Атты Халықаралық ғылыми-əдістемелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет206/343
Дата06.01.2022
өлшемі2,56 Mb.
#13292
1   ...   202   203   204   205   206   207   208   209   ...   343
Адам қалай ойлайды?

Адам баласы өзінің айналасындағыларға, басқаларға деген көзқарасын, ниетін өзгертсе, 

олардың да бұған деген көзқарасы өзгереді. Адам өзінің ой-пікірін, ниетін өзгертсе, оның 

өмірінің материалдық жағы да өзгереді Яғни тағдырымыз өз қолымызда. Адамның қол жет-

кізген жетістіктері – оның өзінің ойы мен ниеті арқылы жоғары көтеріліп жеткен жеңістері. 

Ал ойы мен ниетін жақсылыққа бағыттай алмайтын адамдар бақытсыз болады. Сондықтан 

да  өз  бақытымыз  үшін  өзіміз  күресейік.  Алдымен,  өзімізбен  күресуді  оптимистік  ойдың 

негізінде жүзеге асырайық. Ол үшін мен сіздерге өзім орындайтын бағдарлама ұсынамын. 

Оның аты «Дəл бүгінгі күннен бастап» деп аталады. Бұл бағдарлама бойынша:

дəл бүгіннен бастап «Мен бақыттымын» деген сөзді басшылыққа аламын;

дəл бүгіннен бастап мен өзімді қоршаған ортадан тек жақсылық іздеймін, ойым мен 

ниетімді жақсылыққа бағыттаймын

-  дəл  бүгіннен  бастап  мен  өзімнің  денсаулығым  туралы  ойлана  бастаймын.  Дене  шы-

нықтыру жаттығуларын жасап, үсті-басыма күтім жасаймын

дəл бүгіннен бастапдұрыс тамақтанамын, өз денсаулығыма зиян келтірмеуге тырыса-

мын; 


дəл бүгіннен бастап мен өзімнің ой-өрісімді кеңейте бастаймын. Білімімді толықтыра-

мын. Миымды жаттықтырамын, ой қозғауға күш беретін кітаптар оқимын

дəл бүгіннен бастап мен өзімді-өзім жетілдіруді қолға аламын. Ол үшін мен үш нəрсе 

жасауым керек: мен бір адамға өзі білмейтіндей етіп пайдалы іс жасаймын; одан басқа жат-

тығу ретінде өзіме пайдалы екі іс жасаймын; 

-  дəл  бүгіннен  бастап  барлық  адамдарға  достық  ниетпен  қараймын.  Мүмкіндігінше, 

өзіме жарасатын киім киіп, адамдармен дауыс көтермей сөйлесем, ешкімді сынамауға, еш-

кімге жөнсіз тиіспеуге, ешкімді басынбауға тырысамын; 

дəл бүгіннен бастап бүгінгі күнмен өмір сүремін, өз өмірімдегі барлық проблемаларды 

бірден шешуім мүмкін еместігін есте сақтаймын

дəл бүгіннен бастап мен өз істерімді жоспарлап, əр күн сайын не істейтінімді жазып 

отырамын. Мен дəл осы жоспарым бойынша жазылғандарды жүзеге асыра алмауым мүмкін, 

бірақ мен оны жасап қоямын. Бұл маған екі жаман істен - асығыстық пен шешімсіздіктен 

арылуға мүмкіндік береді; 

дəл бүгіннен бастап мен жарты сағат жалғыздықта, тыныш жерде отырып тынығамын, 

ойларымды қалыпқа келтіруге тырысамын; 

дəл бүгіннен бастап мен бақытты болудан, əдемілікке сүйсінуден жəне сүйікті болудан 

қорықпаймын. Мен жақсы көретін адамдардың мені де жақсы көретініне сенетін боламын. 

  Егер сіз бен біз осы бағдарламаны бетке ұстансақ, өміріміз тынышталып, өзімізбен 

жəне  айналадағы  адамдармен  қарым-қатынасымыз  ізгілікке,  сүйіспеншілікке  құрылатыны 

сөзсіз(Джеймс Лейн Аллен).

  Оқушыларға осы мəтін бойынша мынадай тапсырмалар беріледі:

1. Мəтінге сөз саптау тəсілдері бойынша талдау жасаңыз.

2. Автордың ұсынысына қатысты пікіріңізді айтыңыз. Өз тəжірибеңізде мұндай тəсілді 

қолданып көрдіңіз бе?

3. Автордың бағдарламасы бойынша өз ойыңызбен үндесетін пікірлерді жазып алыңыз. 



274

Оны ары қарай жалғастырыңыз. Неге дəл осы бағдарларды таңдағаныңызды дəйектеп ай-

тыңыз. Жазғаныңызды ең ыңғайлы көрінетін жерге іліп қойыңыз да, күн сайын оқып жүріңіз. 

4.  Өзіңіздің  көңіліңіз  толған  істеріңізді  күнделігіңізге  жазып,  осы  тəсілдің  нəтижесін 

бақылаңыз. Қол жеткізген нəтижелерге сүйеніп, өз ойыңызды шағын мəтін етіп құраңыз.

  5. Досыңызға хат жазыңыз. Хатта мəтінге сүйеніп, уақытты тиімді пайдалану туралы 

өз ойыңызды жеткізіңіз. Хатыңызда сөз саптау тəсілінің қай түрін қолдандыңыз? Неге?

 Қорыта айтқанда, оқушыға сөз саптау тəсілін игерту оның өз ойын анық, нақты, дəл, 

дұрыс, сауатты жеткізуге ықпал етеді. Себебі сөз саптай білуге машықтану тек мұғалімнің 

үстірт  ескертуімен  жүзеге  аспайды.  Сондықтан  оқу  бағдарламалары  мен  оқулықтарда  бұл 

мəселені  теориялық  материал  ретінде  ұсыну  қажет.  Баланың  сөз  саптау  тəсілдері  туралы 

білімді теориялық тұрғыдан түсініп меңгеруі мен оған практикалық жағынан жүйелі түрде 

жаттығып отыруы маңызды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   202   203   204   205   206   207   208   209   ...   343




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет