт тіліндегі термин шығармашылығын дамыту мəселесінің күн тəртібіне қойылып отыруы 

көпшілік санасына жалпы əсер етті. Екіншіден, бұл сұрақтың туындауына негізінен термин-

нің тілгерлердің қолданысымен, бір ғана лингвистиканың шеңберімен шектелмей, бүкіл сала 

мамандарының, көпшілік қауымның назарын аудартып отырған өзекті мəселе ретінде көрініс 



142

беруі  басты  себеп  болды.  Жалпы  термин,  терминология  мəселелерінің  қоғам  назарын  ай-

рықша  аудартып,  қалың  қауымның  əңгіме  арқауына  айналып  отыруына  байланысты  ұғым 

атауының өзі де жұртшылық талқысына түсті. Əйтпесе бұл атау да 60 жылдан астам тілдік 

қолданысымызда болып келген өзге де кірме сөздер сияқты лингвистикалық əдебиеттерде 

өзгеріссіз қолданыла берер еді немесе тіл мамандарының өз арасында ғана талқыланар еді. 

«Термин» атауын өзгертуді ұсынушылардың оған тағатын негізгі «міні» оның кірме сөз 

екендігі. Біз ұлт тіліндегі термин шығармашылығын толық жолға қоюымыз керек. Ұлттық 

терминқорымызды қалыптастыруда қазақ тілінің лексикалық байлығы мен сөзжасалым (сөз-

жасалым  ᯊ䇽ἲ



) тəсілдерін барынша тійімді пайдалану қағидатын бірінші орынға қою қа-



жет. Алайда тіліміздегі кірме сөздердің бəрін төл сөзімізбен алмастыру, алдағы уақытта шет 

тілдерінен сөз қабылдамау мүмкін емес екендігін түсінуге тиіспіз. Сондықтан да «термин» 

сөзінің қолданыла бергені жөн. Ал «термін» түрінде тіліміздің дыбыстық жүйесіне икемдеп 

алайық» деген ұсыныспен келісуге негіз бар. 

20-, 30-жылдар аралығында жарық көрген кейбір басылымдарда бұл сөз «термін» түрін-

де қолданылған да болатын. Сол жылдары жарық көрген кейбір газет мақалаларында «тер-

мен» нұсқасы да қолданылды. Соңғы кезде реліс (реліс), тəбіл (тəбіл), режім (режім), кəбіл 

(кəбіл), пошта (пошта), шабадан (шабадан) сияқты терминдерді ресми бекіте басталғаны 

белгілі. 

Сонымен, қорыта айтқанда, «термин» (немесе «термін» ) сөзінің терминқорымызда қала 

беруіне мынадай себептер бар: 

Біріншіден, «термин» – тілімізде 80 жылдай уақыт қолданылып, тіл тұтынушылардың 

санасына сіңіп, көзі үйреніп, құлағы тосырқамайтын жағдайға жеткен сөз. Бұл – психолинг-

вистикалық түрткіжайт. Мұнымен санаспауға болмайды.

Екіншіден, «термин» атауын халық жаппай қолданып келді. Соңғы үш ұрпақ қай əлеу-

меттік топқа жататындығына қарамастан, білім беру жүйесі, бұқаралық ақпарат құралдары 

мен əлеуметтік желілер арқылы осы сөзді тілдік норма ретінде қабылдады. Бұл – əлеуметтік 

лингвистикалық түрткіжайт (фактор). Онымен де санасуға тура келеді. 

Үшіншіден, бұл атау терминтану саласының тірек термині болып табылады. Термино-

логияны  зерттейтін  ғылымның  атынан  бастап,  ондаған,  жүздеген  терминдер  осы  атаудан 

туындаған немесе онымен тіркесу арқылы жасалған. Мысалы, терминтану, терминология, 



терминография, терминжасам, терминжүйе, термин шығармашылығы, терминологиялық 

лексика,  терминбөлшек  сияқты  көптеген  терминдерді  өзгеріске  ұшыратып,  бүкіл  саланың 

атауларын алмастыру – оңай жүзеге асатын іс емес.

Төртіншіден, жоғарыда ұсынылған баламалардың барлығы дерлік терминге қойылатын 

талаптарға сай жасалып, ұғым мазмұнын дəл қамтып тұрған сəтті атаулар деп айта алмай-

мыз. «Пəнсөз» бен «Атау» сөздерінен өзгелері ұғым мазмұнын қамту жағынан да, атау сөзге 

тəн қасиеттері жағынан да сəтті жасалған сөздер қатарына қосылып тұрған жоқ. 

Сонымен, қазақ тілінің дыбыс тіркесіміне, үндесіміне, сөздің буын жігіне, тасымал реті-

не сəйкестіріп, «термін» деп алуды ұсынамыз. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   343




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет