Атты Халықаралық ғылыми-əдістемелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет203/343
Дата06.01.2022
өлшемі2,56 Mb.
#13292
1   ...   199   200   201   202   203   204   205   206   ...   343
Пайдаланылған əдебиеттер:

1. Н.Ғабдуллин. Ғабит Мүсірепов - драматург.-Алматы: Өнер, 1982

2. М.Əуезов. Уақыт жəне əдебиет. Алматы, 1962

3. Əдебиеттану терминдері сөздігі.- Алматы: Ана тілі, 1998, 130 б

4. Р.Нұрғалиев. Телағыс.- Алматы: Жазушы, 1986

ОҚУШЫҒА СӨЗ САПТАУ ТƏСІЛДЕРІН ҮЙРЕТУ 

Ж.Дəулетбекова – 

Абай атындағы ҚазҰПУ 

қазақ тілі теориясы жəне əдістемесі 

кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.д.

Г.Қожахметова - 

Ясауи атындағы ҚХТУ 3-курс докторанты

Заманауи білім берудің басты талабы – оқушыға құрғақ ережелерді жаттатудан бас тар-

тып,  А.Байтұрсынұлы  айтқандай,  «нəрсенің  атын  алмай,  затын  алып,  баланың  меңгерген 

білімі өзіне де, мемлекетке де пайдалы болатынын көздей отырып оқыту»[1, 301-б.]. Олай 

болса, ана тілі ретінде оқытылатын «Қазақ тілі» сабақтарында балаға пайдалы білімнің бірі 

– оларға сөз саптау тəсілдері туралы нақты білім беріп, оны практикалық тұрғыдан саналы 

үйрету. Сөз саптау тəсілдерін меңгерген білім алушы кез келген жағдаятта жол табуға, өздігі-

нен шешім жасауға, өз əрекетінің түпкі мəн-мазмұнын түсіндіре алуға қабілетті болмақ. Сол 

себепті мектеп қабырғасында сөйлесімге баулитын, оның түрлері мен типтері туралы ұғым 

қалыптастыратын білім мазмұнын құру тиімді болатыны сөзсіз.

Сөйлесім типтерінің ауызша жəне жазбаша түрге бөлінуіне, монологтік сөз, диалогтік 

сөз, полилогтік сөз деп ажыратылуына, сөйлеудің функционалдық стильдері мен функцио-

налдық-қатысымдық типтері деп топтастырылуына бірнеше фактор негіз болады. Олардың 

қатарында субъективтік, əлеуметтік, қоғамдық жəне т.б. бар.

Адамдардың  тіл  арқылы  қатынасқа  түсуі  əртүрлі  формада  жүзеге  асады.  Мысалы,  ой-

ын-сауық  орындарында  достармен  кездесіп  əңгімелесу,  қызмет  орнындағы  əріптестермен 

сұқбат  жасау,  ресми  немесе  бейресми  жағдайларда  телефон  арқылы  сөйлесу,  жоғары  оқу 

орындарында дəріс оқу – ауызша түрде жүзеге асатын тікелей қарым-қатынастың түрі бо-




271

лып саналады. Кітапты, ресми немесе бейресми қатынасқа байланысты жазылған хаттарды, 

əртүрлі құжаттарды оқу да тілдік қатынасқа жатады, бірақ ол жазылған мəтін арқылы жүзеге 

асады. Ауызша тілдесімде ой тіл дыбыстары арқылы айтылса, жазбаша тілдік қатынаста ой 

тілдік таңбалар арқылы жүзеге асырылады.

Сонымен, «тілдік қатынастың жүзеге асуының екі формасы – ауызша жəне жазбаша тіл-

дің ортақ жақтары да бар, бірі-бірінен айырмашылықтары да жетерлік. Ортақ жағы – олардың 

екеуі де əдеби тілге негізделеді; екеуі де адамның ойын жеткізу қызметін атқарады. Ауызша 

тіл мен жазбаша тілдің айырмашылықтары олардың ойды жеткізу құралдарына байланысты 

болады.  Ауызша  тілде  əңгімелесушілер  (Баяншы  мен  Қабылдаушы)  бетпе-бет  сөйлесетін-

діктен, ауызекі сөйлеу стиліне тəн белгілер: сөйлемдердің толық болмауы, сөз қысқалығы, 

тілдік емес құралдардың (бет-жүз құбылыстары мен қол-дене қимылдарының) қатысы ба-

сым болады» [2, 123 б.]. Онда сөздердің, сөйлемдердің орнын интонация, дауыс ырғағы мен 

мəнері, сөз кідірістері алмастырып отырады. А. Чехов айтқандай, ауызша тілде «интонация 

сөзден де артық» қызмет атқара алады.

Жазбаша тілде ойды жеткізудің құралы болып тілдік таңбалар саналады. Қарым-қаты-

нас жүзбе-жүз іске асырылмайтындықтан, Баяншы өз сөзінің Қабылдаушыға барынша анық, 

түсінікті болу үшін ойын жүйелі, сөйлемдерін толық, кітаби тілдің барлық стильдік нормала-

рына тəн ерекшеліктерге сай етіп құрады. Мұнда тек сөздер мен сөйлемдер ғана емес, əрбір 

тыныс белгісінің де атқаратын рөлі үлкен.

«Тілдік қатынастағы сөйлесім мəні жағынан əлеуметтік, ал орындалуы жағынан даралық 

сипатқа ие болады. Адамдардың өзара əлеуметтік қатынасында тіл ерекше рөл атқарады»[3, 

65 б.]. Бала өмірге келгеннен бастап өзін қоршаған ортамен үздіксіз қарым-қатынаста болады, 

ортаға бейімделеді. Оның субъективтік болмысының қалай болуы өскен ортасында естіген сөз-

деріне тікелей байланысты. Бұл адамның қалыптасуындағы сөздіңəлеуметтік мəнін танытады. 

Сөз арқылы ой дамитын болса, ақыл-ой əр адамның өмірде алар орнының қандай болмағын 

белгілейді.  Өйткені  ата-анасы  мен  қоршаған  ортасы  балаға  сөз  арқылы  тəрбие  береді.  Сон-

дықтан да М. Қашқари «Тəрбие басы – тіл, əдеп басы – тіл» дейді. Сөйлесімнің даралық сипа-

ты адамның сөзге мəн беруі мен қай сөзді қай жерде қалай қолдануынан көрінеді. Сөзді талғап, 

таңдап жұмсай білу мəдениеті сол адамның қоғамдағы, ортадағы мəртебесін де анықтайды.

Тілдік  қатынасқа  түсетін  адамдардың  саны  да,  олардың  арасындағы  байланыс  дəрежесі 

мен белсенділігі де əр түрлі болып келеді. Тілдік қатынасқа түсушілердің санына қарай адамдар 

арасын жалғайтын сөздің түрлері монологтік сөз (бір адамның сөзі), диалогтік сөз (екі адам-

ның өзара сөйлесуі), полилогтік сөз (бірнеше адамның өзара пікірлесуі) болып ажыратылады. 

«Монологтік сөз көздеген мақсатына, сөз саптау тəсілдеріне жəнефункционалдық-мазмұн-

дық сипатына қарай: сипаттау, баяндау, пайымдау болып үшке бөлінеді. Бұлардың алғашқы 

екеуінен сөйлеушінің қоршаған ортадағы заттарға қатынасыкөрінсе, соңғысында оның та-

биғаттағы заттар мен құбылыстардың мəнін, орнын тануы мен бағалауы, өзіндік көзқарасы 

мен түсінігі баяндалады» [4, 15-16- б.].



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   199   200   201   202   203   204   205   206   ...   343




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет